Accessibility links

Президент сайлауының тұрақты кейіпкерлері


«Аттан Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек кезектен тыс президент сайлауына түскен кандидаттар туралы ақпарат ілінген тақтайша жанында тұр. Алматы, 3 сәуір 2011 жыл.
«Аттан Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек кезектен тыс президент сайлауына түскен кандидаттар туралы ақпарат ілінген тақтайша жанында тұр. Алматы, 3 сәуір 2011 жыл.

Президент сайлауына кандидат ұсыну мерзімі аяқталар тұста өткен сайлауларға қатысқан «тұрақты» кандидаттар тағы да үміткер болуға құлшынып шықты.

Наурыздың 12-іне дейін биылғы президент сайлауы науқанында Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінен басқа, сайлауға кандидатураларын ұсынып жатқандар арасында ірі саяси тұлғаны қойып, сайлаудан тәжірибесі бар ешкім жоқтай көрінген. Ал президент сайлауына кандидат тіркеу мерзімі аяқталуға үш күн қалғанда бұрынғы сайлаулардан жұртқа таныс бірнеше адам Орталық сайлау комиссиясына өтініштерін тапсырды.

«ӨЗ ДАУЫСЫН НАЗАРБАЕВҚА БЕРУ»

Наурыздың 12-і күні Қазақстан орталық сайлау комиссиясына президентттікке өзін-өзі ұсынып Мұрат Телібеков өтініш берді.

«Қазақстан мұсылмандары одағы» және «Орталық Азиядағы адам құқығын қорғау жөніндегі мұсылман комитеті» қоғамдық ұйымдарының атынан жиі мәлімдемелер жасайтын Мұрат Телібеков Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметін сынайтын тұлға ретінде танымал. Ислам жолындағы діндар саясаткер ретінде көрсететін Телібековтің басқалардан өзгеше ұстанымы дау да туғызып жатады.

«Қазақстан мұсылмандары одағы» жетекшісі Мұрат Телібеков.
«Қазақстан мұсылмандары одағы» жетекшісі Мұрат Телібеков.

Ол 2012 жылы құрбан-айт қарсаңында Алматы әкімдігіне қой апарып, қаладағы тұрғын-үйлерге жылу беруді өтініп флешмоб жасағанымен де көпшілік назарын аударған. Мұрат Телібеков 2011 жылы өткен президент сайлауында да ол өзін-өзі ұсынғанымен қазақ тілі емтиханына келмей қалған еді.

Президент сайлауы өткен сайын өзін-өзі үнемі ұсынатындардың бірі – «Аттан Қазақстан» қозғалысы жетекшісі Амантай қажы Асылбек ядролық қаруға қарсы наразылықтан бастап Меккеге қажылық сапары, көп әйел алу мәселесі сияқты әртүрлі акцияларымен «стандарттан тыс» тұлға ретінде танылған. Бір кездері АҚШ президенті Барак Обаманы қолдап акция өткізген ол, кейде Американың саясатын айыптап мәлімдемелер жасаған. Амантай қажы 1998, 2005 және 2011 жылдардағы президент сайлауларында да өзін-өзі ұсынған. Бірақ бірде мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған сынаққа келмей қалса, бірде кандидаттыққа жеткілікті қол жинай алмағаны үшін тіркелмеген.

«Табиғат» экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов.
«Табиғат» экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов.

Қазақстан президенттігіне тұрақты кандидаттардың бірі «Табиғат» экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов өз кандидатурасын биыл да ұсынатынын журналистерге мәлімдеген. Ол бұл жолғы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіп шығатынынан еш күмәнданбайтынын айтқан. Мэлс Елеусізов 2005 жылы да, 2011 жылы да президент сайлауына қатысып, соңғысында өз дауысын бәсекелесі Нұрсұлтан Назарбаевқа берген еді.

Бұған дейінгі Қазақстан президенті сайлауларының барлығында, ресми нәтиже бойынша, сайлаушылардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметті 1991 жылдан бері үздіксіз атқарып келеді.

Наурыздың 11-інде Астанада өткен биліктің «Нұр Отан» партиясының съезінде ол «басқа жоспарлары болғанына қарамастан, көпшіліктің сұрауы бойынша» кезектен тыс президент сайлауына қатысуға келісімін берді. Назарбаев сол күні лингвистикалық комиссия сынағынан сәтті өтіп, кандидат ретінде қол жинауға мүмкіндік алды.

Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға түсетінін мәлімдеді

Назарбаев сайлауға қатысуға келісті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:34 0:00

ПАРТИЯЛАР ҰСТАНЫМЫ

Қазақстанда Назарбаевтан басқа саяси партия атынан ұсынылып, лингвистикалық комиссия сынынан өткен тағы бір кандидат – Қазақстан коммунистік халықтық (ҚХКП) партиясының мүшесі Тұрғын Сыздықов. Кезінде Серікболсын Әбділдин басқарған Қазақстан коммунистік партиясынан бөлініп шыққан бұл партия 2011 жылы өткен сайлауда да өз өкілін ұсынып, президент сайлауының тартысты және бәсекелі түрде өткенін дәлелдеген.

ҚКХП Тұрғын Сыздықовты президент сайлауына ұсынды

ҚКХП президенттікке Тұрғын Сыздықовты ұсынды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

Бұл жолғы сайлауда осы екі партиядан басқа саяси ұйымдардан кандидаттар ұсынылмады. Әуел баста конструктивті оппозициялық партия ретінде құрылып, кейін бірнеше трансформациядан өткен мәжіліс құрамындағы «Ақ жол» партиясы бұл жолғы сайлауда өз арасынан кандидат ұсынбай, «Нұр Отан» партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдайтынын бейсенбіде өткен съезінде мәлімдеді.

«Нұр Отан» партисының мүшелігінен бірден оппозициялық «Ақ жол» партиясының төрағасына айналған Азат Перуашев съезд үстінде «ғаламдық деңгейдегі көшбасшы, Қазақстанның көркеюіне орасан зор үлес қосқан тұлға» Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Ал Қазақстанның саяси кеңістігінде өзін билікке оппозициялық күш ретінде көрсететін жалпыұлттық социал-демократиялық партия наурыздың 12-сі күні биылғы сайлауға кандидат ұсынудан бас тартатыны туралы мәлімдеді.

«ЖСДП өзі қатыспаса да өзін-өзі ұсынуы мүмкін билікті сынаушы кандидаттарға қолдау көрсетуі мүмкін бе?» деген Азаттық тілшісінің сауалына ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай: «Кандидаттарға теңдей жағдай жасалмайтын, нәтижесі алдын-ала белгілі сайлауға қатысып бекерге шаршаудың қажеті жоқтығын» айтты. Оның сөзінше, ЖСДП демократиялық күштер қатарындағы белгілі тұлғаларға ұсыныс жасап көрген. «Бірақ барлығы да президенттікке түсуден бас тартты. Өйткені, бүкіл билікті қолында ұстап отырған кандидатпен шынайы бәсекелес болудың мүмкін еместігін түсініп отыр» дейді Тұяқбай.

Жармахан Тұяқбайдың мәлімдемесі

Жармахан Тұяқбайдың мәлімдемесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00

Наурыздың 12-індегі мәлімет бойынша, президенттікке үміткер ретінде тіркелуге Орталық сайлау комиссиясына осы уақытқа дейін 22 адам өтініш берген. ОСК өзін-өзі ұсынған сегіз адамның екеуін жасы 40-қа толмағаны, алтауын қазақ тілінен сынақтан өте алмағаны үшін тіркеуге алудан бас тартқан.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы биыл 26 сәуірде өтеді. Президенттікке үміткер ұсыну 15 наурызда, ал үміткерлерді тіркеу мерзімі 26 наурызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG