Accessibility links

«Құнанбай» кинофильмі – заманның талабы»


Актер Досхан Жолжақсынов Құнанбай рөлінде. Суреттің авторы - Рафат Бегишев.
Актер Досхан Жолжақсынов Құнанбай рөлінде. Суреттің авторы - Рафат Бегишев.

Досхан Жолжақсынов түсірген «Құнанбай» фильмінің премьерасы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өтпек. Азаттық киноның режиссері, әрі бас рөлдегі актерінен сұхбат алды.

Азаттық: – «Құнанбай» көркем фильмінің алғашқы тұсаукесер көрсетілімін Алматыда немесе Астанада емес, неге Абай ауданында ұйымдастырып жатырсыз?

"Құнанбай" фильмі. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, 3 тамыз 2014 жыл. Суретті түсірген - Рафат Бегишев.
"Құнанбай" фильмі. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, 3 тамыз 2014 жыл. Суретті түсірген - Рафат Бегишев.

Досхан Жолжақсынов: – Көкейімізде Құнанбайды айтсақ – Абай, Абайды айтсақ – Құнанбай тұрады. Оған қоса, киноны сонда (Абай ауданында – ред.) түсірдік. Көпшілік сахнасына қатысқан – сол жер. Кино түсіруді бастамас бұрын алғаш барып, сол жердегі ақсақалдардың батасын алдық; Құнекеңнің басына барып, ту бие сойып, құран бағыштадық; бәйгесін бердік. Енді фильмнің алғашқы тұсаукесерін сол жерден бастау - менің азаматтық парызым. 12 мамыр күні - Абайда, 13 мамырда Семей қаласында көрсетіледі. Содан кейін барып Астана мен Алматыға жол тартамыз.

Азаттық: – Құнанбай бейнесі бізге Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы таныс. Яғни, оқырман санасында ол бірбеткей, қыңыр, көп сөйлемейтін кейіпкер ретінде қалыптасты. Ал кинодағы Құнанбайдың бейнесі қаншалықты өзгеше, әлде сол Әуезов жолымен жүрдіңіздер ме?

Азаттық: – Фильм көрерменге жеткенге дейін «әттеген-ай» дейтін жерлері болса, өз аузыңызбен айта аласыз ба?​Досхан Жолжақсынов: – Ұлы Мұқаңның дүниесі бізге бағыт-бағдар екені хақ. Бірақ ол романның мақсаты заманына, сол кезеңнің саяси көзқарасына сай болды. Сондықтан да ондағы Құнанбай бейнесінің сәл басқашалау болғаны рас. Бірақ Құнекең туралы одан кейін де қаншама мағлұматтар арқылы Құнанбайдың белгісіз ақиқаттары ашылғандай болды. Осының бәрін саралай отырып, кинода пендеуи Құнанбайды сомдадық. Отырып ап билік айтқаннан гөрі, қиналған Құнанбай, ойланған Құнанбай, шешім қабылдаған Құнанбай қылып алдық. Өмір сүрген кезеңін көрсете білдік.

"Құнанбай" фильмін түсіріп жатқан сәт. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, 3 тамыз 2014 жыл. Суретті түсірген - Рафат Бегишев.
"Құнанбай" фильмін түсіріп жатқан сәт. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, 3 тамыз 2014 жыл. Суретті түсірген - Рафат Бегишев.

Досхан Жолжақсынов: – Өнердің ұлылығы сонда болу керек, ойлана берсең, қаза берсең, жетпейтін, кемшін тұстар шыға береді. Сол себепті «әттеген-ай» дейтін жерлер бар. Киноны монтаждау кезінде күніне бір емес, бірнеше мәрте көре отырып, «әттеген-ай, мына жерін былайша шығару керек еді-ау» дейтін тұстары болды. Бірақ оның барлығы кеш. Сондықтан оны қозғамай-ақ қояйын. Ең бастысы – ойлаған ой, қозғаған пәлсапа, салынған астар ойымнан шықты.

Азаттық: – «Досхан Жолжақсынов Құнанбай рөлін ойнағаннан кейін кинодан кетем депті» дейтін сыбыс шындыққа қаншалықты жақын?

Досхан Жолжақсынов: – Кинода Барақтың Құнанбайға «Өлсем аяғым үзеңгіде кетсін» деп айтатыны бар еді. Сол айтқандай, Құдай саулық беріп, қол-аяққа амандық беріп тұрған кезде әлі де шығармашылықпен айналыссақ дейміз. Бірақ оның бәрі жеке бізге де байланысты емес. Інімдей боп кеткен Таласбектің (Таласбек Әсемқұлов, кинодраматург, жазушы – ред.) кенеттен марқұм боп кеткені қабырғамды қайыстырып, ұйқымды қашырды.

"Құнанбай" фильмі. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, 3 тамыз 2014 жыл. Суретті түсірген - Рафат Бегишев.
"Құнанбай" фильмі. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, 3 тамыз 2014 жыл. Суретті түсірген - Рафат Бегишев.

Азаттық: – Сіз түсірген екі фильмнің де сценариін жазған Таласбек Әсемқұлов марқұмның үшінші бір жобасы «Томирис ханшайым» да дайын екені бұған дейін айтылған болатын. Аталған жобаны көрдіңіз бе, егер көрсеңіз болашақта қолға алу ойда бар ма?

Досхан Жолжақсынов: – «Томирис ханшайымның» сценариі жазылған соң бірінші болып оқыған өзім едім. Маған ұнап еді. Кей жеріне өзімнің пікірімді айтып ем. Соның барлығы біткеннен кейін біз тапсырып едік. Бірақ бұған үлкен қаржы керек. Бұл жүрдім-бардым кино емес. Қаржының табылуы қиын. Сондықтан тоқтатылған. Бірақ сценарий дайын. Ол киностудияда да («Қазақфильм» – ред.), қолымызда да бар.

Азаттық: – Өзіңіз түсірген екі фильмнің екеуінде де басты рөлді, бас кейіпкерді өзіңіз ойнапсыз. Өзіңіз түсірген кинода басты рөлді иемденуіңіз қаншалықты дұрыс шешім деп қабылдадыңыз?

Досхан Жолжақсынов. "Біржан сал" фильмінен алынған сурет. 2009 жыл.
Досхан Жолжақсынов. "Біржан сал" фильмінен алынған сурет. 2009 жыл.

Досхан Жолжақсынов: – Біреу ойлауы мүмкін, «мынау киноны оң жамбасына дайындап, тек өзі түсу үшін жасайды екен» деп. Тіпті де ондай болмады. Өмір бойғы дайындығым, саналы ғұмырым – «Біржан салда» (кинофильм – ред.). Жобаны ұзақ дайындап, Біржан образын бойыма сіңірдім, оның үстіне өзім актермін. Сөйтіп келіп, өзіме теліген кезде оны біреуге қия алмадым. Сонымен қатар режиссер ретінде басқа біреумен (бас рөлде ойнайтын актер – ред.) көп жұмыс істеу керек. «Құнанбайда» да тура сондай болды. Бес жыл дайындалдық. Актер ретінде оның қимыл-әрекеті, көзқарасы, ой қорыту тәсілі, жүріс-тұрысына дейін ойлаған соң тағы бір актерға қию қиын. Оның үстіне өзімнің қолымнан келіп тұрса, неге ойнамасқа. Сондықтан осындай шешімге келгенім рас.

Азаттық: – Актер Досхан Жолжақсыновтың режиссер болуға талпынып, бірден тарихи, оның ішінде танымал тұлғалар туралы көркем фильмдер түсіруге баруының себебі неде? Бұл сәнге айналған атақ шығарудың жаңа түрі ме?

"Құнанбай" фильмін түсірудің бір сәті. Сурет авторы Рафат Бегишев.
"Құнанбай" фильмін түсірудің бір сәті. Сурет авторы Рафат Бегишев.

Досхан Жолжақсынов: – Менде осымен (өзі түсірген киножобалармен – ред.) атағымды шығарайын, бедел жинайын деген ой жоқ. Сал-серілерді баяғыда әкемізден естуші едік. Жалпы арманым – күй шертіп, ән айту еді. Бірақ бұл тек дастархан басында, қонақ алдында дегендей ғана мүмкіндігім болып қалды. Актерлыққа кеткеннен кейін ой-өріс, ой қорыту басқаша болды. Тың тақырыптар іздей бастадым. Сол тың тықырыптың ең біріншісі, ап деп аузымызға ілінгені – осы сал-серілер болды. Таласбек екеуміз қатар отырып осыны іздедік. Бес жылдай дайындалдық. «Біржан сал» фильмі солай келген дүние. Ал «Құнанбай» - өзі сұранып тұрған тақырып. Сондықтан бұл – атақ шығарудың емес, заманның талабы.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

XS
SM
MD
LG