Қамауда жатқан шекарашының атасы Владимир Челах пен анасы Светлана Ващенко сенбі, маусымның 9-ы күні Алматы облысы Үшарал қаласындағы тергеу изоляторындағы Владиславпен кездескен еді. Ал жексенбі күнгі баспасөз маслихатына тек атасы қатысты. Оның айтуынша, кішкентай баласы сырқаттанып қалғандықтан Светлана Ващенко Қарағандыға шұғыл түрде қайтып кеткен.
ЖАҢА БОЛЖАМ
Баспасөз маслихатында Владимир Челах Үшарал қаласында айтқан сөздерін журналистер бұрмалады деп санайтынын жеткізді. Немересімен кездесуге 5-ақ минут берілгенін және кездесу кезінде Владислав Челахтың мүлдем сөйлемей, меңіреу қалыпта тұрғанын айтты. «Немерем «қылмысты мен жасаған жоқпын» деп айтты» деген кешегі мәлімдемесін мүлдем жоққа шығарды.
- Бізді екі жарым сағат күттіріп қойды. Тергеу өтіп жатыр деген секілді сылтаулар айтты. Содан кейін тергеу изоляторына алып барып, маған да, анасына да тек 5 минуттан берді. Ол жерде бізден басқа изолятор қызметкерлері, адвокат, тағы басқа көп адам болды. Владислав маған ешнәрсе айта алмады. Ол өзін жайсыз сезінді, әбден қорқып қалған. Ол үндемей ғана менің айтқанымды тыңдап тұрды. Мен оған: «Владик, ұлым, сенің жазықсыз екеніңді білетін адамдар бар. Егер сені біреулер қорқытса, қорықпа» деп бірнеше рет қайталадым. Ақыр аяғында қоштасар сәтте бетінен сүйіп едім, көзінен бірдеңе байқадым, меніңше ол мені түсінген сияқты, - деді Владимир Челах.
Челахтың пікірінше, немересін белгісіз біреулер психотропты затпен уақытша есінен адастырған. Содан кейін өздерінің арам ойларын жүзеге асырған.
- Оны қыстақтан, төсектің астынан тауып алған. Төсектің шетінде тапанша ілініп тұрған және бір шөлмек арақ болған. Құдай атымен ант етемін, немерем арақ ішпейді, - деді Владимир Челах.
Оның сөзінше, 19 жастағы баланың 14 адамды жайратып салғандығына, қаза болған шекарашылардың да ата-аналары сенбейді екен.
- Олар маған күн ара телефон соғып отыр. Тіпті бір әйел үйімізге де келді. «Мені асып тастаса да, бұл қылмысты жасаған мен сіздің ұл екендігіне сенбеймін» деді. Ата-аналар қазір менен бір хабар күтіп отыр. Барып, көрген-білгеніңді айт деп отыр. Олар керек болса мені қолдауға дайын, - деді Владимир Челах.
Тірі қалған шекарашының атасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шекарада теракт жасалуы мүмкін деген әуелгі болжамына сілтеме жасап, Үшарал отрядына қарасты застава постыларында бұрын да төтенше оқиғалар болған, бұл да соның бірі деген мазмұнды сөз айтты. Ол «Арқанкерген» постының қасынан «көпшілікке белгілі» есірткі сауда жолы өтеді деп санайды.
Владимир Челах немересіне тергеу кезінде қысым жасалып жатқан жоқ деп бірнеше рет қайталады және мемлекеттік адвокаттың тағайындалуына қарсы емес екенін білдірді.
Владислав Челахтың кеше Үшаралда және бүгін Алматыда айтқан сөздерінің аудионұсқасын төменнен тыңдай аласыздар.
ШЕКАРАШЫЛАРДЫ ЖЕРЛЕУ
"Қазақпарат" агенттігінің хабарлауынша, 10 маусым күні Қазақстанның бірнеше облысында қаза болған шекарашыларды ресми түрде жерлеу рәсімдері ұйымдастырылды. Марқұм Ерлан Ақышев (1988 жылы туған) пен Талғат Сәрсембаевтарды (1988 ж.т.) жерлеу рәсімдері Үшарал ауданында өтті.
Жексенбі күні Қарағанды обылсының Балқаш қаласында шекарашы Нұрланбек Мұқашевті (1991 ж.т.) туыстары мен жақындары ақтық сапарға шығарып салды. "Қазақпарат" оның отбасына 1.4 миллион теңге жәрдемақы төленді деп хабарлады.
Тараз қаласы мен Шу ауданында қаза болған жамбылдық екі шекарашы Нұржан Үсіпәлиев (1991 ж.т.) пен Жанат Ілиясовты (1992 ж.т.) жерлеу рәсімдері ұйымдастырылды.
Атырау қаласында марқұм үш шекарашы Данияр Балғабаев (1992 ж.т.), Жеңіс Сағынғалиев (1990 ж.т.) және Бекзат Әмірғалиевтерді (1989 ж.т.) соңғы сапарға шығарып салу жиыны өтті.
Ал Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы Мерей ауылында «Арқанкерген» постының бастығы, капитан Алтынбек Кереевті (1984 ж.т.) жерлеу рәсімі өтті.
"Қазақпараттың" хабарлауынша, опат болған шекарашылар Рүстем Ақылбаев, Денис Рей және Мейірхан Именовтің мүрделері әлі танылған жоқ.
30 мамыр күні Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сарыбөктер" заставасына қарасты "Арқанкерген" постында 14 шекарашы мен бір қорықшы өлі күйінде табылған еді. Бас прокуратура өкілі бірнеше күннен соң табылған тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах әскери қызметтестерін "өзі өлтіргенін мойындады" деп хабарлаған. Челахтың туыстары бұл айыптауға сене алмайтындарын мәлімдеген болатын.