Accessibility links

Қола дәуірі бұйымдары

Алматыдағы Орталық музейде "Қола дәуіріндегі (б.з. д. XVIII–IX ғғ) Қазақстан" көрмесі өтіп жатыр.

Алматыдағы мемлекеттік Орталық музейде қола дәуіріне қатысты екі мыңнан астам жәдігер жинақталған. Оның бір бөлігі 28 сәуірде ашылған "Қола дәуіріндегі (б.з. д. XVIII–IX ғғ) Қазақстан" көрмесіне қойылды.

Бұл көрме белгілі археолог Әбдулманап Оразбаевты (1922–1997) еске алу құрметіне өтіп жатқан YII Оразбаев оқулары ғылыми-практикалық конференциясы аясында ұйымдастырылған.

Көрмеге "Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірі" еңбегінің авторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі археология және этнология кафедрасының негізін қалаған Әбдулманап Оразбаевтың жетекшілігімен ұйымдастырылған экспедиция кезінде табылған жәдігерлер ұсынылып отыр.

XS
SM
MD
LG