Accessibility links

Астанадағы айтыс: Ринат пен Аалы


Ринат Зайтов, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 ж.
Ринат Зайтов, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 ж.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайлас «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген тақырыппен ақындар айтысы өтті.

Бұл айтыстағы екінші жұп қазақтың айтыс ақыны Ринат Зайытов пен қырғыз ақыны Аалы Туткучев болды.

Қос ақын екі ел арасындағы кейбір тарихи оқиғаларды айтысқа арқау етті.

Ринат Зайытов Қазақстанның "жиырма жыл ішінде жеткен жетістіктерін" Қырғызстандағы саяси төңкерістермен салыстырды.

– Еңселі қала көтердім,
Есілдің мынау бойында.
Қарсы шығып патшама,
Жыққан жоқпын сойылға.
...Он үш-ақ жылда, көрдің бе,
Қырғыздың айтыскер ақыны Аалы Туткучев. Қырғызстан, 31 мамыр 2011 жыл.
Қырғыздың айтыскер ақыны Аалы Туткучев. Қырғызстан, 31 мамыр 2011 жыл.
Қандай Астана салдырдым.
«Шүкіршілік» деп айтам,
Шілігімді тал қылдым,
Тұғырымды тау қылдым.
Жоқ нәрсемді бар қылдым.
Қайтейін, қырғыз бауырым,
Сен бар нәрсеңді дал қылдың.
Ұрыны да хан қылдың,
Қараны да хан қылдың.
Ол аз болғандай соңында,
Әйелге тізгін алдырдың.
...Қырғыздың тең жартысы,
Базарында қазақтың,
Ас-киімін тауып жүр.
Біраз қызың біз жақта
Саудаға тәнін салып жүр.
Еркектерің ентігіп,
Құрылыста жанын бағып жүр, – деді Ринат Зайытов.

Аалы Туткучев қарсыласы бетіне мін етіп басқан саяси оқиғаларды керісінше мақтан тұтатынын айтты:

– Біз сондай қырғыздар
Еш заңыңа көнбеген,
Алатаудың қасқыры.
Ақиқатты айтып ерлікпен,
Жасаған бұл өзі,
Қырғыздардың дәстүрі.
Басшыдан қорықпайды қырғызым,
Қырғыздан қорқады бастығы.
Міне, осындай емес пе,
Егемен елімнің шаттығы.

please wait

No media source currently available

0:00 0:41:53 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG