Қарағанды облысында бір топ әйел колония қақпасын күзетіп жүр. Талап – колониядағы жақындарымен кездестіріп, олардың аман-сау екенін көрсету. Колония басшылығы бұл талапты әзірге орындаған жоқ.
Абай ауданы Қараған елді мекенінде сотталушылардың бірінің туысы Елена Ивановна күйеуін көрмей АК 159/5 колониясының маңынан бір аттап қадам баспайтынын айтты. Колонияға ішкі әскер енгізіліп, ондағы сотталушыларды ұрып-соққаны туралы сыбыс пайда болғалы бері ол күйеуінің жағдайына алаңдаулы.
– Бізге екі минут болса да кездесу берсін. Күйеуімнің аман-сау екеніне көз жеткізгім келеді. Осында шамамен бес отбасы өкілі бір-бірін алмастырып түнеп жатырмыз. Қолда бармен қоректенеміз. Түн суық болғандықтан колониядағы қоқыс маңына төгілген күйеулеріміздің жылы киімдерін, курткаларын жамылып жүрміз. Бізде түнейтін көлік те жоқ. Күтетін бөлмеге кіргізбейді, – дейді Елена Ивановна сәрсенбі күні Азаттық тілшісіне.
КҮДІК ПЕН САУАЛ
Оның айтуынша, жергілікті прокуратура өткен сенбіде кездесу беруге уәде етіпті. Бірақ уәдесі әлі орындалмаған.
– Егер жақындарымыз соққыға жығылмаған болса, оларды неліктен көрсетуден қашқақтайды? Кездесу бөлмесінде қыркүйектің 25-іне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп хабарландыру іліп қойыпты. Оны жақында ғана жөндеген болатын, – дейді Елена Ивановна.
Колония алдында тұрған әйелдердің бірі бүгін колонияның маңындағы қоқыстарға барып, онда «тіпті заң бойынша тыйым салынбаған заттар көргенін» айтты.
– Онда Құран да, Библия да болды. Бұл заң бойынша қолдануға рұқсат етілген кітаптар ғой. Сол сияқты түрлі түсті емес, қара түстегі жылы жемпірлер мен курткалар да болды. Қазір ауа-райы салқындап келе жатыр. Оларды осындай суықта киімсіз қалдырған. Қан жағылған көрпе, жыртылған жейделер, әйелдер мен балалардың суреттері, сот үкімін де көрдік, – деді есімін айтпаған әйел.
Сәрсенбі күні колонияға барған Қарағанды тұрғыны Елена Морозова да онда «ешкімнің ештеңе түсіндірмей отырғанын» айтады.
– Онда нақты үш адамның көз жұмғаны рас. Оннан астам адам ауруханаға жатқызылған деп естідік, – дейді Елена Морозова.
Сәрсенбі күні колонияға хабарласқанымызбен жауап ала алмадық. Ал Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Наталья Горинаға хабарласқанымызда: «Бұл жайында сіздерге апта басында ресми түсініктеме бергем. Одан бері жағдай өзгерген жоқ» деп телефон тұтқасын қоя салды. Қайта соққанымызда телефонын көтермеді.
Колониядағы «азаптаулар» туралы ақпарат өткен аптаның аяғында пайда болған еді. Сотталушылардың туыстарының айтуынша, тамыздың 30-нан 31-не қараған түні колонияға ішкі әскер солдаттары енгізіліп, сотталушыларды ұрып-соға бастаған. Соның салдарынан бірнеше адам көз жұмып, ондаған адам жарақат алған. Наразы болған сотталушылар өз-өздеріне қол жұмсаған.
– Мұнда кездесуде отырған адамдар оларды өлгенше ұрып-соққанын, овчарка иттердің дыбысын естіген. Музыканы қосып қойып, ойларына келгенін істеген. Қоқысты шығарған адам, қазір сұрасаң айтпайтын шығар, бірақ сол кезде плацтың тұтастай қан екенін айтты, – дейді Елена Ивановна.
РЕСМИ НҰСҚА
Ресми дерек бойынша, соңғы бір жарым апта көлемінде колонияда екі адам көз жұмған. Бірақ ресми орындар бұл екі сотталушының да науқастанып қайтыс болғанын, «түрмедегі бүлікке» қатысы жоғын айтады. Бұдан бөлек, бір адам қарнын тіліп, ауруханаға түскен.
Түрмеде «бүлік» болғанын ресми органдар мойындайды. Осы апта басында Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Наталья Горина:
– Тамыздың 31-і күні тәртіп бұзғандар отыратын айып абақтысында бір топ сотталушы өзгелерді ережеге бағынбауға шақырып, агрессивті қылықтар көрсетті. Түрме қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартты. Оларға денсаулықтарына зиян келмейтіндей шаралар қолданылды, – деп айтты.
Ал адам құқығын қорғау бюросы осы аптада Қазақстанның қысымға қарсы халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттерін есіне сала келе құқық қорғау органдарынан бұл мәселеге орай түсініктеме беруді талап етті.
«Егер фактілер (сотталушылардың туыстарының сөздері –ред.) расталмаса, онда бұл ақпараттарды көпке жария түрде жоққа шығару керек. Ал егер расталса, онда мұқият зерттеу жүргізуге атсалысуға шақырамыз» делінген адам құқығы қорғау бюросының сайтында.

Бір топ сотталушы агрессивті қылықтар көрсетті. Түрме қызметкерлерінің заңды талабын орындамады. Оларға денсаулықтарына зиян келмейтіндей шаралар қолданылды.