Таңертеңгі отырыста адвокат Сәлімжан Мусин көп уақыт өтіп кеткендігіне байланысты, өз қорғалушысы Төлен Тоқтасыновқа қатысты қылмыстық істі қарауды тоқтатуды талап етті. Судья Райхан Әшкеева бірден – ақ ол өтінішті қанағаттандырмады. Мусин өз кезегінде бұл әрекеттің заңға қайшы келетіндігін алға тартып, судьяны ауыстыруға қайтадан өтініш білдірді.
Айта кету керек, айыпталушы жақ осымен судьяны өзгерту туралы 5 рет өтініш білдірді.
- Судья бізге, «сіздер осымен 5-ші рет осындай өтініш білдіріп отырсыздар, сондықтан бұл өтініштеріңізді ешкім қарастырмайды» деп жауап берді, – дейді Асылбек Қожахметов.
Судьяның жауабына наразы болған Болат Әбілов өз қарсылығын білдірмек болып сөз алып еді, судья Райхан Әшкеева оны тыңдауағ ықылас танытпады. Судья сәлден кейін, Әбіловті дауыс көтеріп сөйледіңіз, сотқа құрмет көрсетпедіңіз деп, сот залынан шығып кетуін сұрады. Ал Болат Әбілов бұдан былай сот отырысына қатыспайтындығын мәлімдеді.
Түстен кейін жалғасқан сот отырысында Асылбек Қожахметов те өзінің қорғаушысын соттан шақырып алатынын айтып, ары қарай сот отырыстарына қатыспайтындығын мәлімдеді. Судья Қожахметовтың бұл өтінішін қанағаттандырды.
«Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов «неше түрлі соттарды басымнан өткерсем де, осындай біліксіз судьяны бірінші рет кездестіріп отырмын» деп атап көрсетті. Ол сот отырысы басталған уақыттан бері судья бірқатар заң талаптарынан белінен басып келеді дегенді айтады.
İсті жүрізуші судья Райхан Әшкеева соттың ашық түрде өткізіліп жатқандығына қарамастан, журналистерге ешқандай фото –видео және аудио жазбаларды жүргізуге рұқсат бермеген болатын. Ол тек қана «қолдарыңызға қалам мен қағаз алып, болып жатқанды жазасыздар»,- деген еді.
Бұдан бұрын Төлен Тоқтасыновтың адвокаты Сәлімжан Мусин оппозиция жетекшілерінің ісін сотқа жіберу туралы қаулыдағы прокурордың қолы еместігін алға тартып, істі соттан кері шақыртып алу керектігін айтқан еді. Алайда, судья Райхан Әшкеева осы және басқа да өтініштерді қанағаттандырмай тастаған болатын..
Содан кейін прокурордың қолын қойған адамды тауып, тиісінше құжатта тұрған қолдың иесін анықтау мақсатында оның қолтаңба сараптамасын жасау туралы өтініш те жауапсыз қалған еді.
Осы және де басқа да мәселелерді алға тартқан оппозиция жетекшілері бұл істің немен аяқталатындығы белгілі болып тұр дейді. Сондықтан өздерінің сотқа қатысу-қатыспаулары ешқандай өзгеріс алып келмейді деген тоқтамға келген олар.
Соттың келесі мәжілісі дүйсенбі, наурыздың 30-ына белгіленді.