Accessibility links

Наразылар үйін қорғап қала алмады


Аштық жариялағандардың үйін қиратты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:48 0:00
Жүктеп алу

Аштық жариялағандардың үйін қиратты. Астана, 15 тамыз 2014 жыл. (Видео авторы - Светлана Глушкова).

Астанада жерлерін «мемлекет қажетіне» алуға қарсы бес әйел аштық жариялап жатқан үй бұзылды. Полицейлер арасында бір бала бар он шақты адамды ұстап әкетті.

Үйлерін бұзуға қарсы наразылық акциясына қатысқан аяғы ауыр әпкесі Сандуғаш Серікбаеваны қолдауға бұрынғы саяжайлардың он шақты тұрғынымен бірге 11 жастағы Нұрым Кәрібаев та келді. Бала үйден шығарудың қандай боларын жақсы біледі. Былтыр қарашада екі отбасы тұрып жатқан оның үйі де сүрілген.

Бұл жолы наразы тұрғындар мен сот шешімін орындаушылар, өрт сөндірушілер, полицейлер және әкімдік өкілдерінің арасын қақпасы құлыпталған темір аула мен жерде жатқан төрт көлік доңғалағы бөліп тұрды.

Билік өкілдері әйелдер мен оларды қолдаушы топқа «бұл әрекеттерің заңсыз, сендерге өтемақы аударылып қойды, өз еріктеріңмен үйден шығуға берілген мерзім баяғыда өтіп кеткен» деп мәлімдеді. Ауланы таяқпен ұрғылаған әйелдер оларға «Президентпен кездестіруді талап етеміз!» деп айқайлап жауап берді.

Аштық жариялаушылар үй бұзушыларды күтіп отыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.
Аштық жариялаушылар үй бұзушыларды күтіп отыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.

Үйден шығару процесін бұл айғай-шу ұзаққа кідірте алмады. Ортақ мәмілеге келе алмасын сезген бес әйел үйдің шатырына шығып кетті. Өздерімен бірге шатырға бензин құйылған бөтелкелер ала шықты.

Ал төменде аулада жүргендердің бірі көлік доңғалағын өртей бастады. Лапылдап жанған доңғалақтан аспанға будақтап қара түтін көтерілді. Өрт сөндірушілер су шашып, отты өшіріп, ауланы қирата бастады. Шатырдағы әйелдер шүберек жағып, төменге лақтырды.

Аулаға жиналған жұрттың кейбірі қолдарына тас алып, сырттағыларға лақтыра бастады. Тастың бірі өрт сөндірушілердің бірінің каскасына тиді.

Үйін қиратуға наразылар шарасында өртенген доңғалақ. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.
Үйін қиратуға наразылар шарасында өртенген доңғалақ. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.

Бұл кезде үйді полицияның арнайы жасағы қызметкерлері қоршап алған еді. Олар қарсыласқан адамдарды біртіндеп ұстап, автобусқа әкете бастады. Олардың арасында 11 жастағы Нұрым Кәрібаев та бар.

Шатырдағы әйелдерге краннан су шашып, олар қатты судың екпініне шыдамай құлай бастады. Сол кезде қарапайым адамша киінген азаматтар оларды шатырдан түсіріп жатты.

Полицейлердің бірінің Азаттық тілшісіне айтуынша, қарапайым киінген адамдар – полиция қызметкерлері. «Олар неге форма кимеді?» деген сауалға «сондай бұйрық болған, шатырда полицейдің аяқ киімімен жүру» қиын деп жауап берді. Полицейдің сөзінше, олар өзін-өзі өртемек болған әйелдерді құтқарып қалған.

Наразы тұрғындар шатырда отыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.
Наразы тұрғындар шатырда отыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.

Шатырдан түсірілген бес әйелді жедел жәрдем дәрігерлері тексерді, одан кейін полицейлер наразыларды автобусқа сүйреп әкетті.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің оқиғадан кейін ақпарат құралдарына хабарлауынша, арасында бір бала бар 12 адам ұсталып, Алматы аудандық ішкі істер басқармасына апарылған. Кейінірек 11 жастағы Нұрымды анасы алып кеткен. Басқалары сот үкімін күтіп отыр.

Биліктің айтуынша, ұсталғандар соттың өздерін күштеп көшіру туралы үкімі орындалуына кедергі келтірген, сондықтан оларға билік өкілінің «үкімін орындамағаны және қасақана бағынбағаны үшін» жаза кесіледі. Олардың арасында зақым шеккендер жоқ.

Алтын Шеруалиеваның үйін бұзып жатыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.
Алтын Шеруалиеваның үйін бұзып жатыр. Астана, 15 тамыз 2014 жыл.

Кейінірек аштық акциясына қатысушының бірі Алтын Шеруалиеваның бұрындары саяжай аумағында болған, қазір Астананың қымбат ауданында қалған үйін бұза бастады. Экскаватор тұрғындар мұнда қайтып келмеуі үшін үйдің сыртқы қабырғаларының бірін қиратты.

Астанадағы бұрынғы саяжайлар аумағында тұрған бес әйел тамыздың 6-сы күні аштық жариялаған еді. Олар мемлекет қажетіне керек деген себеппен алынған үйлерінен шығармауды, қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жолықтыруды талап еткен. Билік олардың талабын заңсыз және орындалмайтын іс деп таныған.

Аштық жариялаушылар қарсылық ретінде әлі де тамақтан бас тартатындарын мәлімдеді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG