Қазақстанда кез-келген шенеунік мәртебелі қызметке тағайындалғанда президентке «адал қызмет етуге» ант-су ішіп, уәде береді. Президентке деген адалдықтарын айтып қалатын сәтті құр жібермейді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақын серіктерінің бірі Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының Женевадағыорынбасары қызметіне тағайындалған еді. Ол осы қызметке барғаны үшін дәл Назарбаевқа қарыздар екенін жұрт алдында жария етті.
Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов те президент Нұрсұлтан Назарбаевқа деген алғысы мен адалдығын жұрт алдында білдіріп отырудың бір де бір мүмкіндігін жібермейді.
Орталық Азияның басқа республикаларындағы мәртебелі мемлекеттік шенеуніктердің жағдайы қалай екен?
Азаттық радиосының осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстеліне қатысқан қонақтар: Нұрмұхаммед Ханамов – Түркіменстанның бұрынғы елшісі, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы (Вена); Төлеген Жүкеев – Қазақстан қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары (Алматы); Ваххоб Вохидов – Тәжікстанның бұрынғы ауыл шаруашылық министрі, экономика ғылымдарының докторы, профессор (Душанбе); Сурат Икрамов – Өзбекстанның ерікті құқық қорғаушылары бастамашы тобының төрағасы (Ташкент).
АДАЛДЫҚ АНТЫ
Жүргізуші:
– Орталық Азия республикаларының қазіргі мәртебелі шенеуніктері кімдер? Қазіргі саяси режим тұсында олар қарапайым халыққа нендей мінез көрсетіп отыр? Аймақтағы елдердің мәртебелі шенеуніктерін біріктіріп тұрған не?
Сурат Икрамов:
– Қазақстанда да, Өзбекстанда да, тіпті бүкіл Орталық Азияда дерлік диктатура бар. Өзбекстанда министрлерден, облыс әкімшілігінің басшыларынан бастап судьяларға дейінгі барлық қызмет орындарын президенттің өзі бекітеді. Яғни оның келісімінсіз мәртебелі қызметтерге ешкім де тағайындалмайды. Сондықтан олардың барлығы президентке алғыс айтады. Анттан хабарым жоқ, Өзбекстанда ондай ант жайлы естіп көрмедім. Бірақ мәртебелі дәрежедегі кез-келген шенеунік президенттің келісімінен кейін ғана әлдебір шешім шығарады.
Ваххоб Вохидов:
– Антқа келер болсақ, бізде ондай жоқ. Мен - бұрынғы ауыл шаруашылығы министрімін, Совет одағының халық депутатымын. Мен республиканың қазіргі басшылығымен бірге жұмыс істегенмін. Олар көз алдымда өсті. Біздің президентіміз совхоздың бұрынғы директоры, облыс, жоғарғы совет төрағасына дейін көтерілді. Міне, Эмомали Рахмонды үшінші рет те президент етіп сайладық. Мен бізде Қазақстандағыдай фактілер болды деп ойламаймын. Жекеленген жағдайлар болып тұрады, бірақ біреудің жеке-дара президентке ант беруі болды деп ойламаймын.
Басқа елдерде қалай екенін білмеймін, бірақ біздің президент халықпен өте жиі кездесіп, республиканың барлық аудандарына, облыстарына барып тұрады. Бізде сенбі - республиканың аудан, облыс, министрліктер мен ведомство басшылары қабылдау жасайтын күні. Республиканың бүкіл басшылығы, кім болса да бәрібір, барлық еңбеккерлерді қабылдайды. Бір аптаның ішінде тізім жасалып, барлық мекеме ашық тұрады. Облыс төрағалары, министрлер 100-ден 500-ге дейін адам жинап, еркін микрофон орнатқан кездер көп болды. Жұрт жарты күн бойы сөз сөйлейді, ұсыныстар, қатысушылардың пікірлері төрт-бес сағаттап тыңдалады.
Басылымдарға келер болсақ, совет кезеңімен салыстырғанда Тәжікстанда газеттер өте көп - жеке меншіктері де, тәуелсіздері де бар. Радио, телевизия бойынша министрліктер, ведомствалардың басшылары түрлі мәселелерге байланысты сөз сөйлеп тұрады. Саяси партиялар еркін жұмыс істейді, сайланады, парламент сайлауына қатысады. Әрине, кемшіліктер бар, бірақ бұл туралы бүкіл республика біледі.
Төлеген Жүкеев:
– Бізде, әрине, ауызекі тілде «ант» сөзін қолдана беруге болады ғой, ал шынында бұл «ант қабылдау» деп аталады. Әңгіме негізінен Конституцияға, халық мүддесіне деген адалдық жайлы емес, президентке деген жеке бас адалдығы жайлы болып жатқанын сіздер де дұрыс
Қазақстан қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Төлеген Жүкеев (сол жақта) және "Азат" ЖСДП теңтөрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.
байқадыңыздар. Бұл бұрыннан заңдастырылған, бірақ іс жүзінде жазадан шынымен құтқармайды.
Бір кездері басшылар, премьер-министрлер өздерінің берілгендіктері, адалдықтары жайлы құжаттарды өз қолдарымен жазушы еді. Осындай қағазға ие болса, әрдайым осы адамдарды толықтай бағынышты етіп ұстап тұруға болады деп есептелетін. Бірақ шын өмірде бұл қағаздың ешқандай мәні жоқ екенін өмір көрсетіп отыр. Меніңше, кейбір оппозицияға кетіп қалған біздің бұрынғы премьер-министрлеріміз және басқа да биліктің жоғарғы органдарының басшылары немесе қазірде шетелде тұрып жатқан жекеленген адамдар осындай ант берген болатын. Бірақ осы қағаздардың бір де біреуі осы адамдардың түзу ниеттері тұрғысынан да, олардың дискредитациясы тұрғысынан да шын мәнісінде іске аспады.
Сондықтан ант қабылдау қағаз жүзінде қалып келеді. Бұны теледидардан көрсетеді. Бұл сырттай қарағанда аса әдепті көрінбейді. Әртүрлі аталғанымен, президент, ұлт лидері немесе басқа бір адамға деген адалдық анты. Бұл мүлде заманға сай емес. Турасын айтайықшы, мүлдем тиімсіз.
Нұрмұхаммед Ханамов:
– Тәжікстанды есептемегенде, Түркіменстанда басқа елдердегідей бәрі де тура сондай. Менің түсінуімше, ол жақта бәрі тамаша. Бізде ондай жоқ. Бізде бір басты билік бар: тек қана министрлерді, облыс деңгейіндегі басшыларды емес, аудан деңгейіндегі шенеуніктерді де президент тағайындап, президент қызметтен босатып отырады. Мәртебелі қызметтегі барлық басшылар жарлық бойынша тағайындалады, оларға алты айлық сынақ мерзімі беріледі. Егер де адам осы алты айдың ішінде көңілден шықса, орнында қалады. Көңілден шықпаса, шамасы келмеген деп, орнынан тайдырады.
Антқа келер болсақ, ант деген шынымен болған. Қазір де бар, бірақ Ниязовтың тұсындағыдай дәрежеде қолданылмайды. Шындығын айтсақ, антты президентке ғана емес, елге де беретін. Ол шамамен былай делінетін: «Егер мен отаным мен президентке опасыздық жасасам, қолым семіп қалсын немесе тілім байланып қалсын.» Осындай сарында болатын.
Мен совет заманында-ақ материалды-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиттеттің төрағасы болып тағайындалдым. Бірақ Совет одағы ыдыраған соң республикалар тәуелсіз болғанда мені қайта бекіткендіктен осы орында отыра бердім. Тағайындау туралы жарлыққа президент қол қойса да, бізбен жоғарғы советте сөйлесті. Сол жерде ғана депутаттар қалай жұмыс істемексің деген сұрақтар қоя алды.
Одақ ыдырағаннан соң бұл ерекше қарқын алды. Біздің республика тез арада дербес болуы үшін елдің экономикасын көтеру керек болды. Бәрібір мәртебелі орындағы белгілі бір басшының кандидатурасын ең жоғарғы буын ұсынатын. Мен министрді және мемлекеттік комитет басшыларын, тіпті облыс басшыларын айтамын. Мысалы, министрлерді премьер-министр ұсынатын. Бұл мәселе парламентте қарастырылып бекітілетін, тек содан кейін ғана жарлыққа қол қойылатын. Бірақ артынша Ниязов осының бәрін тыйды, содан кейін барлық қызметке тек оның жарлығы арқылы тағайындалатын болды.
Антты қызметке кірісіп жатқандар ғана берген жоқ. Совет заманында ант деген болған жоқ – мен президенттің жаңасына да, ескісіне де ант берген емеспін. Осы антты Ниязов енгізді. Кейін антты мәртебелі қызметке тағайындалған адам ғана емес, тәрбиешілеріне ере қайталап балабақшадағы балалар да, мектептегі оқушылар да, студенттер де, мемлекеттік қызметкерлер де берді. Жұмыс күні немесе оқу осыдан басталатын.
Президент қатысқан республикалық немесе қалалық ауқымдағы
...президенттің қолын сүйетін. Оны істемегендер қудаланды, олардың ішінде мен де болдым
іс-шаралар да анттан басталатын. Жұрт тұрып, осы антты айтып барып белгілі бір мәселені қарастыруға кірісетін. Сол себепті біздегі анттың зор мәні бар болатын. Ол былай бекітілетін: президенттің қолын сүйетін. Оны істемегендер қудаланды, олардың ішінде мен де болдым.
Мен елші болып тағайындалдым, бірақ бұл мен үшін жер аударумен тең болды. Мені елден кетіру үшін және президенттің көзіне күйік болмауым үшін осылай істеді. Мен президенттің рұқсатынсыз елге демалысқа да келе алмайтынмын.
«ЖАСАНДЫ» МИЛЛИАРДЕРЛЕР
Жүргізуші:
– Қазақстандағы ең ауқатты адамдар - шенеуніктер. Орталық Азияның басқа елдеріндегі мемлекеттік қызметкерлер қалай, немен күн көреді?
Сурат Икрамов:
– Өзбекстанның президенті елде олигархтардың болуына жол бермейтінін айтты. Шенеуніктердің баю үрдісі бар. Еуропа, Америка және тағы басқа елдерден қымбат мүлік сатып алып жатқанын соңғы кезде батыстық
Өзбекстанның ерікті құқық қорғаушылары бастамашы тобының төрағасы Сурат Икрамов. Алматы, 15 желтоқсан 2009 жыл.
ақпарат құралдарынан біліп жатырмыз. Бұл негізінен аты-жөндері жария болмайтын шенеуніктер. Осы елдерге аударылған қаржы – өте көп. Жалпы бұл республиканың өзінде ондай ақшаны сақтау өте қауіпті екенін білдіреді, өйткені соңғы кезде облыс басқармалары басшыларының үстінен көп сот процестері өтіп жатыр. Көбін түрмелерге отырғызды.
Бұлар - мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін немесе асыра сілтеген істері үшін темір торға қамалған әкімдер, министрлер, түрлі басқармалардың бастықтары немесе пара алып ұсталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері. Мұндай фактілер Өзбекстандағы жемқорлықтың шын мәнінде етек жайып бара жатқанын байқатады. Халықтың қомақты қаражатын билік құрылымдарының өзі тонап жатыр.
Нұрмұхаммед Ханамов:
– Ниязов шенеуніктер мен олардың балаларына кәсіпкерлікпен айналысуға үзілді-кесілді тыйым салған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыны бақылап, президентке баяндап отырған. Белгілі бір шенеунік оның бұйрықтарын орындамаған жағдайда, сол шенеуніктің шаруасын тез арада бітіріп отырған.
Алайда бұл шенеуніктер байымады, мемлекеттік жалақыдан бөлек олардың табыс көздері болмады деген сөз емес. Көптеген министрлер мұны былай жасайтын: кәсіпкерлерге көмектесе отырып, өз үлестерін алып отырған. Сонымен бірге кәсіпкерлікпен мемлекеттік шенеуніктерге
Өзінің жақын бағыныштыларының кейбіреулеріне – вице-премьерлерге заңсыз табыс табуға рұқсат ететін
сүйенген жалған адамдар айналысқан. Шындығын айтқанда, ерте ме, кеш пе шындықтың беті ашылатын. Өзінің жақын бағыныштыларының кейбіреулеріне – вице-премьерлерге заңсыз табыс табуға рұқсат ететін. Бірақ ол мұның белгілі бір деңгейден аспауын қадағалап отыратын. Осы адамның сазайын тартқызу керек болғанда, осынау барлық астыртын іс-әрекеттерін жариялап, заң бойынша жазалайтын да, бұл адамның көзін құртатын.
Біздің шетелде жүрген шенеуніктеріміз көп емес. Оларды миллионерлер немесе миллиардерлер деп, ол жақта шалқып жүр деп айта алмаймын. Менің өзім - бұрынғы шенеуніктердің бірімін. Тәуелсіз Түркіменстанның тұсында екі жарым жыл жұмыс істедім. Сонау жылдары біз шынымен ынта-жігермен жұмыс істейтінбіз, елдің экономикасын шынымен тез арада көтергіміз келді, сондықтан да капитал жинайтындай халде болған жоқпыз – мұндай іс соңыра басталды.
Соңғы кезеңде қызмет етіп, елден 2000 жылдардың басында кеткен Орталық банктің бұрынғы төрағасы Оразовты алып қарайықшы. Мен оның да шалқып жүрмегенін білемін. Мысалы, мен өзіме саяси баспана берген Австрияда тұрамын. Зейнетақым көп емес – менің негізгі табысым сол деп айтуға болады. Бірақ мен өміріме разымын, мәселе онда емес.
Айтайын дегенім, Ниязовтың төңірегінде шынымен де арам пайда тапқан шенеуніктер болған, бірақ олардың бәрін қадағалап отыратын. Ал Қазақстандағыдай шенеуніктер Түркіменстанда жоқ. Елдің ішінде ондайлар бар болған күннің өзінде олар күнде жұмысқа барарда жұмыстан қайтар-қайтпасын ойлап жүреді.
Төлеген Жүкеев:
– Біздің жоғарғы шенеуніктердің тобы, тіпті ортаңғы буыны да түгелімен өздерінің қызметтерін, өздерінің билік өкілеттіктерін капиталға ауыстырып алды. Тіпті мемлекеттік қызметте отырмаған «Форбс» тізіміне кіретіндер - тағайындалған, бекітілген, саяси режим жасап шығарған миллиардерлер. Бұл - туыстық қарым-қатынас, әкімшілік қызметтің үлкен капиталға ауыстырылған жағдайының классикалық көрінісі.
Олардың арасында, әрине, кәсіпкерлікке ебі бар қабілетсіз емес адамдар табылып қалады. Мұндай қабілетті адамдар Қазақстанда аз емес, бірақ біреулері миллиардер болды, басқалары болмады.
АЙНАЛА СЫБАЙЛАСТЫҚ
Жүргізуші:
– Төлеген мырза, соңғы екі-үш жылда Қазақстанда шенеуніктерді жемқорлықтары үшін жиі соттай бастады. Бұл ненің белгісі?
Төлеген Жүкеев:
– Шынайы өмірде сотталған бұрынғы басшылар, министрлер, шенеуніктер соңыра ірі мемлекеттік компанияларды басқарған. Бұл жемқорлықпен шынайы күрес емес, кландық-топтық шайқастар болуы керек. Бұл адамдар жай ғана көзге түсіп қалған. Мен олардың ант бергендері, жеке бас адалдығы жайлы айтқандары құтқарды деп ойламаймын. Оларды жағдайды түсіндіріп, қайтадан аса мәртебелі емес қызметтерге сүйреп жеткізген басқа адамдардың қолдаулары құтқарды. Осы да, басқа да кейіпкерлердің бүгін-ертең немесе әйтеуір бір күндері министрліктерге не өзге қызмет орындарына тағайындалуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.
Шенеуніктер тобы іс жүзінде өзін-өзі, өзіне ұқсағандарды құтқарумен айналысып отыр. Соңғы кезде Қазақстанда контрабанда немесе басқа істерге қатысы бар арнайы қызмет, қорғаныс ведомствалары қызметкерлерін қылмыстық жазаға тарту жағдайлары өте көп. Бірақ әлі ондай қылмыстық істердің бір де бірі сотқа шынымен жетпеді, шынайы жаза әлі кесілген жоқ. Шенеуніктердің арасындағы сыбайластық жазасыз деуге болады.
Жүргізуші:
– Сурат мырза, жемқорлықпен ұсталған серіктеріне президент Ислам Каримов қандай шара қолданады?
Сурат Икрамов:
– Аяусыз күрес жүріп жатыр. Президент жемқорлықпен күресіп жатыр, бірақ бұл соншалықты нәтижелі емес. Тәжірибе көрсеткендей, осындай жоғары дәрежедегі шенеуніктер ондап, мүмкін, жүздеп не одан да көбі қазір түрмеде отырғандарына қарамастан, ештеңе де өзгеріп жатқан жоқ. Олардың орындарына тағайындалғандар да жұмыстарын баю мақсатында пара алудан, ақша талап етуден, қызметтік мүмкіндіктерін асыра пайдаланудан бастап жатыр.
Барлық президенттер күресіп жатыр, мен бұған сенімдімін. Бірақ нәтиже болар емес, себебі биліктің өзі заңсыз иемделген, бақылаусыз кеткен. Айнала сыбайластық жайлап жатыр. Қазіргі күні сот органдарының да, құқық қорғаушы органдардың да, қорғаныс құрылымдарының да жемқор болып кеткені соншалық, ешбір заңның, конституцияның күші жоқ.
Жүргізуші:
– Ваххоб мырза, Тәжікстанда жоғарғы билік құрамында жемқорлықпен күрес қаншалықты әділ және сәтті өтіп жатыр? Тәжікстанда әділ соттың әмірі жүрмейтін шенеуніктер бар ма?
Ваххоб Вохидов:
– Мен бар деп айтпас едім. Себебі бұл сұрақ – өте күрделі. Президент жемқорлық пен жемқорларға қарсы әрдайым күресіп отырады. Шенеуніктер қатарынан нақты мысалды мүлдем таппай отырмын.
Нұрмұхаммед Ханамов:
– Бұл мәселе кейде қарастырылып тұрады, түркімен президенті де осы туралы үздіксіз айтып отырады. Әлдебір шенеунік пара аламын деп ұсталып, сотталыпты дегенді жаңа президент келгелі естіген жоқпыз.
Түркіменстанның бұрынғы елшісі, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нұрмұхаммед Ханамов.
Мұндай оқиға тіпті өзіне аса жақын жүрген екі вице-премьерді, бірнеше министрді отырғызған Ниязовтың тұсында болған. Олардан бірнеше килограмм алтын, ірі мөлшердегі валюта тапқан. Бірақ тура Өзбекстандағыдай немесе Қазақстандағыдай бұл біздің де жүйеге айналған. Барлық жерде - президенттен бастап ең төменгі шендерге дейін, – түгел жемқорлық. Ымы-жымы бір сыбайластар. Онда жемқорлықпен күресетін ешкім жоқ, ұсақ шенеунік болу үшін міндетті түрде белгілі бір мөлшердегі ақша төлеу керектігін бәрі де жап-жақсы біледі. Тарифтері бар.
Төлеген Жүкеев:
– Біз көбіне мысалдарды Қазақстаннан алдық. Бірақ жемқорлыққа ең көп батқан ел Қазақстан деген әсер қалыптаспауы керек. Барлық Орталық Азия мемлекеттерінде, ТМД-да жемқорлық бірдей шамада - жоғары. Себебі саяси режимдер де бар жерде бірдей.
Нұрмұхаммед Ханамов:
– Халықаралық ұйымдар кейде белгілі бір мемлекеттердің миллиардерлерінің немесе миллионерлерінің тізімдерін жариялайды. Осы тізімдердің ешбірінен бір де бір түркіменді таппайсыз. Ниязовшыл жүйенің іске асқаны соншалық, осындай дәрежеге жетуге мүмкіндік бермейді. Мұны Ниязовтың балалар үйінен шыққанынан, оның президент болғанын пайдаланып қала алатын көп туысқандары жоқтығынан деп түсіндіруге болады. Қазіргі президентке келер болсақ, бәрі де өзгеше. Мұнда оның туысқандары қанжығаларын майлап, байып отыр. Жуырда, меніңше, түркімендердің арасында да миллионерлер пайда болады.
Жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, Азаттық радиосының ұжымы пікірталасқа қатысқандарыңызға алғыс айтады.