Жамбыл облысында 22 тамызда төтенше жағдай жарияланды. Қырғызстанның Киров су қоймасынан келетін су бес есе азайып, тамыздың ортасына қарай мүлде тоқтады. Егістігі күйіп кеткен төрт жүзге жуық шаруа миллиардтаған теңге шығынға батты. Каналдар кеуіп, ауылда мал ішетін су да қалмаған.
Қураған егіс, қуарған дала. Жамбыл облысының шаруалары шығынға батты