Судьяға жала жабуға қатысты қозғалған істі тергеушілер «Уважаемый господин Бекназаров, ваш столичный суд могут жестко «изнасиловать», причем прямо в судейскую мантию!» мақаласының авторы кім екенін табуға тырысып жатыр. Мақала Іnsiderman сайтында қыркүйекте жарияланған. Онда Қазақстан бас прокуратурасында істейтін жоғары шенді қызметкердің қызын зорлауға қатысты қозғалған іс бойынша өткен сот жайында баяндалады.
Жарияланған мақалаға сәйкес, ауыр қылмыс бойынша айыпталғандардың соты бірнеше жылға созылған. Астана қаласы аппеляциялық алқасының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Дания Қисықова бұл іс бойынша айыпталған екі адамның үкімге қарсы шағымын қараудан бас тартқан.
Insiderman сайты басшысы Валерий Сургановтың пікірінше, судья бұл істен мақала сайтта жарияланғаннан кейін бас тартқан. Өйткені судья алғашқы соттың үкімімен сотталған екі адамға «бүйрегі бұратынын жасырмаған» және «маман шақыртып, молекулярлық-генетикалық сараптаманы қайта өткізу» туралы шешім шығарған. Журналист бұл іс бойынша екі айыпталушыға 2013 жылдың 1 қарашасында шыққан үкімді екінші судья өзгеріссіз қалдырғанына назар аударады.
Валерий Сурганов судья Дания Қисықоваға жала жабу туралы қылмыстық іс қозғалуына байланысты ақпарат құралдарында таратқан хабарламасында «Жәбірленуші бойжеткен жақ бұл судьядан бас тарту туралы өтінішті алдын ала дайындап қойғанымен, судьяның өзі кетемін деген соң әлгі өтінішті бермеген» деп жазады.
СУДЬЯНЫҢ ПІКІРІ
Астана қалалық сотының судьясы, судьялар одағының Астана филиалының төрайымы Дания Қисықова «Insiderman сайтында жарияланған мақалалар мені жұрт алдында масқаралап, «айыпталушыларды жақтады» деп әдепсіз сөздермен айыптады» дейді. Оның айтуынша, жабық сот отырыстарының ақпараты жария болып кеткен.
– Сараптама тағайындау туралы қаулы жайында жазған журналисті, неге екені белгісіз, осы қаулы қатты ашуландырыпты. Оның ашуланғаны соншалық, судья емес, тіпті қарапайым азаматтың атына айтуға жол берілмейтін комментарийлер жазған. Мақалада менің жеке басымды ашық қорлаған сөз орамдары бар, ойдан шығарып жала жапқан, тіпті цензураға да сыймайтын сөздермен тіл тигізген. Оны лингвистикалық сараптамадан да өткізіп қажеті жоқ. Әлгі мақалаларды жазуға не түрткі болғанын түсінбеймін, – дейді судья Дания Қисықова.
Ол «Судья болып істеген отыз жылдың жиырма жылын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қылмыстық істерін қарап келемін. Бірақ жеке басыма қатысты мұндай жағдайға алғаш тап болып отырмын» дейді.
БАСҚА ТАЛАП-АРЫЗДАР
«Әділ сөз» баспасөз құқығын қорғау ұйымының президенті Тамара Калеева сотты болған Insiderman сайты материалдарымен танысқанын айтады.
- Онда анық қорлау жоқ, өсек жоқ, басқасына төзу керек. Жұрт алдында жүретін қызметке келген адам төзімді болғаны жөн. Онда жалған ақпарат жоқ. Жеке адамның, автордың мысқылы бар. Бірақ бұл - жеке адамның пікірі ғана, - дейді ол.
Тамара Калееваның сөзінше, қоғамдық тұлға кез-келген сынға шыдамды болуы керек.
«Журналистер қауіп-қатерде» баспасөз өкілдерін қорғау ұйымының президенті және «Общественная газета» басылымының бас редакторы Розлана Тәукинаның пікірінше, шенеуніктерді сынаған журналистерге қарсы талап-арыз беру – заңға қайшы және әділдік нормаларын бұзатын әрекет.
– Журналист өзі пікірін айтуға құқылы, ал судья Дания Қисықова мақала жарияланғаннан кейін бұл істен өзі бас тартуға мәжбүр болған. Бірақ іс аяқталған кезде аяқ астынан ар-намысын қорғамақ. Меніңше, шенеуніктер, депутаттар мен үкімет мүшелері сияқты судьялар да қоғам пікіріне құлақ асуы тиіс. Ал қоғам пікірін білдірген журналист заңсыздыққа төзіп, өзінің кәсіби біліктілігін дәлелдеу үшін енді сотқа жүгіруі керек, – дейді Розлана Тәукина.
Журналист Валерий Сурганов биыл ашылған Insiderman сайтын құрғанға дейін «Свобода слова» газеті мен Guljan.org сайтында жұмыс істеген. Сургановқа қатысты 2011 жылдың қараша айында «Қаржы полициясы офицері Санжар Әлиевке жала жапты» деген айыппен бір жарым жылға еркіндігін шектеу және ақшалай айыппұл салу туралы үкім шыққан. Журналист кейін рақымшылыққа ілінді.
«Судьяға жала жабу» бабы бойынша төрт жылға соттау жазасы қарастырылған.

Жәбірленуші жақ бұл судьядан бас тарту туралы өтінішті алдын ала дайындап қойғанымен, судьяның өзі кетемін деген соң әлгі өтінішті бермеген.Журналист Валерий Сурганов.
Валерий Сурганов судья Дания Қисықоваға жала жабу туралы қылмыстық іс қозғалуына байланысты ақпарат құралдарында таратқан хабарламасында «Жәбірленуші бойжеткен жақ бұл судьядан бас тарту туралы өтінішті алдын ала дайындап қойғанымен, судьяның өзі кетемін деген соң әлгі өтінішті бермеген» деп жазады.
СУДЬЯНЫҢ ПІКІРІ
Астана қалалық сотының судьясы, судьялар одағының Астана филиалының төрайымы Дания Қисықова «Insiderman сайтында жарияланған мақалалар мені жұрт алдында масқаралап, «айыпталушыларды жақтады» деп әдепсіз сөздермен айыптады» дейді. Оның айтуынша, жабық сот отырыстарының ақпараты жария болып кеткен.
Мақалада менің жеке басымды ашық қорлаған сөз орамдары бар, ойдан шығарып жала жапқан, тіпті цензураға да сыймайтын сөздермен тіл тигізген.Судья Дания Қисықова.