Ауруханадан жаңадан шыққан Чернобыль апатының ардагері, 3-ші топтағы мүгедек Бақыт Битуреев өзін осы жылдың 17 қаңтары күні соққыға жығып кеткен Әуезов ауданының İшкі істер департаментінің үш қызметкері тиісті жазасын алсын дей келе, басынан өткен оқиғаны былайша баяндап берді:
- Жолда тосып тұрған жолаушыларды алып, Яссауи көшесінің бойымен төмен қарай жүрдік. Домостроительная көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдың алдынан тоқтаған кезде алдыма Газель машинасы көлденең келіп тоқтады. Мен бірнәрсе болып қалды екен деп, әйнекті аштым. Газельден адамдар жүгіріп келіп, мені себепсіз ұра бастады. Оң жағымда отырған жолаушы: «Ол мүгедек қой. Не үшін ұрып жатырсыңдар?» деп айғайлады. Олар мені көліктен шығарып, капотқа тақап бастан ұра бастады. Мен қаша бастадым. Мені біреуі бір теуіп еді, оң жағыммен асфальтқа құладым. Онан кейін мені асфальттың үстінде сүйрей бастады. Сонда жыртылған курткам мен жейдем үйде.
Оның айтуынша, жәбірленушілер мұнымен қоймай бар ақшасын тартып алыпты. Аталған оқиғаның ертесінде ішкі істер департаментіне барған жәбірленуші мен оның туыстарына ешкім де құлақ аспаған. Ал соққы салдарынан мұрны сынып, басқа да түрлі жарақат алған Бақыт Битуреев екі аптадай Қалқаман ықшам ауданындағы №5-ші ауруханада жатып емделiпті.
Біз аталған ауданның құқық қорғау органына бірнеше рет хабарласқанымызбен, жауап ала алмадық.
Чернобыль ардагерлерінің айтуынша, қоғамдағы тәртіп сақшыларының өздерінің тәртіпті бұзуы - жиі кездесетін жағдай.
- Тастаққа көліктің бөлшектерін алайын деп келдім. Керек нәрсені түгендеген соң кәуап пен бір саптыаяқ сыра алдым. Шықсам, екі полиция қызметкері шақырып алып, «Сіз массыз. Құжаттарыңызды көрсетіңіз» деді. Құжатымның ішінде 50 доллар болатын. Соны көре сап олар «Болды. Бізбен бірге бөлімге жүріңіз» деді. Біраз жүрген соң «осы жерде тұра тұрыңыз» деді де өздері кетіп қалды. Құжатым мен ақшамның жоқ екенін тек үйге барғанда ғана білдім. Міне, біздің полиция қызметкерлері осындай, - деп әңгімеледі Чернобыль ардагері Анатолий Шахов.
Кезінде кеуделерін оққа тоспаса да, совет адамдарымен бірге Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысып, соның салдарынан жарымжан болған ардагерлердің қазіргі таңда азы ғана қалды. Енді осы қалғандарының көрмегені құқық қорғау органдарының мазағы еді дейді өкпелі ардагерлер.
- Олардың денесінде қанша рентген сәулесі бар екенін бір құдайдың өзі біледі. Оны қайсы ғалым зерттеп жатыр дейсің. Біздің ұйымымызда 2007 жылы 10 адам қайтыс болды. 2008 жылы 18 адам өлді. Жаңа жылдан бері тағы бір ардагерімізді жерледік. Алдағы 10-15 жылда ұйымызда адам қала ма, қалмай ма белгісіз. Ал көрген қорлығымыз болса мынау, - дейді аймақтық соғыс ардагері Әбубәкір Қайназаров.
Ардагерлер одағы аталған іс бойынша, дүйсенбі күні Ішкі Істер министрлігі мен Бас Прокуратураға, сондай ақ, президентке хат жолдапты. Жауабын күтіп отырмыз дейді олар.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ардагер саны 7 мыңға жуықтайды.