Accessibility links

«Астана қаһарманының» арасында Әбілқайыр да бар


"Әбілқайыр"
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:03:43 0:00

"Әбілқайыр"

Экшн жанрындағы фильмдердің Астанадағы шілденің басынан бері өтіп жатқан халықаралық фестивалі аясында ұйымдастырылған, талантты жастарға арналған ART FEST байқауы бүгін аяқталды.

Байқауға Қазақстан, Ресей, Қытай, Жапония, Индонезия, Корея, т.б. елдерден шамамен жүз шақты жас сценарист, режиссер, оператор, суретші, аниматорлар қатысқан.

Олар «Астана қаһарманын» анықтау үшін төрт түрлі номинация (комикс, костюм, анимация және бір күннің ішінде видео жасау) бойынша сынаққа түсті.

ТӨРТ НОМИНАЦИЯ

«Бір күннің ішінде видео түсіру» номинациясы бойынша «Әбілқайыр» жобасы жеңімпаз атанды. Жобаны Қазақстан мен Қытайдың жас мамандары Владимир Сим, Роман Сухосыр, Хао Ли және Тиантиан Киан әзірлеген.

«Анимация» байқауы бойынша, қытайлық команда – Яо Ченг және Лиюи Янгтың «Батыр» жобасы үздік деп танылды. Қырғызстандық Атай Садыбакасовтың "Астана супер-қаһарманы" жобасы осы номинация бойынша үшінші орын алды.

Атай Садыбакасов (Қырғызстан): «Астана супер-қаһарманы»:
«Астана қаһарманы»
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:51 0:00

«Костюм» номинациясы бойынша Эван Ким (Қытай) мен Дина Буксикованың (Қазақстан) бірлесіп жасаған «Қасқыр» жобасы ең үздік ретінде танылды.

Ал «Комикс» байқауында Джу Уйчэн, Лу Минг (Қытай) және Екатерина Баскакова (Қазақстан) жеңді. Олардың жобасы «Астана қаһарманы» деп аталады.

«ӨТКЕННЕН ОРАЛҒАН «ӘБІЛҚАЙЫР»

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде тек «Әбілқайыр» жобасы ғана көпке көрсетілді. Шағын бейнеролик «бірнеше ғасыр бұрын қазақ хандығын басқарған Әбілқайыр ханның өткеннен болашаққа келіп, өз халқын құтқаруы» туралы.

Бұл бейнероликтің режиссері Владимир Симнің айтуынша, «Астана қаһарманына» Өрмекші адамнан гөрі Әбілқайыр жақындау – сондықтан осы образды таңдаған.

– «Линкольн» фильмінде Авраам Линкольн вампирлерді өлтіреді. Бұл – аңыз. Біз де Әбілқайырдан сондай аңыз жасағымыз келді. Оны қазіргі заманда өмір​сүретіндей етіп көрсеткім келді. Оған қазіргі Астананы көрсетеді.
Солдан оңға: "Әбілқайырдың" операторы Тиантиан Киан (Қытай), режиссері Владимир Сим (Қазақстан), видеомонтажері Роман Сухосыр (Қазақстан). Астана, 3 шілде 2012 жыл.
Солдан оңға: "Әбілқайырдың" операторы Тиантиан Киан (Қытай), режиссері Владимир Сим (Қазақстан), видеомонтажері Роман Сухосыр (Қазақстан). Астана, 3 шілде 2012 жыл.

Оның міндеті – қазақтарды біріктіріп, сыртқы және алауыздық тудырушы дұшпандармен күресу болды. Ол осының бәрін көріп, өткен дәуірден келіп, қазақтарға мән-жайды түсіндіреді, – дейді Владимир Сим.

Симнің айтуынша, бір күннің ішінде видео жасап шығару шығармашылық ұжымға оңайға түспепті.

– Қаржы жетіспегендіктен сапасы ойдағыдай деуге келмейді, – дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль аясында жеңімпаз атанған жобаларды жақын арада интернеттен де тамашалауға болады.

Экшн жанрындағы фильмдердің Астанада өтіп жатқан халықаралық фестивалі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келген Астана күніне орай ұйымдастырылған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG