Маңғыстау облыстық соты жаңаөзендік сотталғандардың апелляциялық шағымын өзгертпеу туралы шешімін жария етті. Сотталушы Роза Төлетаеваның ғана жазасы екі жылға қысқарды.
Сотталушылардың бірі Марат Қосбармақовтың әйелі Айнұр Төлепованың хабарлауынша, олардың арасынан тек Роза Төлетаеваға кесілген жыл көлемі екі жылға шегеріліп, оның 5 жылға бас бостандығынан айырлатынын хабарлаған.
Бұдан бөлек тамыздың 6-сы күні өткен сотқа қатысушылар Азаттық тілшісіне Жанат Қонысбаева мен азаматтық талапкер «Арсенал С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілінің материалдық шығынын өндіру туралы талап арыздары да қанағаттандырылмағанын айтты.
- Судья Мақсат Бейсембаев Роза Төлетаеваның апелляциялық арзының ішінара қанағаттандырылатынын мәлімдеп, оның 7 жылдық үкімін екі жылға кемітті. Қалған сотталушылардың арызы өзгеріссіз қалды, - деді Айнұр Төлепова.
Оның айтуынша сотқа жиналған халық наразы кейіпте тарқаған. Сотталушының отбасы мүшесі айтқан сөзді растаған саясаткер Жәнібек Қожық та соттың бірнеше күнге созылғанына елдің іші жылып, үміттеніп қалғанын жеткізді. Тіпті дені шартты жаза кесілер деп күткен.
- Әрине, сотталушылардың адвокаттары да, отбасылары да келесі сот сатыларына арызданатындарын айтып отыр. Бірақ ақыры өзгерілмейтін шешімді несіне бірнеше күнге созды? Бұл адамдарға үлкен қолаймсыздық тудырды. Олар үш мәрте 160 шақырымнан келіп-кетуге мәжбүр болды, - деді Жәнібек Қожық Азаттық тілшісіне. – Сондағы күткендері соттың 10 минутқа жетер-жетпес оқыған шешімі болды.
2011 жылғы желтоқсан айындағы Жаңаөзендегі қанды қақтығысқа байланысты «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен Ақтау қалалық соты маусымның 4-і күні мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева бастаған 13 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырған еді.