Қарашаның 20-сы күні Алматыда өткен «Инвест-бәйгеге» негізінен жас кәсіпкерлер қатысты. Олар өздерінің мүлде жаңа немесе жуырда ғана ашылған бизнес-жобаларын қаржыландыру мүмкіндігіне таласып, жарысқа түсті. Шараны ұйымдастырған Қазақстан жас кәсіпкерлері клубы мүшелерінің айтуынша, «Инвест-бәйгеге» әр түрлі қалалардан 240 өтініш түскенімен, олардың 20 шақтысы ғана инвесторлардың талқысына ұсынылды. Идея авторларына жобасын таныстыруға жеті минуттан берілді.
– Жобалар жарысын өткізу идеясы былтыр туған. Біз Қазақстандағы стартап жүйесін дамыту үшін пікірталастар мен білім беру алаңдарын ғана ашу жеткіліксіз екенін түсіндік. Капиталы бар адамдардың тың идеяларға –стартапқа қызығушылығын ояту қажет. Жарты жыл ішінде жобаларды келешекте дамытуға өз қалтасынан ақшасын салатын бірнеше жеке инвестор таптық, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Павел Коктышев.
ЖЕТІ МИНУТТЫҚ БИЗНЕС-ИДЕЯ
Конференцияда қызмет көрсету саласынан бастап жел қуатын кәдеге жарату туралы идеяларға дейін сан қырлы бағытты қамтыған бизнес-жобалар таныстырылды. «Инвест-бәйгеге» қатысушылардың жобаларын жүзеге асыруға сұраған сомасы да әр қилы болды. Мысалы, балаларға арналған ұлттық нақыштағы суреттер бейнеленген пазл шығару үшін біреулерге 1 миллиондай теңге қажет болса, енді біреулер зауыт ашу үшін 1 миллион доллар сұрады.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің технологияларды коммерциялау кеңсесі бірден үш жоба ұсынды. Бірі – цистанхе деген емдік өсімдікті өңдеу негізінде гигиеналық препарат, шай мен сығындылар шығаратын зауыт ашу жобасы.
– Мойынқұм шөлінде өсетін цистанхенің емдік қасиеттері женьшень тамырынан бес есе шипалы. Қазақстанда бұл өсімдік жайында ештеңе білмейді. Ал Қытай, Корея, Америкада оны кең пайдаланады. Алғаш рет цистанхе туралы осыдан 1800 жыл бұрын Қытайдың емдік өсімдіктер туралы трактаттарында жазылған. Бізде оны өңдеу технологиясы бар, патент те алып қойдық. Енді өсімдікті өңдеу өндірісін қолға алсақ дейміз. Сондықтан мына конкурсқа қатысуды ұйғардық. Жамбыл облысы әкімдігімен де келіссөз жүргізіп жатырмыз, – дейді жобаны таныстырған Әйгерім Сәрсенбаева.
Ал Айгүл Жансерікова «Инвест-бәйгеге» бұрыннан жұмыс істеп жатқан жобасымен қатысты. Ол – киіз бұйымдарын шығаратын Aigulline компаниясының директоры. Компанияда небәрі 10 адам жұмыс істейді. Оның айтуынша, ресурс жетіспегендіктен көп тапсырыстар орындалмай қалады. Енді цехты кеңейтіп, құрал-жабдықтар сатып алып, өндіріс көлемін ұлғайтқысы келеді.
– Менің компаниям 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Бірақ Қазақстанда киіз бұйымдарын шығаратын өндірісті жандандыру туралы бастаманы 2002 жылы көтергенмін. Басында хобби ретінде айналысқан ісім кейін қолөнер кәсібіне, бизнеске айналды. Жалпы, жобаларымды көп жерде таныстырып жүрмін. Бірақ бүгін – инвесторлардың алдына алғаш шығуым. Мені мұқият тыңдап, сұрақтар қойды, соңында қол шапалақтап қошемет білдірді. Киізді еліміздің брендіне айналдыру үшін киізден жасалған бұйымдарымыздың сапасы мен дизайнын халықаралық стандарттар талабына сай деңгейге жеткіздік. Бірақ қазір біздің бұйымдарға сұраныс көп болғандықтан, тапсырыстарды орындауға үлгермей жатырмыз, – дейді Айгүл Жансерікова.
Шара соңына қарай инвесторлар Тимур Ақтаевтың былғарымен қапталған блокнот шығару жобасын «Инвест-бәйге» жеңімпазы деп тануды ұйғарды. Бұл блокнотқа тұтынушының тілегі бойынша кез келген жазу жазып немесе сурет бедерлеуге болады. Ол бизнесін дамыту үшін 750 мың теңге көлемінде бастапқы инвестицияны, заңдық және технологиялық қызметті тегін көрсететін сертификат алды. Ол Азаттық тілшісіне «Маған керегі осы еді» дейді.
МӘРЕГЕ ТӨРТ ЖОБА ЖЕТТІ
Жарысты ұйымдастырушылардың бірі Дәурен Қайсаровтың айтуынша, мәреге арналып іріктелген жобаларды бағалауға 15 шақты инвестор келген.
– Осыдан жарты жыл бұрын жоба туралы ойластыра бастағанымызда «қазақстандық инвесторларды ғана шақырамыз» деп шешкенбіз. Шетел капиталы нарықта онсыз да көп, сондықтан өзіміздің жақсы идеяларымызды шетелдік компанияларға бергіміз келмеді. Сондықтан бүгін мұнда тек қазақстандық инвесторлар ғана қатысып отыр, – дейді Дәурен Қайсаров.
Мұндай инвесторлардың бірі – Centras Venture Capital компаниясынан келген Тобыл Жылқыбаев.
– Жалпы, мұндай бағыттағы шараны ұйымдастыруды жақсы бастама деп бағалаймын. Бізде халықтың бір бөлігінің кәсіпкерлікке, әсіресе инновациялық бағыттағы кәсіпкерлікке қызығушылық білдіруі – құптарлық іс. Бүгінгі шараға қатысқандардың көбінің кәсіби шеберлігі мен бизнес жүргізу тәжірибесі әлі де төмен, ұйымдастырушылар да әлі біраз жайттарды ескеруі тиіс. Бүгін сеніммен қаржыландыруға болады деген төрт жобаны іріктеп алдық, – дейді ол Азаттық тілшісіне.
«Инвест-бәйгеге» сарапшы ретінде шақырылған азаматтық белсенді Серікжан Мәмбеталин де бұл бастаманы қолдайды. Ол Facebook желісіндегі парақшасында «Дәурен Қайсаров пен Павел Коктышевтің командасы білдей бір министрліктен де көп шаруа тындырды. Ұсынылған 200-ден аса жобаның 20-сы финалға шықты. Қазірдің өзінде алғашқы инвесторлық мәмілелерге қол қойылып, кейбір жобаларға менторлар табылды. Өте қажет жоба, бизнес үшін тамаша әрі қажет идеялар. Мұның бәрі мемлекеттің қатысуынсыз ұйымдастырылды!» деп жазады.
Азаматтық белсенділер өткізген «Инвест-бәйге» конференциясы жас кәсіпкерлерге өз идеяларын сауатты «сатуды» және бизнес-жобаларын тиімді таныстыра білуге үйрену қажет екенін көрсетті. Конкурсқа ұсынылған 240 жобаның 20-сынан сәл көбі инвесторлардың талқысына түсті. Оның төртеуі ғана іріктеліп алынды. Яғни 60 жобаның ішінде біреуі ғана жеңді, конкурс талабы тым қатал болды.

Халықтың кәсіпкерлікке, әсіресе инновациялық бағыттағы кәсіпкерлікке қызығушылық білдіруі – құптарлық іс.Инвестор Тобыл Жылқыбаев.