Қаңтардың 28-і күні Алматының Алмалы аудандық сотында «Аман-саулық» қоғамдық қорының ҰҚК-не қатысты шағымы қарала басталды. Процесс жабық өтіп жатыр.
- Себебі Мұратбек Кетебаев ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр екен. Тергеу құпиялары жария болмау мақсатында сот жабық өтуі тиіс көрінеді. Процеске екі тарап пен олардың адвокаттары ғана қатысады, - деді Азаттыққа қаңтардың 28-і күні «Аман-саулық» қорының жетекшісі Бақыт Түменова.
Қор соттан «өз кеңсесінде заңсыз тінту жасаған» ҰҚК қызметкерлерінің ісін «заңсыз» деп тану және тәркіленген мүліктерін қайтарып беруді сұрайды.
Дүйсенбі күні кешке процестен шыққан «Аман-саулық» қорының адвокаты Елена Савинованың сөзінше, сотқа қатысқан Алматы ҰҚК департаменті өкілі өздерінің «тек тапсырманы орындағанын» айтқан.
- Алматы ҰҚК департаменті қызметкерлері Маңғыстау облысы ҰҚК департаментінің жекелеген тапсырмасын орындағанын ғана айтты. Онда Мұратбек Кетебаевқа ("Алға" партиясы мен Козлов ісінің аясында тергеуге ілінген қоғамдық белсенді - ред.) қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында, Кетебаевқа тиесілі барлық мүлік тәркіленіп, тергеу амалдарын жүргізу тапсырылған. ҰҚК өкілінің сөзінше, алматылық тергеушілер бұл қызметін «тиісті деңгейде» орындап шыққан, - деді Азаттық тілшісіне адвокат.
Судья Гүлшахар Чинибекова екі жақ адвокаттарына, келесі сот отырысына Маңғыстау облысы ҰҚК департаментінің өкілінен жауап алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Келесі отырыс сәрсенбі, қаңтардың 30-ына белгіленді.
ТІНТУ
«Аман-саулық» қорының хабарлауынша, 2012 жылғы желтоқсанның 19-ы күні ұйымның Алматы қаласындағы кеңсесін қалалық ҰҚК тергеу басқармасының қызметкерлері тінтіп шыққан. Тінту кезінде қор қызметкерлері де, оның жетекшісі де болмаған. Бақыт Түменованың сөзінше, ҰҚК қызметкерлері кеңседен барлық техниканы (компьютерлер, диктофон, фото және бейнекамералар) және құжаттарды тәркілеп әкеткен.
- Бұл тергеу амалдары Мұратбек Кетебаевқа қарсы қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілген. Кетебаев біз жалға алған кеңсенің иесі, дегенмен біздің қор мен оның қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ қой? Онда неліктен біздің кеңсе заңсыз тінтіліп, біздің мүлкіміз тәркіленді? «Аман-саулық» тек кеңсені жалға алып отыр. Осы күнге дейін қор жетекшісі ретінде маған тінтудің қандай заңды негізде жасалғаны жайлы түсініктеме берілген емес, - деді Бақыт Түменова.
Оның сөзінше, 2013 жылғы қаңтардың 13-і күні жоғарыда аталған қылмыстық іспен айналысып жатқан Маңғыстау облыстық ҰҚК тергеу бөлімі бастығына ресми сауал жіберген. ҰҚК бөлімі «қазір электрондық техникаға мен ақпарат тарату құрылғыларына қатысты арнайы зерттеу жүріп жатыр» деп жауап берген. Түменова енді өз мүліктерінің тек осы зерттеу аяқталған соң ғана қайтарылатынын айтады.
Қазір кеңсе жабық тұр, қорда жұмыс істейтін оншақты қызметкер үйлерінде жұмыс істеуге мәжбүр.
Бұл мәселеге қатысты Бақыт Түменова Қазақстан ҰҚК-інің төрағасы Нұртай Әбіқаевақа ашық хат жазып, қызметкерлерінің ісіне қатысты «жауап беруді» сұраған болатын.
"Аман-саулық" қоры 2007 жылдан бері Қазақстандағы денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау саласында және қамау орындарында адам құқығын қорғаумен айналысып келе жатқан коммерциялық емес қоғамдық ұйым.