Алайда бөлімше меңгерушісі Бауыржан Оразәлиев «Бұл – қалыпты жағдай» дейді. 45 орынның шартты емес екенін айтқан меңгеруші науқас көбейген жағдайда қосымша төсектер қоятындарын айтады.
«БІЗДЕ БӘРІ ЖАҚСЫ, ТЕК...»
1982 жылы советтік архитектура үлгісімен салынған аурухана ғимаратының іші тым жадағай көрінеді. Ғимараттың сыртқы терезелері ауыстырылғанымен, іші Совет одағы дәуірін еске салады. Ескі есік-терезелері сол қалпында тұр.
– Бізде бәрі жақсы, тек Еуропада өндірілген әртүрлі вирустарға арналған соңғы үлгідегі дәрі-дәрмектер мен инструментальдық және
Бөлімше меңгерушісі Бауыржан Оразәлиев. Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы. Алматы, 9 маусым 2011 жыл.
лабораториялық зерттеулердің тым кеш жеткізіледі. Соған қарамастан науқастарға ойдағыдай көмек көрсетіп жатырмыз, – дейді бөлімше меңгерушісі.
Ал осы ауруханада сәбиін емдетіп жатқан Бота есімді келіншек «Науқастар өте көп. Жаңа келген пациенттерді қабылдайтын арнайы орын жоқ болғандықтан алғашқы күні дәлізге жатуға тура келеді» дейді.
Расында да орын жетіспеген науқастар дәлізде жатыр екен. Аурухананың төсек қоюға болатын жерлерінің бәріне науқастарды жатқызғанын аңғардық. Үш кісілік бөлмелерде алты науқасқа дейін сыйғызыпты. Мейірбикелердің еркін кіріп-шығуына мүмкіндік жоқ. Олар науқастарды дәлізде қарап, егіп, қан алады. Пациенттерге берілетін матрацтар мен сыртқы жамылғылар да дәлізде жинаулы тұр. Науқастарға берілетін тамақ та дәлізде таратылады екен.
Бөлімшенің науқастарға алғашқы көмек көрсету бөлмесі төрт қатар төсек қойылып, пациенттердің тұрақты жататын орнына айналып кеткен. Бірақ
Дәлізге жиналған матрацтар мен сыртқы жамылғылар. Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы. Алматы, 9 маусым 2011 жыл.
ол бөлмеде тұрмысқа қажетті керек-жарақтың ешқайсысы жоқ. Науқастар көрші палатаға немесе аурухана қызметкерлерінің бөлмесіне баруға мәжбүр.
«ЖАҒДАЙЫМЫЗ БҰДАН ДА ЖАҚСЫ БОЛАР ЕДІ»
– Өткен жексенбіде науқастар саны 70-тің үстіне шығып кетті. Коридорға сыймай қалды, – дейді бір ата-ана. Мұндағы жалпы жағдайдың онша жақсы емес екендігін айтқан ата-аналар өздерінің аты-жөндерін жасырып қалды. – Сіз кетесіз, біз осында қаламыз. Ертең баламызды дұрыс қарамай қоюы мүмкін, – дейді олар.
Бөлімшедегі науқас балалардың қамқоршы ата-аналарын еркек-әйеліне қарамай бір бөлмеге жатқызыпты. Олар киініп-шешінудің, киім ауыстырудың қиын екендігін де жасырмады.
– Дәрігерлерге қояр кінәміз не! Орын жоқ болған соң амалсыз осылай істеп отыр. Егер «төсек жоқ» деп қабылдамай қойса қайтер едік, – дейді
Науқас балалардың ата-аналары бір бөлмеде жатыр. Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы. Алматы, 9 маусым 2011 жыл.
науқас сәбилердің ата-аналарының бірі.
«Үкімет түрлі-түсті ғимарат сала бергенше, балаларға арнап үлкен бір аурухана салып берсе дұрыс еді ғой» десті науқас балаларымен бірге ауруханада жатқан ата-аналар. Олардың бұл армандарын бөлімше меңгерушісі Бауыржан Оразалиев те қолдап отыр.
– Жаңа үлгідегі ғимараттар салынса, жағдайымыз бұдан да жақсы болар еді, – дейді ол.
Пациенттердің тағы бір айтқаны – бөлімшедегі мейірбикелердің аздығы. Алайда меңгеруші Бауыржан Оразәлиев мұны жоққа шығарды.
– Менде заң бойынша көрсетілген 4 мейірбике, 1 аға мейірбике, 1 егуші мейірбике бар. Төрт мейірбикенің әрқайсысына 15 науқастан бөлініп берілген. Мәселен, 15 баланың 10-ының дене қызуы бір сағатта көтеріліп, үшеуі құсса, онда жалғыз мейірбике үлгере алмауы мүмкін. Бірақ аға мейірбике оған көмекке келеді, – дейді меңгеруші.