Оқиғаның кездейсоқ куәсі болған жүргізушінің Азаттық тілшісіне айтқан мәліметіне сүйенсек, Қаржы полициясы қызметкерлері көшедегі Жол полициясы инспекторын пара алмақ болып жатқан жерінен ұстауға әрекет еткен. Бірақ өзін аңдушылар бар екенін байқап қалған жол инспекторы қашып құтылмақ болады. Бұл жайтты ақырына дейін білгісі келген жүргізуші бірін-бірі қуған орган қызметкерлері соңынан ілесе берген. Әлгі полиция қызметкері сол бетінде Атырау облыстық жол полициясы басқармасы ғимаратына кіріп кеткен екен. Сол жерде екі күштік құрылым арасында кәдімгі төбелес болған.
«ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ЗАҢ ТӘРТІБІН БҰЗДЫ»
Атырау облысы ішкі істер басқармасы бұл оқиғаның болғанын растап отыр.
-Шынымен 3 қазан күні 19 сағат 45 минут шамасында Қаржы полициясы қызметкерлері Жол полициясы қызметкерін пара алды деген күдікпен ұстамақ болды. Жол полициясы басқармасы ғимаратына күшпен басып кірген Қаржы полициясының қызметкерлері қызметтік куәліктерін көрсетпестен, азаматтық киіммен келіп, ішінде өздері іздеп жүрген жол полициясы қызметкері бар әжетхана есігін бұзып ашып, қызметкерді еденге құлатып, қолына кісен салған,-деп хабарлады Азаттық тілшісіне облыстық Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жектешісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Сол себепті Жол полициясы басқармасының кезекші тобы көмек тобын шақыруға мәжбүр болған. Жедел хабар бойынша келген наряд пен Қаржы полициясы қызметкерлері арасында даулы жағдай туындап, екі жол полициясы қызметкері дене жарақатын алды дейді ол.
Ал пара алды деген күдікпен қуғынға ұшыраған әлгі полиция қызметкері ұрыс-төбелес кезінде оқиға болған жерден кетіп үлгеріпті.
Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз жетекшісі осы фактіге байланысты тексеру жүргізіліп, ҚР Қылмыстық кодекстің 308 бабына сәйкес (Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе қарастырылып жатқанын айтады.Әрі оның айтуынша Қаржы полициясы қызметкерлері заң тәртібін бұзып, кезекші нарядтармен күзетілетін режимдік объектіге рұқсатсыз кірген.
"ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ ПАРА АЛҒАНЫНА ДӘЙЕК БАР"
Алайда Қаржы полициясы бұл оқиғаға байланысты басқаша дерек келтіреді. Атырау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Алтынай Мұхтарова «Жол полициясы инспекторының 30 000 теңге пара алғаны жөнінде нақты дерек бар» деп отыр.
-Енді осы мәселеге байланысты Қылмыстық кодекстің 311 бабының 2 тармағы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс тергелуде. Әзірге тергеу құпиясын сақтау мақсатында іс бойынша толық ақпарат берілмейді,- деп мәлімдейді А.Мұхтарова.
Сонымен әр күштік құрылым өзінше қылмыстық іс қозғамақ. Дау түйінінің қалай шешілетіні әзірге белгісіз.
Ал бұған дейін, қазанның 5-і күні Астанада Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі жетекшісі Қуанышбек Жұманов журналистермне болған брифингте Қаржы полициясы мемлекеттік агенттігіне «ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты арандату әрекеттерін қолданады» деген айып таққан еді. Оның айтуынша жедел тексеру жұмыстарын жүргізу барысында заңның бұзылуы Оңтүтсік Қазақстан, Атырау облыстарында орын алған. Қаржы полициясының дәл осындай арандату мен жалған дәйектер келтіруі Қостанай облысында да тіркелген