Мамырдың 11-і күні Алматыдағы Алмалы аудандық соты 2012 жылы жеті жарым жылға сотталған оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекованың әуелгі сот шешімі бойынша тәркіленуі тиіс «жалғыз баспанасынан айырмау» туралы шағымын қанағаттандырмай тастады.
Владимир Козлов тұтқындалған кезде бұл пәтерге құқық қорғау органдары тәркіге салған. 2012 жылы Ақтау соты «әлеуметтік араздық тудырды» деген айыппен Владимир Козловты соттаған кезде оның мал-мүлкін, соның ішінде Алматыдағы пәтерін де тәркілеу туралы шешім шығарған еді. Ал Әлия Тұрысбекова бүгінге дейін жас баласымен өзі тұрып келген бұл пәтерді тәркілетпеу туралы шағымды шамамен жарты жыл бұрын сотқа түсірген.
«Бұған дейін болған бірнеше сот отырысына сот орындаушылары келмеген болатын. Кеше олар қатысты, сот отырысы небәрі 10-15 минутқа созылды. Судья кеңесу бөлмесіне кетіп, 20 минуттан соң қайта келіп «баспана кәмпескеленсін» деп сот шешімін оқып қайта шығып кетті» деді Әлия Тұрысбекова Азаттық тілшісіне.
Сот шешімі бойынша тәркіленуі тиіс пәтерде қазір Әлия Тұрысбекова мен оның бір жасқа толмаған ұлы тұрып жатыр. Әлия Тұрысбекова бұл пәтердің Козловтар отбасының «жалғыз баспанасы» болғандықтан егер сот шешімі күшіне енсе, «нәрестесімен бірге далада қалуы мүмкін» екенін айтады.
Әлия Тұрысбекованың адвокаты, заңгер Ольга Ким сот шешімі қолына тимегендіктен соттың баспананы не себепті жас нәрестелі отбасына қалдырмағанын түсіне алмағанын айтты.
Адвокаттың сөзінше, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 161-бабына сәйкес өте қажет заттарға соның ішінде баспана, пәтерге қамау салынбауы тиіс.
«Сотталушының отбасы мүшелері мен оның қамқорлығындағы адамдарға қажет жалғыз баспананы тәркілеуге болмайды және мұндай баспана тәркіленетін заттар тізімінен алынып тасталуы керек. Біз осыған байланысты соттан қамауды алып тастауды өтінген едік. Бірақ судья қанағаттандырған жоқ. Неге? Бес күннен кейін дайын болуы тиіс сот шешімінде бұл жайт түсіндірілуі тиіс. Сондықтан сот шешімінің қаншалықты заңды-заңсыз екенін айта алмаймын» дейді ол.
Азаттық тілшісі Алмалы аудандық сотына бірнеше мәрте хабарласқанымен соттан мәлімет алу мүмкін болмады.
Ал шағым беруші жақ сот шешімінің үстінен апелляциялық арыз түсіруге дайындық жасап жатқанын Азаттыққа мәлімдеді.