"Картадағы Қырымнан" тағы дау туды
Украинаның Қазақстандағы елшілігі Астанада экспозицияға қойылған Украина картасында Қырым түбегінің көрсетілмеуіне байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Министрлік "мәселені саясиландырмауға" шақырды. Соңынан карта контуры сызылған фигуралар алынып, оның орнына картасыз мүсіндер қойылды.