Жүз кітап жиыны мақтауға ұласты
Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы кітаптардың тұсаукесері өтті. Президенттің былтырғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан кейінгі іске асырылған жоба бойынша, әлемдегі ең жетік оқу орындарының жүз ғылыми оқулығы қазақ тіліне аударылмақ. Қазақстандағы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы алты бағыттан тұрады – "Туған жер", Қазақтанның киелі жерлерінің географиясы, қазіргі қазақстандық мәдениет, 100 үздік оқулықты аудару, 100 жаңа тұлға және латын әліпбиіне көшу. Бағдарламаға 2022 жылға дейін бюджеттен 54 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланған.