"Ұлттық халық санағы кезінде бюджеттің 700 миллион теңгеден астам қаржысын жымқыру" ісі бойынша ақпанның 10-ында өткен сотта Анар Мешімбаеваға сөз берілді. Ол шетелдік әріптестерінің қолдауына сүйене сөйледі. Оны қолдаушылардың арасында БҰҰ жанындағы Еуропалық экономикалық комиссияның статистика жөніндегі кеңесшісі де бар. Ол Мешімбаеваны босатуды сұрайды.
Анар Мешімбаева 2009 жылы жүргізілген ұлттық санақ кезінде статистика агенттігін басқарған. Ол «бюджет қаражатын жымқырудан» бөлек, «қызмет өкілеттігін асыра пайдаланып, мемлекетке 3 миллион теңгеден көп соманың зиянын келтірген» деп айыпталады.
БҰҰ жанындағы Еуропалық экономикалық комиссияның статистика жөніндегі кеңесшысы Петери Байл статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваны босатуға шақырып, Қазақстан президенті мен сот органдарына хат жазған. Астана қаласының Есіл аудандық сотында бұл үндеуді іске қосу туралы өтінішті сотталушының адвокаты Ботагөз Бейсембаева оқыды.
Анар Мешімбаеваны қолдаған тағы бір хатты халықаралық ұйымдар, БҰҰ комиссияларының өкілдері мен сотталушының шетелдегі әріптестері жазған. Адвокаттың айтуынша, үндеуге 74 адам қол қойған. Судья Ақмарал Исаева хаттарды іске тіркеді.
«БАНК ҚҰПИЯСЫ ДЕГЕН БАР...»
Анар Мешімбаева сотта 2009 жылғы ұлттық «халық санағы заңды өтті» деген уәжін қорғаумен болды. Ол «сот алдында мүлде басқа адамдар отыруы тиіс» деп мәлімдеді. Ол өзін де, бұрынғы екі орынбасарын да айыпты деп санамайды.
"Халық санағын өте жақсы жүргіздік. Бұл менің бағам емес. Мен өз қызметкерлерімді қорғаштамаймын. Мұны жұрт, халықаралық ұйым, БҰҰ-ның Еуропалық комиссиясы айтты. Олар жайдан жай хат жазып, ешкімді мақтамайды. Мен мұны кім ұйымдастырғанын білгім келеді. Банк құпиясы деген бар ғой. Субмердігерлер болғанын, қолма қол ақшаға айналдырғанын мен де, орынбасарларым да білген жоқ" дейді Анар Мешімбаева.
ВИДЕО: Анар Мешімбаеваның соттағы сөзі
«МЕМЛЕКЕТТІК САНА»
Судьяның сұрағына жауап берген статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы халық санағын жүргізуге арналған бланкілерді әзірлеу туралы келісім-шарт жасасқан кәсіпкер, Ресей азаматы Семен Шмерлингті 2009 жылдан бері көрмегенін айтты.
Тергеу болжамынша, бір бланк үш теңгеге жасалып, оған бюджеттен 17 теңге бөлінген. Анар Мешімбаева тағылған айыптарды мойындамайды.
"Заңда субмердігермен есеп айырысуға тапсырыс беруші емес, орындаушы жауапты деп жазылған. Ешқашан бизнеспен айналысқан емеспін, менің санам - мемлекеттік сана. Үнемі мемлекеттік қызметте істедім" деді ол.
Оның айтуынша, халық санағы бюджетінің 2006 жылы жоспарланған жобасы экономика министрлігінде қысқартылып, бланктің бағасын бекітілген, ал кейін оны парламент мақұлдап, ел президенті қол қойған.
"Бағасы сол қалпы қалды, біз оны тіпті талдаған да жоқпыз. Олар бланкінің санын қысқартқанда сомасы да азайды. Ол ақшаны біз өзіміз аудандық статистика бөлімдер мен агенттіктің ішінде қайта бөлдік. Өткізген тендерді «КИІК» фирмасы жеңіп алды. Бланкілер тиісті көлемде әзірленді, ақшасы төленді" деді Анар Мешімбаева.
«АҚТАУ ҮКІМІН КҮТЕМІН»
Прокурорлар айыптау тармақтарының ешбірінен бас тартпайды. Келтірілген материалдық зиян көлемі 558 миллион 249 мың 409 теңге деп жарияланды. Прокуратура бұл ақшаны Мешімбаева ғана емес, бұл іс бойынша бұрын сотталған статистика агенттігі төрайымының бұрынғы орынбасарлары мен халық санағына арналған бланкілерді дайындау бойынша өткен тендерде ұтқан «КИІК» фирмасының директорынан да өндіруді сұрайды.
Анар Мешімбаева 2009 жылдың қазан айында статистика агенттігі төрайымы қызметінен босатылған соң Қазақстаннан да кетіп қалған. Ол Мәскеуде ұсталып, 2013 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға экстрадицияланған.
Сот залынан шыққан Анар Мешімбаева өзіне қатысты ақтау үкімі шығады деп үміттенетінін айтты. Айыптаушы тарап жарыссөзге дайындалуы үшін бұрынғы шенеуніктің соты ақпанның 12-сіне ауыстырылды.

Ешқашан бизнеспен айналысқан емеспін, менің санам - мемлекеттік сана.Анар Мешімбаева.