Мексика және АҚШ елдерінде жедел таралып бара жатқан жұқпалы індетке қарсы Қазақстанның мемлекеттік шекараларында іс-шараларды күшейту үшін бас санитарлық дәрігер Анатолий Белоног арнайы қаулы қабылданғанын айтты. Қаулыға сәйкес халықаралық әуежайларда, теміржол және автомобиль жолдарында шетелдерден келетін азаматтарды санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары күшейтіліпті.
- Қазіргі кезде Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Қарағанды қалаларының әуежайында сырқаттарды қашықтықтан анықтауға болатын тепловизор жұмыс істеп тұр. Осындай жабықтарды басқа да өңірлерге сатып алу мәселесін шешуді көздеп отырмыз. Сонымен бірге аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханалары тәулік бойы жұмыс істеуде, -дейді Анатолий Белоног.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Мексика, АҚШ елдерінен осыған дейін Қазақстанға шошқа еті тасымалданып келіпті. Індет шыққанан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі сырттан шошқа етін әкелуге уақытша тыйым салып отыр екен. Ал әзірге бұл жұқпалы індетке қарсы вакцина ойлап табылмапты. Бірақ Қазақстанның қорында сақтаулы «Тамифлю» вакцинасының барлық індетке қарсы тұра алатын күші бар көрінеді.
- Қазір мұрағатта «Тамифлюдің» отыз мың данасы сақтаулы. Әрбір облыстарда жүз данадан бар. Сондықтан да әзірге доңыз тұмауының елде таралуына қауіп жоқ деп айта алам, - дейді Анатолий Белоног.
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәліметінше, Мексика және АҚШ аумағында аталмыш аурудың мың жарымнан аса жағдайы тіркеліпті. Олардың 7 пайызы көз жұмған. Індет адамдардың және шошқалардың сырқаттануының мутантынан пайда болған H1N1 түрі ретінде сипатталады. Аурудың алғашқы белгілері әдеттегі маусымдық тұмаудан еш айырмашылығы жоқ екен. Алдымен бас ауырып, дене қызуы көтеріліп, асқа тәбеті болмай, құсады екен.
Ал өз кезегінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де демалу маусымының жақындап қалғанын, осы тұста қазақстандықтарға аурудың ошағы тұтанып тұрған Мексика еліне баруда сақ болуларын сұрады.
- Қазақстандықтардың Мексикаға сапары Мәскеудегі Мексика елшілігі арқылы жүргізіледі. Алдын ала біз сұраған мәліметтерге сәйкес, ол елге аттанған адамдардың саны көп емес. Бірақ алдағы уақытта Мексикаға барам деген азаматтарға сапар шекпес алдында қатты ойлануларын сұраймыз, -деді сырткы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықпаев.
Осыған дейін сан мыңдаған адамның өмірін жалмап кеткен құс тұмауынан кейін доңыз тұмауының пайда болғанына байланысты Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног дәрігерлер үшін XXI ғасыр жұқпалы індет ғасыры ретінде аталынатынын, сондықтан да осы ғасырда адам өміріне өте қауіпті түрлі аурудардың көбейетінін еске салды.