Алматы тұрғыны Сақып Жаңабаева – зейнетақысының өскеніне «еш қуанбайтын» зейнеткерлердің бірі.
– Есептеуімше, менің алатын 29 мың теңге зейнетақыма 1 мың 200 теңге ғана қосылады екен. Оның пайдасы шамалы, өйткені коммуналдық төлемдер мен жарық та өседі. Одан кейін дәстүр бойынша ақырын-ақырын азық-түлік бағасы да өседі. Өйтіп зейнетақыны өсірмей-ақ қойсын, – дейді 67 жастағы зейнеткер.
Ғылым саласында 42 жыл қызмет еткен Сақып апай – экономика ғылымдарының кандидаты. Алайда қазіргі зейнетақысы күнделікті азық-түлігіне жетпейді.
– Алатын 29 мың теңгенің 14 мың 500-ін несиеге беремін. Ата-анасынан айырылған туысқаныма кезінде несие алып едім, сол үшін төлеймін. Коммуналдық төлем 30 мың теңгеге шығады. Оған жетпейтіндіктен газет сатып, қосымша ақша табуға тырысамын. Азық-түліктен тек арпа-сұлы сияқты дақылдар ғана аламын, етті екі жылдан бері жемейтін болдым, – деді зейнеткер.
Қазақстанда 2014 жылғы қаңтардың 1-інен бастап зейнетақы көлемі 9 пайызға өсті. Бұл өзгеріс зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан азаматтарына, әскери қызметкерлерге, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, өзге де арнаулы атақтары бар адамдарға қатысты.
2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша ең аз зейнетақы – 20 мың 782 теңге.
Бұдан бөлек, 2014 жылғы қаңтардың 1-інен бастап ең төменгі өмір сүру деңгейі 19 мың 966 теңге болып бекітілді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгергендіктен, мүгедектерге, асыраушысынан айырылғандарға және жас балаларға арналған мемлекеттік негізгі әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері де алдағы қаңтардан бастап артады.
Бірақ зейнетақы және жәрдемақы көлемімен бірге бірқатар коммуналдық қызмет бағасы да өсіп барады. 2014 жылы Қазақстанда электр қуаты тарифiнің қымбаттайтыны туралы «KEGOC» төрағасы Бақытжан Қажиев мәлімдеген еді. Ирониялық сәйкестік деуге келетін бір жайт – электр қуатының тарифі де дәл зейнетақы сияқты 9 пайызға өсті.
«Шығынымыз көбейіп барады, мемлекет басшысы мен үкiмет берген тапсырма бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн де қаражат керек» деді Қажиев қараша айында өткізген баспасөз мәслихатында.
2014 жылдың басынан жолаушы тасымалдайтын темір жол көліктерінің қызмет ақысы 7 пайызға қымбаттамақ. Темір жол – Қазақстандағы жолаушы тасымалдайтын негізгі көліктің бірі. Ресми мәлімет бойынша 2012 жылы Қазақстанда 20 миллионға жуық жолаушы пойызбен сапар шеккен.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, «Жолаушылар тасымалы» облысаралық және халықаралық темір жол тасымалының барлық бағытына пойыздармен жол жүру ақысы 7 пайызға дейін өсті.
Компания басшылары мұндай шешімге негіз болған себептер – отын-энергетикалық ресурстардың қымбаттауы мен жүргіншілер жолда қолданатын заттарға жұмсалатын шығынның көбеюі деп түсіндіреді.