Accessibility links

Атыраудағы атыста 4 адам қаза тапты


Арнайы операциядағы әскери техника үстінде отырған адамдар. Aтырау, 21 қыркүйек 2012. Сурет "Ақ Жайық" сайтынан алынды.
Арнайы операциядағы әскери техника үстінде отырған адамдар. Aтырау, 21 қыркүйек 2012. Сурет "Ақ Жайық" сайтынан алынды.
Атырау маңындағы «Көктем» саяжай алабындағы үйлердің бірінде «полицейлерге шабуыл жасады» деген күдікке ілінген адамдар қаза тапты.

Қыркүйектің 21-і күні болған оқиғаға қатысты хабарлама таратқан бас прокуратура арнайы операция кезінде қарсыласқан төрт адамның "көзі жойылғанын", "бейбіт тұрғындар зардап шекпегенін" жариялады. Қаза тапқандар "15 қыркүйекте Атырауда полицияға шабуыл жасауы мүмкін сезікті адамдар" деп аталды.

АТЫС

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар операция шамамен таңғы сағат 10-нан өте (Астана уақытымен, сағат 11-ден өте) аяқталғанын айтқан. Оқиға орнын таңертең қоршауға алған әскери техникалар әкетілген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атыс болып жатқандықтан бүгін балалары мектепке бармаған.

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, 20 қыркүйекте құқық қорғау органдары «Көктем» саяжай алабында полицияға шабуыл жасады деген төрт күдіктінің жасырынғанын анықтаған. Ал бүгін таңертеңгі сағат 8.30-да оларды ұстау үшін терроризмге қарсы операция жариялаған.
«Ерекше құқықтық режим енгізіліп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары көшірілді. Күдіктілер берілу туралы бұйрыққа бағынудан бас тартып, арнайы жасақ
"Көктем" саяжайында арнайы операцияға қатысқан әскери жасақ. Атырау, 21 қыркүйек 2012 жыл.
"Көктем" саяжайында арнайы операцияға қатысқан әскери жасақ. Атырау, 21 қыркүйек 2012 жыл.
қызметкерлеріне оқ атты. Операция барысында олардың төртеуінің де көзі жойылды. Оқиға орнынан бірнеше қару-жарақ пен жанғыш сұйықтығы бар шөлмектер, жарылғыш зат жасауға қажетті бөлшектер табылды» делінген ресми хабарламада.

Азаттық тілшісіне тұрғындардың айтуы бойынша, алғашқы жарылыс даусы таңғы сағат 6-ларда естілген.

"Интерфакс-Қазақстан" операция болған жерден ішкі әскер тиеген екі "КамАЗ" көлігі, арнайы жасақ сарбаздары бар броньды техника әкетілгенін хабарлайды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

ЖАРТЫ АЙДА ОН АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Бұл - соңғы 16 күн ішіндегі Атырау облысындағы төртінші төтенше оқиға.

5 қыркүйек күні Атырау қаласындағы Құспан молда мешіті маңындағы жеке меншік үйлердің бірінде жарылыс болып, Нұрлыбек Сақауов есімді 21 жастағы азамат қаза тапқан еді.

12 қыркүйекте Құлсары қаласында "террористік топтың қызметіне қатысы бар

"Көктем" саяжайында арнайы операцияға қатысқан әскери жасақ. Атырау, 21 қыркүйек 2012 жыл.
"Көктем" саяжайында арнайы операцияға қатысқан әскери жасақ. Атырау, 21 қыркүйек 2012 жыл.

бірнеше тұлғаны ұстау және залалсыздандыру мақсатында терроризмге қарсы операция" өтті. "Оқиға болған жерден 5 мәйіт және ауыр жарақат алған бір тұлға табылды".

15 қыркүйекке қараған түні Атырауда белгісіз адамдар Исатай-Махамбет алаңында кезекшілік етіп жүрген полиция қызметкеріне оқ атып, жаралаған.

Осы оқиғаларда барлығы 10 адам қаза тапты.

Өткен жылы күзде де Атыраудағы облыстық прокуратура және әкімдік жанында жарылыс болған. Оған кінәлі деген адамдар «діни экстремист» және «террорист» деп айыпталып ұзақ мерзімге сотталды.
XS
SM
MD
LG