Жүрсін Ерман 1951 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылында туған.
Ақын, журналист Жүрсін Ерманның есімі ақындар айтысын жаңғырту, оны теледидар мен радиода насихаттау арқылы халыққа танымал болды. 1984 жылдан бері оның ұйымдастыруымен өткізілген үлкенді-кішілі ақындар айтысының ұзын-саны жүзден асады.
Жүрсін Ерман құрастырған екі томдық «Қазіргі айтыстар» жинағы 2005 жылы Астанада жарық көрді. Айтыс туралы ондаған бейне-, аудиотаспалар мен дискілер шығарды.
«Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба...», «Құдіретке жүгіну», «Екі тізгін, бір шылбыр» және тағы басқа кітаптардың авторы.
Қазір Астанадағы президент мәдениет орталығы директорының кеңесшісі.