Accessibility links

Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайыновқа сауал


Қазақстан президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов.
Қазақстан президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов.

Азаттық сайты Қазақстан президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновты онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

Азаттық сайты Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына түсіп жатқан кандидаттарға онлайн-конференция өткізу туралы ұсыныс айтып, хат жолдаған еді.

63 жастағы Әбілғазы Құсайынов Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын металлургия комбинатының жұмысшысы болудан бастап, кейін партиялық қызметте мансабы жоғарылаған. Совет Одағы күйрейтін кезге қарай ол Қазақстан коммунистік партиясы Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы деңгейіне жеткен.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Әбілғазы Құсайынов түрлі басшылық қызметтер атқарып, министрлік басқарған. Қарағанды облысы әкімі әрі құрылғаннан бері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келе жатқан президенттік «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы болған.

2015 жылы сәуірдің 26-сына белгіленген кезектен тыс президент сайлауына кандидаттыққа өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновтың сайлау штабының жетекшісі Рүстем Жоламанов Азаттыққа телефон арқылы берген жауабында, қазір сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен «ел аралаудан қолы босамайтындықтан», Азаттықтың онлайн-конференциясына кандидаттың қатыса алмайтынын айтып, кешірім сұрады.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:32 0:00
Жүктеп алу

Азаттықтың онлайн-конференциясына қатысуға уақыты болмағанымен, Әбілғазы Құсайынов сайлаушылар сұрағына жауап берер деп үміттенеміз. Президенттікке кандидатқа айтары бар оқырмандар қоятын сұрақтарын төмендегі форумға жаза берулеріне болады.

Әбілғазы Құсайынов сауалдарға осы форум арқылы тікелей жауап бергісі келсе, әр пікірдің оң шақ шекесіндегі «Сіздің бұған қосарыңыз» деген сөзді басып, әрі қарай жаза беруіне болады. Немесе кандидаттың жауабын аудио болмаса видео түрінде де жариялауға мүмкіндік барын қаперге саламыз.

Сұрақ қою және жауап беру сәуірдің 24-інде аяқталады.

XS
SM
MD
LG