«ҰҚК-нің ұсынысын қабылдамай отырған Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды абақтыдан босатпайтын шығар» деп болжам жасайды туыстары мен адвокаттары.
Өткен жұмада театр режиссері Болат Атабаев пен қоғам белсендісі Жанболат Мамайды абақтыдан босатуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Адвокаттары дәл сол күні Жаңаөзен қалалық сотында екі азаматқа қатысты қолданылған жаза түрі өзгереді деп күткен еді. Олар жаза түрін ауыстыру туралы ұсынысты ҰҚК-нің өзі жасағанын айтқан болатын. Алайда ол күні де, ертеңінде де сот болған жоқ. Оның нақты себебі де айтылмады.
СЫБЫС
Екі азаматты қарсы алу үшін жұма күні таңертеңгі сағат 9-да Ақтаудағы тергеу изоляторына келген туыстары, адвокаттары кешкі сағат 9-да тарасты.
Өткен аптада кейбір оппозициялық БАҚ-та ҰҚК-нің Болат Атабаев пен Жанболат Мамайдан «әлеуметтік араздық тудыру» ісі бойынша өзге айыпталушыларға қарсы куәгерлік беру туралы талап қойып отырғаны туралы ақпарат пайда болған.
Болат Атабаевтың қарындасы, бүгін ағасымен жүздескенін айтқан Дана Атабаеваның ойынша, ағасы мен Жанболат ҰҚК-нің «ұсынысын» орындаудан бас тартып отырғандықтан босатылмаған.
- Олардан жасамаған нәрсеге қол қоюды талап етіп отырған көрінеді. Ал олар одан бас тартып жатыр. Сондай сергелдең боп жатқанға ұқсайды. Мұны ағам да растады. Бұл – шындық, - дейді Дана Атабаева.
«САУДА»
Бұл ақпаратты растаған Жанболат Мамайдың адвокаты Абзал Құспановтың айтуынша, «мұндай сауда өткен жұмадан бері жалғасып жатыр».
- Менің көзімше, сондай сауда жүріп жатыр. «Бір ауыз сөз айтыңыз, болмаса қылмысты мойындай қойыңыз - сонда қазір шығарып жібереміз. Барлық құжат дайын тұр, тек қана сіздің бір ауыз сөзіңіз» деген сөздер менің көзімше, Болат Атабаевқа да, Жанболат Мамайға да айтылып жатыр, - деді Абзал Құспанов.
Адвокаттың айтуынша, бірнеше күннен бері Ақтаудағы тергеу изоляторы Жанболаттың әкесі Мамай Құрмашұлының ұлымен кездесуіне белгісіз себептермен рұқсат бермей отыр. Осы жайтқа қатты алаңдаған Жанболаттың әкесінің денсаулығы өткен сенбіде күрт нашарлап кеткен.
- Алматыда Айымбетов деген тергеуші ұлына кіргізу туралы қаулы берген. Ол қаулының қазір күші болса да, әкесін Ақтауда кіргізбей отыр белгісіз себептермен. «Білмейміз», «көрген жоқпыз», «анау-мынау» дейді. Тоқсан тоғыз сылтау айтып, соның салдарынан бұл кісі әлі күнге дейін ұлына кіре алмай келеді. Осыған алаңдаймын деп сенбі күні түнде бұл кісінің денсаулығы күрт нашарлап кетті. Қан қысымы жоғарылап кетіпті. Дәрігер шақырамыз деп едік, дәрілерін ішіп, кішкене өз-өзіне келді, - деді Абзал Құспанов.
Оның айтуынша, қазір тергеушілер телефонға жауап бермей жатыр. «Сол арқылы қылмыстық істер жүргізу кодексін өрескел бұзып отыр» деп санайды ол.
Жаңаөзен қалалық соты дүйсенбі күні түстен кейін әзірге Атабаев пен Мамайға қатысты ешқандай материал түспегенін айтты.
ҰҚК-нің тергеу тобының басшысы Нұрлан Балдайыровқа хабарласқанымызда ол «қазір жиналыста отырмын» деп телефонын қоя салды.
Ал ҰҚК-нің баспасөз қызметіне бірнеше мәрте хабарласқанымызбен, телефон тұтқасын ешкім көтерген жоқ.