ҚАШҚЫН БАНКИР МЕН БТА БАНКІНІҢ ҚАРЫЗЫ
2003 -2008 жылдар аралығында Credit Suisse, Morgan Stanley, Royal Bank of Scotland, ING тәрізді және басқа да ірі банктер Қазақстанның ең ірі банкі БТА – ға 10 миллиард доллардан астам несие бөлген болатын. Ол кезеңде Орталық Азиядағы бұл алып ел өзінің бай мұнай қоры мен табиғи газ кеніштерін игеру арқасында экономикасын қарқынды дамытып жатқан болатын деп жазады «Нью-Йорк таймс».
Бұл несиенің көбі қазір «қайырсыз қарызға» айналды. Шетелдік көп банктер кезінде БТА – ға несиеге берген активтерінің 80 пайыздайын шығынға шығаруға мәжбүр болуда. Аталған мәселе ресми тергеу ісін бастауға түрткі болды. Бұл тергеу ол несиелердің осыншама тез арада БТА – ның «қайырсыз қарызына» неге айналып кеткеніне жауап беруі тиіс дейді жылдың басында мемлекет иелігіне алынған БТА банкінің бүгінгі басшылары.
Кеңінен танымал болғандықтан, БТА ТМД аумағындағы ең ірі банкке айналудан үміттеніп, басқа да мемлекеттерге несие беру белсенділігін арттырып еді. Ол Ресей мен Украинадағы жылжымайтын мүлік саласындағы үлкен жобаларға миллиардтаған доллар қаржы бөлді. Сонымен қатар банк оффшорлық компанияларға да олардың бұлыңғырлау бизнес-жоспарларына несие таратып келген. Аталған компанияларда ешқандай несие тарихы әрі коммерциялық белсенділігі туралы тіркелген жазба деректер болмаған деп мәлімдейді аты- жөнін атамауды қалаған БТА банкінің қазіргі басшылары деп жазады газет.
Банктің қазіргі заңгерлері мен Қазақстан прокурорлары осындай іс - әрекет нәтижесінде, БТА – ның 8-12 миллиард доллар болатын жалпы қарызының жартысы дерлігі Әблязовтың қарамағындағы компанияларды қаржыландыруға кеткендігін айтып отырғандығын жазады басылым.
Мұхтар Әблязов болса мұндай айыптауларды теріске шығаруда. Оның айтуынша, БТА несиелерді талап етілетін тәртіпті қатаң сақтау мен барлық қалған қаржы ісінің принциптері мен қабылданған ережені мүлтіксіз орындау нәтижесінде ғана бөліп отырған. Әблязов бұл істің саяси астары барын, өйткені өзінің Қазақстан үкіметінің іс - әрекетін сынаушының бірі болғандығын тілге тиек етеді.
Газеттің жазуынша, Әблязов бұрыннан Қазақстанның өктемшіл президентінің саясаттағы қарсыласы. Әрі биылғы жылдың ақпан айында БТА – ны үкімет өз иелігіне алардың алдында ғана жазалау шараларынан сақтанып, Лондонға кетіп қалған болатын.
ӘБЛЯЗОВ ӨКПЕСІН ҰМЫТПАПТЫ
Қазіргі несиені қайтара алмау мәселесі, тіпті ақылды да тәжірибелі дейтін халықаралық банкирлердің де қателікті қайталауға бейім тұратынын көрсетті деп жазады «Нью-Йорк таймс». Өткен онжылдықтарда халықаралық банктер Мексика мен Аргентинаның, кейін Таиланд пен Ресейдің тез дамушы нарығына жаппай қарыз таратқан еді. Кейіннен ол банкілердің бәрінің несиеге берген ақшаларынан айырылғаны белгілі болды.
«Капитал нарығында есте сақтау деген қабілет жоқ, - деп түсінік береді аталған ахуалға Лондон бизнес мектебінің профессоры Ричард Портес. – Банкирлер несиені алатын маржасының деңгейі жеткілікті мөлшерде жоғары болатындай етіп береді. Олар осы арқылы несиенің бір бөлігі қайтпай қалған күннің өзінде, орташа есеппен алғанда, бұл операциялардан пайда табуды көздейді».
Қазір шетел банкирлері айырылып отырған қаражат сомасының көлемін қалайда азайту үшін БТА банкпен күрделі келіссөздер жүргізіп жатыр. Ол келіссөз нәтижесінде банк қарызының жалпы көлемі қайта құрылымдалуы тиіс. Шетел банкирлері несиені бөлер алдында қаржы сенімді жолмен инвестицияланып, қайта қайтуы үшін барлық қажетті шараны орындағанын айтады. Әйтсе де, олардың бірде - бірі өзінің БТА банкімен әрі оның тұлғасы қарама-қайшылыққа толы бұрынғы төрағасымен қарым – қатынасын жұртшылық көзінше сөз етуден тартынған болар еді деп жазады басылым.
Газет орта бойлы, қайратты, 46 жасар Мұхтар Әблязов Литвадан автомобиль импорттау арқылы бастапқы капиталын жиып алған болатын деп жазады. Оның айтуынша, БТА – да өзінің жұмыс істеген кезінде берілген банк қарыздары заңды негізде бөлінген.
Әблязовтың сөзіне қарағанда, ол БТА – дан кеткен соң, банкке 9 миллиард доллар қаржыны қайтару талабының қойылуы, сонымен қатар, үкіметтің банкті өз иелігіне алуы - банкті тартып алмақшы болған Назарбаевтың құйтырқы іс - әрекетінің соңғы сатысы.
«Біз табысты әрі ашық банк болдық, 2007 жылы балансымызда 538 миллион доллар түсім болды»,- деп түсіндіреді Әблязов өзінің Лондонда «Нью-Йорк таймс» тілшісіне берген сұхбатында. Ол өзіне халықаралық банктердің мықты қолдау көрсетуі -БТА – ны HSBC тәрізді дүниежүзілік банкке айналдыру жоспарының дұрыс болғандығының айғағы дейді.
Десе де, БТА – ның қазіргі басшылығы Мұхтар Әбләзовты өткен жылы банктің 295 миллион доллар қаржысын жымқырды деп айыптап, Британия сотына азаматтық талап-арыз түсірген. Биылғы қараша айында сот бұл айыптаудың салмақтылығын есепке ала отырып, Әблязовтың активтерін тұтқындау жөніндегі шешімге келді деп атап көрсетеді газет.
БТА-ны өзі басқарып тұрса, банк қарыздарын қайтарған болар еді дейді Әбләзов. Ол сондай-ақ банктің мойнына соншама көп қарыздың артылуы БТА – ны тартып алуға ұмтылған әрі өзінің саясаттағы қарсыластарының беделін түсіруді көздеген Назарбаевтың айла-шарғысы болатын дейді.
БТА – ның қазіргі басшысының орынбасары әрі Әблязовтың іс - әрекетін тексеру үшін банктің ішінде құрылған комитеттің төрағасы Николай Варенко бұл айтылғанмен келіспейді. Варенконың айтуынша, банк Әблязовтың жеке жобаларын қаржыландыру үшін құрылған инвестициялық қорға ұқсап кеткен деп атап көрсетеді «Нью-Йорк таймс».
ОППОЗИЦИЯ ҚАТАРЫ НЫҒАЙЫП, САЛИҚАЛЫ БОЛЫП КЕЛЕ МЕ?
Әблязовтың жаулары болуы мүмкін, алайда оның ержүректігі дау тудырмайды деп жазады басылым. 2001 жылы ол бірқатар басқа кәсіпкерлермен бірге реформа жүргізуді мақсат тұтқан «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын құрған болатын. Бұл Назарбаевқа қарсы тұра білген бірінші оппозициялық партия еді.
Бір жыл өте салысымен, Әблязов KEGOC ұлттық электр компаниясының басшысы болып тұрған кезде заң бұзды деп айыпталып, 6 жылға сотталып кетті.
Мұхтар Әблязов ол айыптаудың саяси астармен тағылғандығын тілге тиек етеді. Ол бір жылдан астам уақыт Қазақстанда түрмеде отырды. Оның сөзіне қарағанда, түрмеде ол көптеген ұрып соғу мен басқа да жәбірлеулерді басынан кешірген. Мұхтар Әблязов 2003 жылы түрмеден босатылды, ал 2005 жылы БТА – банкті толық бақылауына алды.
Газеттің мәліметтеріне қарағанда, Әблязов Лондондағы Bishops Avenue көшесінде аумағы15 мың шаршы фут болатын кең сарайдай үйді жалдап тұрып жатыр. Бұл Лондонның ең бір элиталық ықшамауданы және Әблязовтың тыныштығын күні-түні қауіпсіздік қызметі бақылайды. Лондонда қоныс тепкен басқа олигархтардан айырмашылығы - Әблязов мұнда көп көзге түспеуге тырысады.
Ол өзінің ендігі басты мақсаты – Нұрсұлтан Назарбаевты тақтан тайдыру екенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, өзі Британия сотындағы тергеу батпағында жылдар бойы тұралап қалса да, түптің түбінде жаңағы аталған мақсатына жетпей қоймауға бел буған.
«Мен мұнда уақытша тұрып жатырмын. Түбінде мен Қазақстанға ораламын» деген Әблязовтың сөзін келтіреді «Нью-Йорк таймс».