Accessibility links

Астана түбіндегі ауылдар ауыз суға зар


Степной ауылы ауыз суға зәру
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:23 0:00
Жүктеп алу

Степной тұрғындары тыйым салынған "колонкадан су ішіп отыр. Шортанды ауданы, Ақмола облысы. 30 шілде 2013 жыл. Видеоны түсірген - Өркен Жоямерген.

Шортанды ауданында сот шешімімен ауыз суы денсаулыққа қауіпті деп танылған бірнеше ауыл тұрғындары Азаттыққа мәселенің әлі шешілмегенін айтып шағымданды.

Авил Алдаберген Астанадан 60 шақырым жердегі Ақмола облысы Шортанды ауданына қарасты Степной ауылында тұрады. Ол күнделікті отбасына қажет ауыз суды ескі «Ауди» көлігімен көрші Шортанды, Раевка мен Мықтыкөл ауылдарынан тасиды. Уақыты мен күшін сарп етіп әкелген суы тұнық болмай шыққанда қатты күйзеледі.

- Осында көшіп келген екі жыл бойы көрген күнім – осы. Суды алған бойда лай болады. Сарғайып кетеді. Суды ішкен кішкентай балалар ауруханадан бір-ақ шығады. Соқырішек, әртүрлі ішек ауруларына шалдығады. Үлкен кісілер мен аяғы ауыр әйелдерге де жаман әсер етеді, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Шортанды ауданына қарасты Дамса, Научный және Степной ауылдарында тұратын жұрт ауыз су азабын бірнеше жылдан бері тартып келе жатқандарын айтады. Көшелерге бірнеше жыл бұрын орнатылған құдықтар («колонкалар» - ред.) ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуі тиіс болатын. Алайда
"Колонкадан" су алып тұрған адам. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Степной ауылы, 30 шілде 2013 жыл.
"Колонкадан" су алып тұрған адам. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Степной ауылы, 30 шілде 2013 жыл.
былтыр осы құбыр арқылы келетін суды аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің шағымы бойынша жергілікті сот ішуге жарамсыз деп тапқан. Жергілікті әкімдік өкілдері мәселе шешілгенше тұрғындарға көлікпен су тасуды ұйымдастыруы тиіс болған. Бірақ ауыл адамдары көрші елді мекендерден суды әлі өз беттерімен тасып жүр. Көлігі жоқтары тыйым салынған суды ішуге мәжбүр.

Ауыл тұрғындарының кейбірі күнделікті ішуге қажет 30-40 литр ауыз суды Астанадан немесе аудан орталығы Шортандыдан тасиды. Ал Степнойдағы көше бойында орналасқан колонкалардан тек малға беру үшін ғана су алады. Алайда көрші ауылдың суына тек астында көлігі барлардың ғана қолы жетеді. Зүлжәлел Дарияхан ақсақалдың таза су тасып ішуге шамасы да, көлігі де жоқ. Сондықтан қария амалсыз бақшасы мен малын суаратын суды ішетінін айтады.

«ЖАППАЙ АУРУ ТАРАУ ҚАУПІ»

Шортанды аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау бөлімінің басшысы Сәуле Сәдуақасованың сөзінше, 7 мың тұрғыны бар 3 ауылдың қолданып отырған суы ішуге мүлде жарамайды. Мұндай қорытындыға олар былтыр су құрамын зерттегеннен кейін көз жеткізген. СЭҚ құзырлы органдарға арыз түсіргесін, 2012 жылдың маусым айында Ақмола облысының экономикалық ауданаралық мамандандырылған сотының шешімі бойынша ауыз су жеткізумен ​
Су беруді тоқтату туралы сот шешімі. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, 30 шілде 2013 жыл.
Су беруді тоқтату туралы сот шешімі. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, 30 шілде 2013 жыл.
айналысатын аудандық «Шортанды Су» мемлекеттік шаруашылық мекемесінің 3ауылға су беруіне тыйым салынған.

- Санитарлық нормаларға сай келмеуіне байланысты су берудің тоқтағанына бір жыл болды. Шешім шыққан бойда біз оны прокуратураға бердік. Олар сот орындаушылары арқылы шешімді орындатуы тиіс. Ал ары қарай тексеруге біздің құқымыз жоқ. Ішетін суды әкімдік су таситын көлікпен апарып беретін болып келісілген, - деді Сәуле адуақасова Азаттық тілшісіне.

Азаттық тілшісі аталған сот шешімімен танысқан еді. С.Мукашов есімді Ақмола облысының экономикалық ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы 2012 жылғы маусымның 25-і күні бекіткен құжатта «Шортанды Суға» қарасты құбырдың «санитарлық талаптарға сай еместігі, халықтың денсаулығына зиян келтіріп, жаппай таралатын жұқпалы аурулардың шығуына түрткі болуы мүмкін екені» туралы жазылған.

«БҰЛ СУДЫ ӨЗІМ ДЕ ІШІП ОТЫРМЫН»

Азаттық тілшісі аталған ауылдардағы ауыз су мәселесінің мән-жайын білу үшін Шортанды ауданының әкіміне жолықты. Жуырда ғана сайланғанын айтқан әкім бұл жайында «жақсы мағлұмат беретінін» меңзеп, бізді орынбасары Марат Атабаевқа апарды.
Марат Атабаев, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, 30 шілде 2013 жыл.
Марат Атабаев, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, 30 шілде 2013 жыл.

Әкім орынбасарының сөзінше, Шортанды ауданына қарайтын Дамса, Научный және Степной ауылдарына су «ашық көлден алынып, тазартылған соң» бір құбырмен беріледі. Оның айтуынша, бұл ауылдарға ауыз су жеткізу жұмыстары үш жылға (2011-2013) жоспарланған. Биылғы тамыз айында су тарту жұмыстары аяқталуы керек.

- Мен - Степной ауылының тұрғынымын. Өзім де сол суды ішіп отырмын. Иә, былтыр проблема болды бізде. Кішкене судың сапасы нашар болды. Исі болды жаман. Қазір судың сапасы жаман деп айтуға болмайды, - деді аудан әкімінің орынбасары.

Ал аталған үш ауылға әкімдіктің көлікпен су тасуы жайында жергілікті халықтың көпшілігі білмейтін болып шықты. Степной ауылының тұрғыны Ескендір Самарханұлы:

- Ауылға ешқандай таза су келген жоқ. Соңғы рет әкім жиналысында «Бір жұманың ішінде таза су келеді. Сапасы қаланың суынікіндей болады.
Ескендір Самарханұлы, Степной ауылының тұрғыны. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, 30 шілде 2013 жыл.
Ескендір Самарханұлы, Степной ауылының тұрғыны. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, 30 шілде 2013 жыл.
Миллиондаған қаржы жұмсадық» деген. Ал су таситын көлік келеді деген сөз болған жоқ. Оны естейтін едік, көретін едік, - деді.

Қазақстан үкіметінің 2001-2010 жылдары жүзеге асырылған «Ауыз су» бағдарламасының сылбыр орындалуына қатысты қоғамдық белсенділер жиі сын айтып келді. Бағдарламаны орындауға кедергі болған себептердің бірі – жемқорлық. 2012 жылы қаржы полициясы «Ауыз су» бағдарламасы аясында жасалған 73 қылмыстық істі анықтағанын, мемлекетке 484 миллион теңге шығын келтірілгенін мәлімдеген.

Ал 2012 жылы үкімет жаңа «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 151 жобаны жүзеге асыруды жоспарлаған еді. Бұл мақсат үшін бюджеттен 34 миллион теңге бөлінген.
XS
SM
MD
LG