Accessibility links

Достоевскийді «оқитын» Лукашенко – оппозиция мультфильмінің кейіпкері


Александра Лукашенконың бейнесі - мультфильмдердің бірінің кейіпкері ретінде.
Александра Лукашенконың бейнесі - мультфильмдердің бірінің кейіпкері ретінде.

Беларусь диссиденттерінің интернет телеарнасы «Жұлдызды соғыс» атты сатиралық мультфильмдер шығарып жатыр. Галактика императорының рөлінде – президент Александр Лукашенко. «Еуропаның соңғы диктаторы» атанған Лукашенко биылғы жолдауында Федор Достоевскийден сәтсіз үзінді келтіріп, «еркіндік деген – азап» екенін айтты.

«Алыс та бейтаныс бір галактикада беларусь президенті Дарт Вейдерді карате соққысымен бір ұрып жығып, шабуылшылардың ғарыш кемесіне ие болды». Ару-ТВ интернет арнасы шығарған жаңа мультфильм осылай басталады. Жұлдыздар галактикасы императорының рөлінде – Александр Лукашенко.

Ару-ТВ арнасын беларусь диссиденті Павел Морозов құрған. Қазір арна өз хабарларын интернет арқылы Эстония астанасы Таллиннен таратады.

«КҮЛКІЛІ ДИКТАТОР ҚОРҚЫНЫШТЫ БОЛА АЛА МА?»

Мультфильм авторы «күлкінің мысы диктатордан қорқуды басуға көмектеседі» дейді. Ол беларусь жастары бір кездері президент Лукашенко жоқ елге қайта орала алар деп үміттенеді.

– Лукашенконың режимі – қорқытып-үркітуге негізделген режим. Бірақ күлкілі
Александр Лукашенко ұлымен бірге хоккейге келді. Минск, 8 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Александр Лукашенко ұлымен бірге хоккейге келді. Минск, 8 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
диктатор қорқынышты бола ала ма? – дейді Павел Морозов Washington Post газетіне берген сұхбатында.

Павел Морозов 2005 жылы президент Александр Лукашенконы мазақ еткен мультфильмдер шығарғаны үшін тұтқындалған. «Президент абыройына нұқсан келтірді» деген айып тағылып, екі жылға бас бостандығынан айрылу қаупі төнгендіктен Павел Морозов сот жақындаған сәтте Эстонияға қашып кетті.

Ару-ТВ сайтына күніне 40 мыңдай адам кіреді. Интернет-телеарна мәдениет жаңалықтары мен бағдарламалар таратады. Оның мақсаты – бұрынғы советтік елдерде, әсіресе Ресей мен Беларусьте либералдық құндылықтар жайында сөз қозғап, Еуропаны насихаттау. Арна «Ресей мен Беларусь – демократияға әзір емес енжар халық тұратын елдер» деген қауесетті жоққа шығаруды көздейді.

ОППОЗИЦИЯНЫҢ ПЛАТФОРМАСЫ

Белсат-ТВ деген тағы бір тәуелсіз интернет-арна өз хабарларын спутник арқылы Польшадан таратады. Оны Беларусьтің төрт миллионға жуық тұрғыны үзбей көреді.

Арна редакторы Сергей Пелеса университеттен қуылғанға дейін Беларусьте саяси белсенді болған. Кейін Польшаға қоныс аударды. Енді «халық ресми ақпарды
Беларусь оппозициясының шеру. Минск, 25 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Беларусь оппозициясының шеру. Минск, 25 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
​балама ақпаратпен салыстыра білуі үшін жұмыс істеймін» дейді ол Washington Post газетіне.

Еуропалық кеңестің халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Яна Кобзованың айтуынша, қазір оппозицияның жалғыз құралы – осы интернет-арналар болып қалды.

Беларусь журналистері шетелдің ақпарат құралдарында жұмыс істеу үшін арнайы рұқсат алуы тиіс. Бірақ журналистердің көбі Белсат-ТВ арнасында рұқсатсыз жұмыс істейді. Сергей Пелеса олардың өмірі мен бас еркіндігін тәуекелге тігіп жұмыс істеп жатқанын айтады.

Жақында Белсат-ТВ арнасында жұмыс істейтін журналистердің бірі құлаған құрылыс сатысының астында қалып мерт болды. Арна қызметкерлері бұл жағдайдың кездейсоқ оқиға екендігіне күмән білдіреді.

ЛУКАШЕНКО МЕН ДОСТОЕВСКИЙ

Лукашенконың жұрт алдында ыңғайсыз жағдайға тап болған тұстарын ақпарат құралдары қалт жібермейді. «Еуропаның соңғы диктаторы» мамырдың 8-і күні екі сағаттай үзіп-жұлып сөйлеген жолдауының орта шеніне қарай орыс әдебиетінің классигі Федор Достоевскийдің шығармасынан бір үзіндіні сәтсіз келтіріп, жұрт аузына тағы ілікті.

Осыдан бір жарым ғасырға таяу уақыт бұрын дүние салған жазушы-гуманист
Президент Лукашенконың жолдауын теледидардан тыңдап отырған адамдар. Беларусь, Гомель, 8 мамыр 2012 жыл.
Президент Лукашенконың жолдауын теледидардан тыңдап отырған адамдар. Беларусь, Гомель, 8 мамыр 2012 жыл.
Достоевский өз сөзін Беларусь президентінің «Адам баласы үшін еркіндіктен асқан азап жоқ» деп бұрмалағанын естісе, тыныш жата алмаған болар еді.

– Кемеңгер жазушы өте дұрыс айтқан. Еркіндікке жеткен адам өз иығына қандай ауыр жүк артқанын түсінеді. Еркіндік дегеніміз – жауапкершілік, адам өзі қабылдаған әр шешімі үшін өзі жауап береді, – деген Лукашенко бұл сөзді Беларусьтегі репрессияны ақтап алу үшін айтқандай көрінді.

«Халық үкіметке деген көзқарасын өзгертуі тиіс. Еркіндік деген бір сағатта орнай салатын шаруа емес» деп түйіндеген Лукашенко «Батыс жұрты да бұл қағиданы қабылдап, демократия деп жөнсіз қамшылай берудің мәні жоғын түсінетін уақыты жетті» деді.

Президент Лукашенко айтқан үзінді Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының «Ұлы жендет» деген әйгілі тәмсілінен алынған. Шын мәнінде, Александр Лукашенко айтқан сөзді жазушы Достоевский өз шығармасында Әзәзіл бейнесіндегі бас жендетке айтқызған еді.

«Сен дүнияуи тірлікке кеткің келеді, әрі оған құр алақан бармақсың. Әлдебір еркіндікті айтып емексітесің. Ал олар қарабайырлығы мен туа біткен жүгенсіздігі кесірінен мұны түсіне алмайды, одан қорқады. Өйткені адам үшін, адамзат қоғамы үшін – еркіндіктен асқан азап жоқ, болған да емес! Күнге күйген мына қу тақыр
Орыс жазушысы Федор Достоевский. (Көрнекі сурет)
Орыс жазушысы Федор Достоевский. (Көрнекі сурет)
даладағы анау кесек тастарды көремісің? Құдыретің жетіп, сол тастарды нанға айналдыршы, адамзат баласы соңыңнан малша жамырасын. Сен қолыңды тартып алып, нәпақамыздан айырылып қаламыз ба деп үнемі үрейленсе де, саған дән риза және көнгіш болады» – деген еді «Ағайынды Карамазовтардағы» Әзәзіл.

Зерттеушілердің пікірінше, адамның ерік қалауы мен болмысын зерделеуге ғұмырын арнаған жазушы Достоевский бұл сөздерді католик шіркеуін сынау мақсатында жазған.

Колумбия университетінің профессоры, халықаралық Достоевский қоғамының президенті Дебора Мартинсен бұл сөздерді Достоевский емес, ұлы жендеттің айтқанына назар аударады.

– Достоевский сезім, идея, пікірлерді білдіру үшін таңба-белгілерді пайдаланған. Олардың кейбірімен келіседі, бірақ көбімен келіспейді. Ол шығармасында ұлы жендетпен айтысқа түседі, – дейді Мартинсен.

Оның пікірінше, Достоевский ұлы жендеттің көзқарасын қолдамайды: шығармадағы Христ бас жендет сөзін аяқтағанша бір ауыз сөз айтпайды. Бірақ ол ақырында жендеттің кезерген ернінен сүйеді.

– Жазушының ойы діни тұрғыдан алғанда «Христос әр пендеге, оның ішінде бас жендетке де кешірім танытады» дегенге саяды. Мен саяси шолушы емеспін. Бірақ Лукашенко келтірген цитата оның шексіз билікке ұмтылатынын, осы жолда арын саудаға салуға дайын екендігін білдіреді, – дейді ғалым.

«ШЕКТЕН ШЫҚҚАН БИЛІКҚҰМАРЛЫҚ»

Федор Достоевскийдің Санкт-Петербургтегі әдеби-мемориалды мұражайы директорының орынбасары Вера Биронның пайымдауынша, беларусь диктаторы Достоевскийдің шығармасын ешқашан оқымаған тәрізді.

– Достоевский көзқарасы тұрғысынан алғанда, Лукашенко – Әзәзіл түгілі билікке өле құмартқан жын-шайтан құрлы бола алмайтын жан. Оның бар арман-мұраты – билік.
Кеден одағына арналған карикатура. Авторы - Сәбит. Алматы, 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Кеден одағына арналған карикатура. Авторы - Сәбит. Алматы, 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Ол өз халқын сатып алған емес, зорлықпен тартып алған мал сияқты көреді, – дейді Вера Бирон.

Кейбіреулер «Лукашенконың спичрайтері әдейі қателескен» деген пікір айтады. Президент жыл сайынғы жолдауының мәтініне көңілі толмай, бірнеше апта бойы кейінге қалдырып келгені белгілі.

Ал цитаталарды Лукашенконың өзі іріктеген болса, жауапты адамдар оның сөзін мұқият оқымағанға ұқсайды. Бірақ енді оны мұқият оқитындар жетіп жатыр. Лукашенконың ресми сайтында жарияланған стенограммада Федор Достоевский шығармасынан алынған үзінді жоқ.

– Президент Лукашенкоға «Достоевскийді оқу» деп ақыл айтқаннан еш пайда жоқ. Шығарманы түсінуге оның өресі жетпейді. Тек осы маньяктің ашса алақанында, жұмса жұдырығында өмір сүруге мәжбүр елге аяушылық танытқаннан басқа шарамыз жоқ, – дейді Достоевский музейінің қызметкері Вера Бирон.
XS
SM
MD
LG