Accessibility links

Желтоқсан оқиғасын еске алғандар «ширек ғасырда жеке басқа табынуға қайта оралдық» дейді


Мәскеудің саясатына наразылық білдіріп Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.
Мәскеудің саясатына наразылық білдіріп Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.

Алғашқы кезде үміт болғанымен, Желтоқсан оқиғасынан кейінгі 25 жылда «осы елде шынайы бостандық, тәуелсіздік және тағы басқа жақсы институттар орнайды» деген арманның ақталмағанын айтады сарапшылар.


«Желтоқсан оқиғасы демократияның бір көрінісі болды. Жастардың жаппай алаңға шығуы халық рухының көтерілгенін байқатты. Бірақ тәуелсіздікті жариялағаннан кейінгі 20 жыл ішінде жағдай кері кетті» дейді Жоғарғы кеңестің бұрынғы депутаты Жасарал Қуанышәлин.

«НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ТАБЫНУ» ДӘУІРІ

– Өкінішке қарай, бұрын халықтың өз үнін айтуға мүмкіндігі, сөз бостандығы, сайлаудың аз да болса әділдігі, жалпы мемлекеттік
Саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 28 желтоқсан 2010 ж.
Саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 28 желтоқсан 2010 ж.
құрылымдардың бастапқы кезде халыққа шамалы жақындығы болған еді – осының барлығы кейін жойылып бітті. Өйткені, 1995 жылы Қазақстанның соңғы тәуелсіз парламентін күштеп жойғаннан кейін (мен өзім сол парламенттің депутаты болғанмын), Назарбаев өзінің жеке билік режимін орнату ісіне түпкілікті кірісті де соны жүзеге асырды, – деді Жасарал Қуанышәлин.

Оның пікірінше, алғашқы демократиялық парламенттен кейін, жалған сайлауларда құрылатын парламенттер пайда болды да, «Назарбаев өзінің жеке билік режимін орнатып, демократия да, сөз бостандығы да, сот ісінің тәуелсіздігі де, бүкіл еркіндік құндылықтары жойылды».

– Желтоқсан оқиғасының 25 жылдық қарсаңында мына жеке билік режимінің әбден шектен шығып, Назарбаевтың жеке басына табыну жағдайына жеткендігіне куә болып отырмыз, – дейді Жасарал Қуанышәлин.

«Қазіргі билік Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығын атап өтпейді, өйткені ол оқиға – Назарбаев билігіне қадалған шөңге» деп есептейді саясаткер. Оның ойынша, Желтоқсан оқиғасын мереке емес, қасіретті күн ретінде атап өту керек.

КІНӘЛІ 44 АДАМ

Желтоқсан оқиғасын тергеу үшін құрылған жоғарғы кеңес комиссиясының төрағасы болған Мұхтар Шахановтың айтуынша, комиссия көтеріліске қатысқандарды жаппай жазалауға, репрессиялауға
Ақын Мұхтар Шаханов. Алматы, 16 желтоқсан 2009 ж.
Ақын Мұхтар Шаханов. Алматы, 16 желтоқсан 2009 ж.
кінәлі 44 адамның аты-жөнін анықтады. Ол тізімге кірмей қалған ресми тұлғалар да болған. «Оларды қоссақ, онда барлығын түгел жауып тастайтын еді» деп мойындады Шаханов.

Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығы қарсаңында Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» деген 3 томдық кітап жазып бітіргенін, онда көптеген беймәлім деректер қамтылғанын, осы кітаптың тек бірінші томын ғана басып шығарғанын айтады.

Оның сөзіне қарағанда, комиссия Желтоқсан оқиғасында 168 адамның өлгенін анықтап, прокуратурға тапсырған. Бірақ прокуратура комиссия тапсырған одан басқа да мәселелердің біреуін де тексермей, сол бойы жауап тастаған көрінеді.

«ТУҒАН ХАЛҚЫНА ҚАРУ КӨТЕРМЕЙДІ»

Желтоқсан оқиғасын тергеу үшін кезінде жоғарғы кеңес депутаттарынан балама комиссия құрған Жасарал Қуанышәлиннің ойынша, қазіргі кезде де жастар алда-жалда наразылық шеруіне шыға қалса, билік оларға қарсы күш қолданудан, қантөгуден және жаппай жазаға тартудан тайынбайды.

Ол осы сөзіне дәлел ретінде Шаңырақ оқиғасын, Шаңырақ ісі бойынша сотталған 4 азаматты, құқық қорғаушы Евгений Жовтистің тағдырын,
1986 жылғы желтоқсан қозғалысына қатысқан композитор Хасен Қожахмет, 1 желтоқсан 2009 ж.
1986 жылғы желтоқсан қозғалысына қатысқан композитор Хасен Қожахмет, 1 желтоқсан 2009 ж.
Маңғыстауда бірнеше айдан бері ереуіл өткізіп жатқан мұнайшылардың қудалануын, тағы басқа да жайттарды айтты.

Ал Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сотталған, ең алғашқы «Желтоқсан» ұйымының құрылтайшысы әрі төрағасы Хасен Қожахмет Жасарал Қуанышәлиннің пікіріне – халықтың, оның ішінде жастардың билікке наразылық танытарына – күмәнмен қарайды.

– Сталиндік тоталитарлық заманда, тіпті, халықты аштан қырған 1931-32 жылдардың өзінде Қазақстанда жүздеген көтеріліс болды. Ал қазір халық сол Сталин дәуіріндегіден бетер қорқақ болып кетті. «Ол кезде елдің көбі оқымаған, қараңғы, надан болды» дейміз. Ал қазір оқыған халық қорқақ болып барады, – дейді Хасен Қожахмет.

Оның ойынша, халық наразылық танытса, Назарбаев бастаған билік 1986 жылғыдай күш қолдануға бара қоймайды.

– Ал күш қолдана қалса, онда армия да, құқық қорғау мекемелері де туған халқына қарсы қару көтермей, халық жағына өтеді, – деп сенеді Хасен Қожахмет.

Желтоқсан оқиғасының бағалануы, оған қазіргі биліктің көзқарасы Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде де сөз болды.

please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG