Шынар Бисенбаеваның адвокатының айтуынша, бала өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан кім және қандай негізде бас тартқаны алдағы азаматтық процесте белгілі болуы тиіс. 10 жасар Ислам Хайыров арнайы қызметтің қарулы топпен (ол кезде экстремистік топ екені белгісіз болған) Алматы маңындағы шайқасы кезінде қаза тапқан.
Бала 2012 жылдың 17 тамызы күні Алматы облысы Қарасай ауданы Бағанашыл кентіндегі қарулы топ бекінген үйде болған. Сол шайқаста қаза тапқан 13 адамның екеуі кәмелетке толмаған, олардың бірі - Ислам.
ТАЛАП-АРЫЗ АЛҒАШҚЫ СОТҚА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Шынар Бисенбаеваның есімі жұртқа «террористік топ құрып, басқарды және басқа да ауыр қылмыстар жасады» деп айыпталып, осыдан бір апта бұрын 11 жылға сотталған Саян Хайыровтың әйелі ретінде жақсы таныс. Қаза тапқан 10 жасар Ислам – Шынар Бисенбаева мен Саян Хайыровтың баласы.
Шынар Бисенбаева қазанның 1-інде «ұлын өлтірген жауапкерлер» - ҰҚК Алматы қалалық департаменті мен Алматы қаласы ішкі істер департаментінен моральдық өтемақы өндіріп беруді сұрап, Алмалы аудандық сотына азаматтық талап-арыз түсірген. Бірақ үш күннен кейін Алмалы аудандық соты талап-арызды қарамай кері қайтарған.
Мұнымен келіспеген баланың анасы қалалық сотқа шағымданды. Қарашаның 14-і күні Алматы қалалық сотының судьясы Нұрлан Мұхамеджанұлы Шынар Бисенбаеваның шағымын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Талап-арыз кері қайтарылып, билікке қарсы азаматтық талап-арызды енді Алмалы аудандық соты қарауы тиіс.
Апелляциялық сот отырысына жауапкерлер қатысқан жоқ. Сот хатшысы процесс басталарда судьяға «жауапкерлер тиісті тәртіппен хабарландырылды» деп баяндады.
ЖҮЗ ТҮЙЕНІҢ ҚҰНЫ
Шынар Бисенбаеваның адвокаты Жандос Бұлқайыр апелляциялық соттан кейін журналистердің «Талап-арызда қандай негізге сүйеніп 20 миллион теңге өтемақы көрсетілген?» деген сауалына жауап берді. Оның айтуынша, шариғат заңына сәйкес, жүз түйенің құны осы сомаға тең. Патшалық Ресей заңдары толық енгізілгенге дейін ежелгі қазақ қоғамында осындай заң нормалары болған.
Алмалы аудандық соты өтемақы мемлекет қазынасынан төленетіндіктен, жауапкер ретінде қаржы министрлігін атау жөнінде қаулы шығарып, Бисенбаеваның талап-арызын қараудан бас тартқаны бүгінгі аппеляциялық сот отырысында белгілі болды. Бисенбаева талап-арызды Алмалы аудандық сотына емес, қаржы министрлігінің мекенжайы бойынша Астана қаласы Есіл аудандық сотына жазуы тиіс болған деген уәж айтылды.
Бірақ енді Алмалы аудандық сотына Бисенбаеваның талап-арызын қарауға тура келеді.
БАЛА ӨЛІМІН ТЕКСЕРУДІ СОЗБАҚҚА САЛУ
Баланың әкесі Саян Хайыровтың ісі жөніндегі процесс кезінде адвокат Жандос Бұлқайыр бала өліміне байланысты құзырлы органдарға қарсы қылмыстық іс қозғатуға тырысқан. Бірақ ол кезде іс қозғаудан бас тартқан.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыны көрсетуді сұраған адвокатқа судья Гүлшаһар Шыныбекова «екі іс бір-бірімен байланысты емес» деп мәлімдеген болатын. Сөйтіп, бала өліміне қатысты қылмыстық істі қозғаудан кім және қандай негізде бас тартқаны адвокатқа да, жұртшылыққа да беймәлім болып қалған.
Адвокат Жандос Бұлқайыр Хайыров әйелінің азаматтық талап-арызы қаралатын процесте бұрын қылмыстық іс қозғаудан бас тарту себебі анықталады деп үміттенеді.
— Егер жауапкерлер сот отырыстарына келмесе, процесте жеңіледі. Ал егер процеске қатысып, талап-арыз заңсыз деп дауласатын болса, өтемақы төлемеудің заңды негізі ретінде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту қаулысын көрсетуі тиіс. Бұл - өте маңызды қаулы, өйткені 10 жасар баланы атып тастаған арнайы қызмет жасағы «заңды әрекет етті» деп дәл осы қаулыда жазылған болуы тиіс. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыны кім және қандай негізде қабылдағанын сол кезде білеміз. Кейін ол қаулыға қарсы шағымдана аламыз, - деді Азаттық тілшісіне Жандос Бұлқайыр.
Мақала жарияланар сәтке дейін ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті мен Алматы қаласы ішкі істер департаментінен комментарий алу мүмкін болмады.
Адвокат арнайы операция кезінде қаза тапқан бала өлімі фактісі бойынша қылмыстық із қозғау мүмкіндігі туады деп үміттенеді. Бірақ бала экстремистер деп танылған қарулы адамдар бекінген үйге қалай және не себепті тап болғаны әлі белгісіз. Журналистік тексеру жүргізген Азаттық Бағанашыл кентінде болған оқиғаның көрінісін қалпына келтіруге тырысады. Мақала келесі аптада жарияланады.