Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысымен қатар, соңғы күндері Астана, Шымкент, Алматы қалаларында тұрғын үй салуға жер сұраған ондаған адамдардың кезегі пайда болды. Олар жергілікті әкімдіктерге барып, арыздарын өткізді.
Оқи отырыңыз: Әкім жер сұраған тұрғындарды «сабырлы болуға» шақырып қайтарды
Президент мораторий жариялаған «Жер кодексіндегі» ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншік пен жалға беруді қарастыратын төрт баптың айналасындағы даумен қатар, бүгінде тұрғын үй салуға жер сұрау жиілеп тұр. Бұл мәселенің шешімі бар ма? Қала маңындағы ауыл шаруашылығына, өзге де мақсаттарға арналған жерлердің тұрғындарға берілуі қалай реттелуі керек? Ауыл төңірегіндегі жайылымдық және шабындық жерлердің жеке қолға - жалға не меншікке берілуі қалай қарастырылған? Оның шешімі қандай?
Осы мәселені талқылаған хабарға бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, саясаткер Балташ Тұрсымбаев қатысты.