Accessibility links

Рахымжан Махатов жерленген күні үйдің үстін айналып тікұшақ ұшып жүрді


Рахымжан Махатовты жерлеу сәтінен көрініс. Сол жақта ер адамдар марқұмның сүйегі оралған кілемшені көтеріп барады. Ақтөбе, 20 мамыр 2011 жыл.
Рахымжан Махатовты жерлеу сәтінен көрініс. Сол жақта ер адамдар марқұмның сүйегі оралған кілемшені көтеріп барады. Ақтөбе, 20 мамыр 2011 жыл.

Ақтөбедегі мұсылмандардың бейресми шағын тобының мүшесі болған Рахымжан Махатовтың сүйегі мамырдың 20-сы күні жерленді. Ол мамырдың 17-сінде Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратында бомба жарып, өзін-өзі мерт қылған еді.


Жұма күні таңертең Ақтөбенің Оңтүстік-батыс шағын ауданындағы Рахымжан Махатовтың үйінің ауласына ондаған адам жиналды. Ер адамдар үй ауласында қонағасы дайындауға от жағып жатты. Сырттан келген таныс, туыстары қаралы үйге кіріп, көңіл айтып шығып жатты. Осы маңды төңіректеп ұшып жүрген тікұшақ гүріліне үйдегі әйел адамның дауыс салып жылағаны қосылып тұрды. Махатовтардың көршілерінің біразы марқұмды
Рахымжан Махатовтың студент шағында түскен суреті.

жерлеуге барар-бармасын талқылап, бір шешімге келе алмай тұрды. Мұнда келген санаулы журналисті үй ауласына кіргізбей қойды, қаралы шараны бейнекамераға түсірмеуді сұрады.

Бір жас жігіт Рахымжан Махатовтың ісін айыптап, қарт анасын марқұмның үйіне бармауға көндіруге тырысып бақты. Алайда шешесі біраз ойланып тұрды да, көршілеріне қосылып, сүйек шығаратын үйге беттеді.

Енді бір көрші әйел «осыдан 14 жыл бұрын Оңтүстік-батыс ықшам ауданында аз ғана үй болғанын, өздері мен Махатовтар отбасы сол кезден бері осында тұрып жатқанын» айтып берді. Ол дәл Жеңіс мейрамы - 9 мамыр күні Рахымжан Махатовтың есік алдынан өтіп бара жатып, кенет тоқтай қалып: «Апай, есіңізде ме, бұл жерде бұрын үш-ақ үй бар еді ғой, тек біз ғана тұратынбыз» дегенін есіне алды.

– Сірә, Рахымжан кездейсоқ айтқан жоқ сол сөзді. Бір нәрсенің боларын сезген сияқты. Өте жақсы адам болатын. Неліктен бұлай болды? Ол мұнай
Аулада ер адамдар Рахымжанның жаназасына ас дайындауға от жағып жатыр. Ақтөбе, 20 мамыр 2011 жыл.

компаниясында жұмыс істеді. Соңғы кездері бір фирмаға күзетші болып орналасты. Әйелінің айтуынша, ол жерден алатыны көп емес, бар болғаны 25 мың теңге екен, – дейді көрші әйел.

Екі қабатты үйдің кішігірім ауласында жаназаға жиналғандардың көбі - егде адамдар. Молда құран бағыштап болғаннан кейін екі ер адам шағын кілемге оралған Рахымжан Махатовтың денесін ауладан алып шықты да, дедектей басып, сыртта тұрған жүк көлігіне қарай ала жөнелді. Оларға асығыс-үсігіс өзге ер адамдар да қосылды. Жүк көлігі зират жақты бетке алып тез қозғалып жүріп кетті. Рахымжан Махатовты қай зиратқа жерледі, Ақтөбенің маңы ма, жоқ па - ол жағы әзір нақты белгісіз.

Салт бойынша, марқұмды жерлеуге тек ерлер ғана барды, әйелдер жылап-сықтап үйде қалды.

Көршілерінің айтуынша, Рахымжан Махатовтың мүрдесін үйіне бейсенбі, мамырдың 19-ы күні кешке әкелген. Рахымжан Махатов мамырдың 17-сі күні
Рахымжан Махатовты жерлейтін күні үй төбесін айналып тікұшақ ұшып жүрді. Ақтөбе, 20 мамыр 2011 жыл.

Қазақстанда тұңғыш рет жанкештілік бомба жарылысын жасап, өзін-өзі мерт қылды, үш адамды жаралады. Билік орындары Рахымжан Махатов қылмыстық топқа қатысқаны үшін жауапкершіліктен жалтарып осындай қадамға барды деп түсіндірді.

Журналистер 25 жасында өзін-өзі жарып жіберген Рахымжан Махатовтың шын бейнесін анықтау үшін ақпаратты тірнектеп жинауға мәжбүр болды. Оның бұдан бірнеше жыл бұрын болашақ жарының ықпалымен дінге бет бұрып, әсіре діншіл ұстанымдағы шағын мұсылман қауымына қосылғаны мәлім болды. Аралары бір жас үш қызы бар, кенжелері әлі бірге де толмаған. Әйелі Мейрамгүл қазір қамауда отыр.

Көршілері жас отбасының үлкен үйде ата-аналарымен бірге тұрып келгенін айтады. Рахымжанның әкесі – зейнеткер, отставкадағы полиция полковнигі, анасы – дәрігер, бір інісі бар.
XS
SM
MD
LG