Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақпанның 11-інде «Қазақфильм» киностудиясының «Келін» көркем фильмі БАҚ өкілдері мен киносыншыларға жабық түрде көрсетілген болатын. Осыған орай, киностудия басшысы Аманшаев «Қазақфильм» киностудиясының рұқсатынсыз фильмнің жабық көрсетілімін өткізуге Тұрсыновтың құқы жоқ екендігін, бірақ киностудия режиссерді сотқа бермей-ақ, ескерту жасаумен шектелеміз дегенді айтты.
Қазақстанда «Келін» фильмі әлі көпшілікке таныла қоймаса да, оған қатысты қызу пікірталас орын алып отыр. Бірі бұл туындының қазақ кинематографиясындағы орны ерекше деп бағаласа, енді бірі керісінше пікір білдіруде. Осылайша әлі көрермен назарына ұсынылып үлгермеген «Келіннің» тағдыры таразыға тартылуда.
Ермек Аманшаевтың айтуынша, режиссер Ермек Тұрсыновқа «Келін» фильмі үшін 9 млн теңге төленген сөйтіп ол картинаның меншік құқын толығымен киностудияға берген.
Осы мәселеге қатысты киностудияның заңгері Темірлан Төлегенов былай дейді:
– Киностудия мен режиссер арасында жасалған келісімшарттың негізінде картинаның барлық авторлық құқығы «Қазақфильмнің» еншісіне берілген. Сондықтан режиссердің бұл әрекеті заңға қайшы.
Ал, Ермек Тұрсынов ақпанның 11-індегі жабық көрсетілімде «Қазақфильм» «Келінді» үлкен экранға шығарудан бас тартып отыр деп мәлімдеген болатын. Режиссер мұны аталмыш фильмде "тым ашық, анайы көрінетін эпизодтар бар" деп, киностудия жанынан құрылған сарапшылар кеңесінің оған өзгертулер енгізу қажет деп шешкендігімен түсіндірді. Сол сұхбатында Тұрсынов «фильмнің авторы ретінде мен картинаға ешқандай өзгеріс енгізуге рұхсат бермеймін» деген болатын.
Осыған қатысты Ермек Аманшаев «Келіннің» төңірегінде туындап отырған даудың ешқандай негізі жоқ деген пікірін айтты.
- Фильмді қарап шыққан сарапшылар кеңесі ешқандай ресми шешім шығармайды. Олар тек пікір, ұсыныстарын ғана білдірген болатын. Соның негізінде біз «Келінге» шет елден білікті режиссер-монтажшыны шақырту керек деп шештік,- дейді Ермек Аманшаев.
Сарапшылар кеңесінің құрамында танымал ақын - жазушылар, белгілі киносыншылар, продюсерлер мен кино саласында еңбек етіп жүрген жандар бар. Солардың бірі – танымал продюсер Гүлнәр Сарсенованың пікірінше, фильм әлі шикі.
- «Келінді» әлі де болса түзету қажет. Менің байқауымша бұл фильмде плагиатқа ұқсайтын жайттар бар. Дәлірек айтсам, кей тұстары Жапонияның «Легенда о Нарояме» фильміне келетін сияқты. Дегенмен, картинада өте тамаша көріністер бар, сөзбен айтып жеткізе алмайтын табиғаттың керемет көріністері, техникалық сапасы қандай керемет. Менің ойымша, Ермекке бір сәт сынға да құлақ асу қажет сияқты. Біздер,«Қазақфильмге» мүлдем қатысымыз жоқ сарапшылар кеңесі, картинаның жетістіктері мен кемшін тұстарын бірдей байқадық. Сондықтан, арнайы маман шақыртып, фильмге қазақ кино өндірісінің мақтанышы бола алатындай өзгерістер енгізу керек деп санаймын, – дейді Гүлнәр Сәрсенова.
– «Келін» фильмінің бір данасы Канн кинофестиваліне қатысатын туындыларға іріктеу жүргізетін мамандар қолында. Сондықтан бұл картина төңірегіндегі дау-дамай Канн фестивалінің ұйымдастырушыларына деген қысым деп танылуы мүмкін. Ал бұл дәл қазіргі таңда қажет емес, - дейді Ермек Аманшаев.
Ермек Тұрсыновты өткен жексенбі күні белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен болатын. Сол себепті, қазір үйінде ем қабылдап жатқан Ермекпен хабарласып, қандай да бір ақпарат алу мүмкіндігі болмады. Ал баспасөз-мәслихатында "Қазақфильм" басшысы Е. Аманшаев режиссер Е. Тұрсыновтың соққыға жығылғаны туралы оқиғаға тоқталмады. Тіпті таяқ жеп, үйінде жатқан Ермек Тұрсыновтың денсаулық жағдайы қазір қандай деген турасында да сөз қылмады.
Бұдан бұрын, сәрсенбі күні Азаттық радиосының тілшілері бұл жөнінде білмек болып хабарласқан кезде, киностудияның баспасөз хатшысы Әсел Жарқынбаева "Қазақфильм" басшысы Е. Аманшаев ертең өткізілетін баспасөз-мәслихатында (демек, осы мәслихатта) айтады деген еді.