Қырғызстандық «Новый формат» студиясында жұмыс жасайтын Атай Садыбакасовтың айтуынша, үш минуттық бейнероликті жасауға екі апта кеткен. Жобаны студияның төрт адамы бірлесіп жүзеге асырған.
– Уақыт өте аз болды. Фестивальдың өтетінін тек мамыр айының 17-сінде ғана білдік. Бірден кірісіп кеттік. Шамамен екі аптаның ішінде бітірдік, – дейді Атай Садыбакасов.
«СТЕРЕОТИП» ЖӘНЕ «БЕЛГІСІЗ ШЕНЕУНІК»
Оның айтуынша, уақыттың аздығы «Астана қаһарманының» тұлғасын, мінезін ерекшелеп жасауға кедергі келтірген.
– Сондықтан жалпы қалыптасқан стереотипке жүгіндік. Яғни ол – жас, әрі қайратты. Ең бастысы – маскасы жоқ, жүзін көптен жасырмайды, – деді Атай Садыбакасов.
Бейнероликте «Астананың супер-қаһарманына» қарама-қарсы образ – көлігінің іші көрінбейтін, жүзін маскамен жасырған ұры-қарақшылар.
Фильмнің соңында қарақшылардың ұсталғаны туралы хабарды белгісіз лауазымды тұлға естігені туралы көрініс бар.
Атай Садыбакасовтың айтуынша, ол лауазымды кейіпкер – «Қазақстан мен Астанада болып жатқан бар жағдайдан хабардар белгісіз шенеунік».
«Бейнероликтегі Астана мен шынайы Астана арасындағы байланыс туралы не айтар едіңіз?» деген сұраққа:
– Нақты қазір бәрін тәптіштеп сипаттап бере алмаймын. Астанамен параллель жасай алмаймын. Біз тек қайратты, жүзін жасырмаған кейіпкер жайлы түсірдік, – деп жауап берді Атай Садыбакасов.
Қазір ART FEST байқауының бірінші кезеңі аяқталып, «Астана қаһарманының» авторлары байқаудың келесі кезеңіне дайындалып жатыр.
Бұл байқау экшн жанрындағы фильмдердің Астанада шілденің басында өтетін халықаралық фестивалы аясында ұйымдастырылып отыр. Кино саласындағы ірі шараның ресми түрде ашылуы шілденің 1-іне белгіленген.
Фестивальға әлемге танымал актер, режиссер, өнер және мәдениет қайраткерлері келуі керек. Шараға Корея, Жапония, Қытай, АҚШ, Еуропа, Ресейден 100-ден астам делегат пен қонақтар шақырылған.
Халықаралық кинофестиваль Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келген Астана күніне орай ұйымдастырылыпған.