Алматылық 17 жастағы Әсияны (өтініші бойынша есімі өзгертілді – ред.) Азаттық тілшісі Алматы қаласының жеке медицина орталықтарының бірінен кездестірді. Орта бойлы, талдырмаш қыз ғимараттың сыртындағы скамейкада өңі бұзылған қалпы отыр екен. Тілшімен сөйлесе келе ол өзінің «жаңа ғана жасанды түсік жасатып шыққанын» айтты. Әсия Азаттық тілшісіне басындағы жағдайды әңгімелеп беруге келісті, бірақ суретке түсуден бас тартты.
- Екі сағат дегенде наркоздан әрең есімді жидым. Таңертең 9-да келгем, қазір 12-ден кетті. Дәрігерлер «жассың, тез қалпыңа келесің» деп еді, әлі басым айналып тұр, үйге де тез кету керек, сабақтың уақыты бітті, - деді бойжеткен.
11-ші сыныпта оқитын жас қыз жасы үлкен жігіттен абайсызда бала көтеріп қалған, сондықтан аборт жасатудан басқа амал таппаған.
- Жігітім «бала көтеруге әлі ерте, өміріміз алда ғой» деп отыр. Мен де ойлана келе дәл қазір баланың қажеті жоқ деп шештім. Үйдегілер білмейді, білсе – өлтіреді ғой, оқуымды да бітіріген жоқпын,- деді Әсия.
«ЗАРДАБЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАНСЫН ДЕДІМ»
Қазақстанда кәмелетке толмай жүкті болу және аборт жасату сияқты мәселелердің жастар арасында, әсіресе, әлеуметтік желілерде қызу талқыланатыны байқалады.
Блогер, иллюстратор Аңсаған Мұстафа жас қыздардың ерте жүкті болуы – алаңдарлық мәселелердің бірі дейді. Оның осы мәселеге қатысты салған «Мамам мені өлтіретін шығар» атты суреті әлеуметтік желілерде көп қаралып, көп талқыланған постардың бірі болды.
- Өзім әдемі, жас қазақ қыздарын жақсы көрем. Көбісі аңқау, алданып қалып жатады. Сурет салған себебім – кішкене ойлансын, тек қыздар емес, жігіттер де бей-берекет қарым-қатынас жасай бермесін деген ойды жеткізу еді. Жас қыздардың организміне аборт жасатудың зардабы өте қатты тиеді. Кейбірі артынан бала таба алмай жүреді. Моральдық-психологиялық жағын алмағанда, - дейді блогер Азаттыққа.
«ЖАС ҚЫЗДЫҢ БАСТЫ ЖАУЫ - САУАТСЫЗДЫҚ»
БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) мәліметінше, күн сайын әлемдегі дамушы елдердің кәмелетке толмаған 20 мың жасөспірімі босанып жатады. Бір жылда бұл көрсеткіш 7,3 миллионға жетеді, оның 2 миллионы – 15 жасқа толмаған қыздар.
Ал Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20 мыңы жүкті болып, оның тең жартысы – 10 мыңға жуығы жасанды түсік жасатады. ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі Райымбек Сисемалиев қазақстандық жастардың 10 пайызға жуығы 14 жасқа дейін, ал 50 пайызға жуығы 19 жасқа дейін жыныстық қатынас жасап үлгеретінін айтады.
- Мұндай статистика жыныстық қатынас пен жасөспірімнің ерте жүктілігі, аборт және оның зияны туралы мектептен бастап үйретуді талап етеді. Біз, жастардың болашағының – білім алуы, адам болып қалыптасуы мен денсаулығына зиян келтіретін факторлардың алдын алуымыз қажет. Ал ерте жастағы жүктілік пен аборт дәл осындай зиянды фактор, - дейді ол.
Жасөспірімдердің тек қауіпсіз жыныстық қатынас жасау шарттарын сақтамағандықтан жүкті болып жатқан жоқ. Бұл құбылыстың және бір себебі – мыңдаған жас қыз кәмелетке толмаған күйі ұзатылып та жатыр. Президент жанынан құрылған отбасы-демография саясаты әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Әсия Хайруллинаның дерегіне сәйкес Қазақстанда орта есеппен жылына 18 жасқа толмағандардың 3000 некесі қиылады.
- Бұл – бірнеше проблеманың бастауы. Біріншіден, денсаулық, жасөспірім қыздар бала туса, денсаулығына өте зор нұқсан келеді. Бізде қазір дінге бет бұрып, ерте жаста некесін қия салып жатқандар да аз емес. Екіншіден, жүкті болған жасөспірім білім ала алмай, кейін жұмыссыз да қалып жатады. Сондықтан әрбір ата-ана қызының денсаулығы мен оның болашағына жауапты болу керек, - дейді ол.
Әсия Хайруллина аяғы ауыр болып қалған жас қыздың жақын туыстары оның «алғашқы жауына» айналады деп ойлайды.
- Себебі біздің менталитет көп жағдайда үйде отырып, жүкті болған қызды сынға алып, шеттетеді. Сондықтан көп жасөспірімдер не айтпай аборт жасатады, не үйден кетіп қалып, бала туып, оны тастап кетіп жатады. Бір ғана Алматыда тастанды балалардың 29 пайызының анасы 18-ге толмаған қыздар. Егер қыздарын осындай сергелдеңге салғысы келмесе, ата-ана өз баласының осы саладағы сауатын арттырғаны абзал, - дейді маман.

Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20 мыңы жүкті болып, оның тең жартысы – 10 мыңға жуығы жасанды түсік жасатады.