Айтыс зерттеушісі Серік Ерғали – қазіргі айтыстардың деңгейіне көңілі толмайтын сыншылардың бірі.
Ол «Сахнаға шыққан ақындар бір-бірімен айтыспайды (өткір әлеуметтік-саяси мәселе көтеріп, суырып салма сөз бәсекесіне түспейді – ред.), керісінше біреуді не мақтайды, не даттайды» дейді. 2013 жылы «айтыстың әуелі саясиланып, кейін ресмиленгені» туралы әңгіме күшейе түсті. Өйткені дәл осы жылы «Нұр Отан» билік партиясы өзін айтысты ұйымдастырушы және демеуші ретінде белсенді түрде жарнамалай бастады.
«АҚИҚАТТЫ АЙТЫС АРҚЫЛЫ АЙТҚЫЗАТЫН» «НҰР ОТАН»
Партия 2013 жылдың қараша айында Астанада «Кіл жүйрікте кім жүйрік» атты айтыс өткізді. Желтоқсан айының басында «Жырың болып төгілемін» атты айтыстың да бас демеушісі «Нұр Отан» болды.
«Нұр Отан» партиясы жанына құрылған «Қоғамдық-саяси сараптау институтының» жетекшісі Саясат Нұрбек «партия жаңа қабылданған саяси доктрина аясында ұлттық құндылықтарға көбірек мән беріп жатқанын» айтты.
«Осыдан біраз бұрын «Кіл жүйрікте кім жүйрік» деген айтыс өткені белгілі. Сол айтыстағы жетістігіміз – фракцияның депутаттары мен үкімет мүшелерін шақырып әкеп отырғызған болатынбыз. Кейінгі айтыста да солай болды. Яғни айтыстың негізгі рөлі – ақындардың аузымен ақиқатты билікке жеткізу ғой. Біз қазір айтысты сол тұрғыдан да қолданып жатырмыз» деді Саясат Нұрбек.
ЖҮРСІН ЕРМАН VS «АЙТЫСТЫ ИЕМДЕНУГЕ ҚҰМАР КҮШТЕР»
Серік Ерғалидың пікірінше, 2013 жылы айтыс өнерінде болған басты жаңалықтардың бірі – сахнадағы айтыс қойылымдарының «жеке адамның қолынан жеке топқа өтуі».
Қазақстанда айтыстың ұйымдастырушысы ретінде танылған ақын Жүрсін Ерман 2013 жылы қараша айында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен «Кіл жүйрікте кім жүйрік» атты айтыстан сырт қалған еді.
1984 жылы айтыстың алғашқы телевизиялық нұсқасының жүргізушісі болған, 1989 жылдан бері сахнадағы республикалық айтыстарды ұйымдастырып келе жатқан Жүрсін Ерман «Нұр Отан» қараша айында өткізген айтыстан кейін жергілікті газеттердің біріне сұхбат беріп, «Айтысты қолға алуға тырмысып жүрген күштердің бар екенін сеземін» деді. Ол бұдан бұрын президент Назарбаевтың туған күніне орай өткізілген айтысқа «Нұр Отанның» көмектеспегенін, соған наразы екенін де жеткізді.
Бірақ «Нұр Отан» желтоқсан айының басында «Жырың болып төгілемін» атты айтысқа бас демеуші болған кезде Жүрсін Ерман қазылар алқасының құрамында отырды.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының қызметкері, айтыскер Серікзат Дүйсенғазин «айтыстың билігі жеке адамның қолынан әлдебір топқа өтті» деген пікірімен келіспейді.
«Соңғы жылдармен салыстырғанда 2013 жыл – айтыс ең көп ұйымдастырылған жыл. Және соның бәрінің басы-қасында Жүрсін ағамыз жүрді. Ол соңғы айтыста жүргізуші болмаса да, қазылар алқасында отырды. Сондықтан «айтыстан Жүрсін шеттетілді» деген пікір – қате» деді ол Азаттыққа.
«БИЫЛҒЫ ЖАҢАЛЫҚ – «ҚҰЛМАМБЕТ АЙТЫСЫ»
2013 жылы өткен айтыстардың кейбірінде ұйымдастырушылар жаңаша форма іздеп, ақындарға бірнеше айтыс түрлерін ұсынды. Айтыс зерттеушісі Серік Ерғали биылғы айтыстың жаңалығы ретінде сондай айтыстың бірін – сахнаға төрт ақынды қатар шығарған «Құлмамбет айтысын» атады.
Мұндай айтыс әу баста ақындарға біртүрлі көрінгенімен бірте-бірте суырып салма айтыскерлердің жаңа ережеге төселіп қалғаны байқалады.
«Биыл Шиеліде өткен айтыста Жүрсін Ерманның өзі төрт ақынды сахнаға қатар шығарып айтыстырған. Ол кісінің айтуынша, ертеректе Жетісу өңірінде осындай айтыс түрі болған екен. Соны қайта жаңғырттық» дейді Серікзат Дүйсенғазин.
2012 жылы «айтыстан кеттім» деп мәлімдеген Ринат Зайытов 2013 жылы айтысқа қайта оралды. Биылғы айтыстардың ішінде жұрт есінде қалғаны осы Ринат Зайытовтың Мейірбек Сұлтанханмен айтысқаны болды. Оның соңы айғай-шуға ұласты:
Берісі қазақ арасында, арысы көшпелі Орталық Азия халықтарының бірталайында бұрыннан бар дәстүрлі суырып салып сөз жарыстыру бәсекесі – айтыс өнерінің сахнаға лайықталған түрі Қазақстанда 1943 жылдан бастау алады. Сол жылғы желтоқсан айында Алматыда өткен алғашқы республикалық айтыстың негізгі ұйымдастырушысы – Қазақстан компартиясы орталық комитеті болатын.
Партия идеологтары халыққа ұнамды суырып салма сөз бәсекесінде, әсіресе, тақырыптық айтыс жанры бойынша, совет үкіметінің насихатталуына күш салды. Бірақ қазақтілді аудитория үшін ерекше танымал тележобаға айналған 1980 жылдардағы сахналық айтыстарда саяси мәселелер де тұспалмен болсын көтеріліп жүрді.
Совет Одағы құлағасын 2000 жылдардың ортасына дейін айтыс сахнасы қазақ тілді аудитория үшін билікке қатысты ашық сын айтылатын шығармашылық еркіндік алаңы сияқты көрінді. Бірақ 2006 жылдан бері айтыс бәсекелерін Қазақстан билігі барынша қатаң бақылауға ала бастады.