Accessibility links

Мүмкіндігі шектеулі жандар жүргізетін радио ашылды


Ілияс Фаткулин "Sector Х" радиосында "Тифложизнь" бағдарламасын жүргізеді.
Ілияс Фаткулин "Sector Х" радиосында "Тифложизнь" бағдарламасын жүргізеді.

Қазақстанда "Sector Х" атты ерекше интернет-радио дүниеге келді. Оның хабарларын мүмкіндігі шектеулі жандар жүргізеді. Орталық Азияда мұндай радио алғаш рет ашылып отыр.

- Ортада ешқандай кедергі болмағанын қалаймыз. Жүргізушілердің бәрі тегін жұмыс істеп жатыр, себебі ол мұны ортақ ісіміз деп біледі, - дейді әлеуметтік жобаны ұйымдастырған "Сенім" қоғамдық қорының директоры Сәуле Алпысова. - Болашақта Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен және жұмыспен қамту департаментімен келісім жасап, қыз-жігіттер ресми түрде жұмыс істейтіндей жағдайға қол жеткізу ойымыз бар.

Әзірге "Sector Х" радиосында 10 журналист жұмыс істеп жатыр, болашақта штат құрамын екі есе көбейту жоспарланған. Жұмысты бастамас бұрын қазақстандық танымал радио жүргізушілер мүмкіндігі шектеулі журналистермен жұмыс істеп, тәжірибелерімен бөлісті: оларға радиодан жаңалық оқу мәнерін, дикциямен жұмыс істеуді және ақпарат іздеу әдіс-тәсілдерін үйретті.

Ілияс Фаткулин.
Ілияс Фаткулин.

​Ілияс Фаткулин "Sector Х" радиосында "Тифложизнь" бағдарламасын жүргізеді, өзі тәрізді зағип жандардың өмірін жеңілдетуге тырысады. Ілияс радио ашылатыны туралы жаңалықты естігенде сүйікті ісін енді тапқанына күмәнданбағанын айтады.

- Бұл жаңалық мені қатты қызықтырды. Бұрын сабақ берген тәжірибем бар, бұл туралы ұзақ айта аламын, - дейді ол. - Бағдарламада заттарды қалай қолдану керектігі, құлап қалмау үшін не істеу керек, т.б. туралы айтамын.

Ғабдулла Түмебаев.
Ғабдулла Түмебаев.

Ғабдулла Түмебаев қазақ тілінде радиобағдарлама жүргізеді. Ол тыңдарманды жаңалықтармен таныстырып, қызықты адамдармен сұхбат өткізеді.

- Бұл жұмысқа қуана келістім, мүмкіндігі шектеулі адамдардың дамуына көмектескім келді, - дейді ол.

Ілияс бұрын Қазақстандағы "Шекарасыз спорт" атты танымал жобаға қатысқан. Ғабдулла досымен бірге қайырымдылықпен айналысады. Басқа жүргізушілер де қоғамдық өмірге белсене араласады.

"Sector Х" интернет-радиосы туралы видеосюжет (орысша):

"Sector Х" интернет-радиосы бағдарламаларының директоры Сәуле Бүркіттің айтуынша, радиостанция жүргізушілері өздерін өзгелерден кембіз деп сезінбейді:

- Олардың бәрі жоғары білімді адамдар. Барлық нәрсеге қызығушылық танытады, әлденені біліп, үйренсем, алдыға жылжысам дейді.

Жаңа интернет-радио әзірше контентті Алматыдағы IT университет студиясында жасап келеді, алдағы уақытта өз кеңселеріне көшпек.

("Настоящее время" бағдарламасының тілшісі Шолпан Оразбекованың материалынан орысшадан аударылды.)


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG