"БАСҚА ПӘЛЕ -ТІЛДЕН"
Мейрам Тұржанованың сөзіне қарағанда, араздастыққа ақпарат құралында жарияланған мақала себеп болған.
«Наурыз айында «Время» газетінде мақала шықты. Газет мақаладағы ең маңызды сөйлемдерді қарамен қалыңдатып қояды. Онда «жастардың 90 пайызы жұмыс істемес үшін қаржы полициясы немесе кеденге барғысы келеді» деген Серік Тұржановтың сөзі қалыңдатылған еді. Бәлкім, бұл оның (Қожамжаровтың – ред.) қытығына тиген болуы керек. Ол үйге телефон шалып, өзінің наразылығын білдірді. Қазір екеуара диалогты дәлме-дәл айту қиын. Әңгіме «көреміз» дегендей кейіпте салқын аяқталды»
Мейрам Тұржанованың айтуынша, Серік Тұржанов әуел баста қылмыстық құрамда болмаған. Тек агенттік басшысының «жеке араласуынан» соң прокуратура қылмыстық құрамға қатысты шешімді өзгерткен шығар дейді ол.
Мейрам Тұржанова сонымен қатар күйеуінің сотта кінәсіз екенін дәлелдеу үшін қысқа мерзімнің ішінде екі қорғаушыны ауыстыруға тура келгенін айтады.
«Жұмыстың белгілі бір кезеңіне келгенде қорғаушылар тергеу жағына шығып кетеді де, Серік Тұржановты қаржы полициясы көрсетіп отырған адамдарға қарсы жауап беруге көндіруге тырысады. Бәлкім, қаржы полициясы қорғаушыларға қысым да көрсеткен шығар. Ол әу бастан-ақ, өзінің кінәсіздігін айтып келеді»
Тұржановтың туыстарының айтуынша, қаржы полициясы оны кінәлайтындай ешбір дәйек таппаған. Ақыр соңында өздерінің позициясында қалу үшін Қаржылық бақылау комитеті арқылы азаматтық шағым түсірді дейді Мейрам Тұржанова.
«Бұл процесс тағы да қысымнан басталды. Сот төрешісі Азаматтық процесуалды кодекске сәйкес бейтарап қалуы керек. Ал сот отырысында сот төрешісі керісінше, шағым иесі рөліне кіріп, қаржыны бақылау комитетінен келген қызметкерлер дайын болмаса да, олардан дәлелдерді суырып алып отырды. Қаржылық бақылау комитетінің өкілдері байқауды тексерудің негізінде заңға сәйкес шағымда көрсетілген айғақтарды дәлелдей алған жоқ, себебі ешқандай заңбұзушылықтар болмаған да еді»
Азаматтық шағым бойынша өткен сот отырысы барысында Қаржылық бақылау комитетінің арызына тікелей қатысы бар «КИІК» ЖШС-гі тарапынан ұсынылған талаптардың ешқайсысы да ескерілмеді дейді Мейрам Тұржанова. Оның айтуынша, қаржы полициясы қайткен күнде де Серік Тұржановты кінәлі етудің барлық амалдарын қарастыруда.
"ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСЫ ЖОҚ"
Осыған қатысты біз Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне хабарласқан едік. Агенттіктің баспасөз хатшысы Дәмежан Есенбекова аталмыш істі қаржы полициясы емес, арнайы бақылау органы қадағалап отырғанын жеткізді.
«Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық іс қолданыстағы заңға сәйкес зерттеліп жатыр және басшылық оған ешқашан араласқан емес. Себебі, қылмыстық істі арнайы бақылау органы, яғни прокуратура қадағалап жатыр»
Естеріңізде болса, 1 шілдеде қаржы полициясы Темірәлі Шіркінбаев деген азаматтың «КИІК» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржановқа белгіленген шектеу шарасын өзгерту үшін пара бермек болған жерінен тұтқындалды деген ақпарат таратқан болатын. Ізінше Серік Тұржановтың туыстары мен достары Шіркінбаевты мүлде танымайтындықтарын мәлімдеген еді.
«КИІК» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржанов осы жылы маусымның 2-сі күні «халық санағына бөлінген қаржыны жымқырды» деген айыппен осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және Қазақстан республикасы статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге қамауға алынған еді. Туыстарының айтуынша, оны алғашында 72 сағатқа қамауға алған. Кейіннен оған айыптау жариялағаннан кейін, мерзімді 10 күнге, сонан соң 4 айға созған екен. Ал тергеу жұмыстарының жалғасып келе жатқанына 6 ай болыпты.