Еуропа елдерінің билігі жылқы етіне қатысты даудан кейін, өздері тұтынып отырған еттің барлығына сараптама жасап жатыр. Әуелгі шудан соң жасалған соңғы соңғы сынақтар кезінде сиыр етінде жылқы ДНК-сы табылмады. Бірақ Ұлыбритания мен Норвегияда «халал» деп сатылып жатқан еттерде 50 пайыздан артық шошқа еті анықталып отыр.
АЛАЯҚТЫҚ
Алдымен ұлыбританиялық ғалымдар «халал» деп ұсынылған сиыр және құс етінен шошқаның ДНК-сын анықтаған. Лондондағы Вестминстер аудандық кеңесі мұндай еттің мұсылман оқушылар оқитын мектепке жеткізіліп келгенін хабарлады. «Әл-шарк әл-аусат» басылымының жазуынша, тергеу жұмыстары аяқталғанға шейін мектептерге аталған өндірушінің өнімін жеткізу тоқтатылған.
Ал наурыз айында Норвегияда шошқа еті фаст-фуд пен пиццаға арналған еттен табылған.
«Бұл айтарлықтай заң бұзушылық болғандықтан екі компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар «халал» өнім деп шошқа етін өндіріп келген Kuraas және «100 пайыз сиыр еті» деп сатып келген өнімінің 60 пайызынан көбі шошқа еті екені анықталған Norsk Mesterkjoett компаниялары» деді Норвегиядағы азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің өкілі По Рангхильд Арнесен.
Ал норвегиялық азық-түлік қауіпсіздігі бойынша консультант Катрин Сигнесвиланд «Халал ет құрамында шошқа еті болмауы тиіс. Оның осыншама көп кездесуі – кездейсоқтық емес, барып тұрған алаяқтық» деген.
«ШОШҚА ЕТІН ҚОСПАҒАН ЗАТТЫҢ БӘРІ БІРДЕЙ ХАЛАЛ ЕМЕС»
Алматы тұрғыны Хасан қазіргі «халал» деп сатылып жатқан өнімдердің барлығына бірдей сенбейді. Ол «халалдың» нағыз халал екенін анықтау үшін бірнеше әдіс ойлап тапқан.
- Шұжықтардың сыртында қанша «халал», «мұсылмандық» деп жазылып тұрғанына қарамастан, нағыз «халал» өнімде оның шығу мерзімі, оны шығарған өндірістің аты-жөні мен мекен-жайы толығымен жазылып тұруы керек. Өндірістерде жұмыс істеп жатқан мұсылман бауырлар арқылы қандай фирманікін алған жөн екенін естіп-біліп жатамыз. Ал жаппай «халал» белгісі бар өнімді ала бермеймін, сенбеймін, - дейді Хасан.
Ол, әсіресе, базар мен көпшілік жүретін қоғамдық орындардағы «Халал» деген белгі тіпті «күлкілі көрінеді» дейді.
Хасанның бұл сөздерін соңғы жеті жыл халал шұжықтар шығарумен айналысатын шағын кәсіпкер Саябек Хасенов те қолдайды.
- Кейбір өнімдерде аты-жөні де, мекен-жайы мен құрамы да жазылып тұрады. Ал оның сапасы – күдікті. Себебі Астанада мен білетін бір шұжық өндіруші компания бар. Аптаның алты күнінде шошқа араласқан шұжықтың түр-түрін жасайды да, жұма күні дәл сол цехта шошқа қосылмаған «халал» шұжықтар шығарады. Халал - тек шошқаның етінің болмауы емес, оның шариғат талаптарына сай болуы. Ал шошқа етін шығарған цехтан, қалай халал өнім шығуы мүмкін? Сондықтан адамдар ойланып алуы керек, - дейді ол Азаттық тілшісіне.
Ол бұл мәселеге қатысты бірнеше рет сөз қозғаса да, «цех басшылығы өздерінің жұма күні цех толығымен тазартылаып, шұжық шариғат талаптарына сай өндірілетінін» айтқан.
СЕРТИФИКАТ САТУ
Қазір Қазақстанда «Халал» сертификатын алған 40-тан астам халықаралық, 500-ден аса қазақстандық мекеме бар. Кәсіпкер Саябек Хасеновтың сөзінше, соңғы кездері Қазақстанда «халал» өнімге деген сұраныс артып келе жатыр - бұл фактор табысты ойлайтын кәсіпкерлерді бейжай қалдырмайды.
- Халал көпшілікке бизнестің көзі болып көрінеді. Қазір мұсылман да, мұсылман емес те халалды таза деп ұғады да, соны сатып алады. Тек штампы тұрса болды. Ал ол штамп сатылады. Кей кәсіпкерлер соны сатып алады да, өнім адал болмаса да «халал» деп сата береді, - дейді Саябек.
АЛМАДАҒЫ ПИНГВИН ГЕНІ
«Халал» сертификатының сатылатынын «Қазақстан халал индустриясының ассоциациясы» да растады. Бірақ сертификат бергеннен кейін тексеріп, бақылап отырамыз дейді ассоциация мамандары.
- Алдымен кәсіпорын басшылығы сертификат алуға бізге өтініш жазады. Біз бір күн толығымен өнімнің қалай және қандай жағдайда шығарылып жатқанын тексереміз. Одан кейін өндіріс жұмыскерлеріне халал өнімді өндіру талаптарына қатысты дәріс оқимыз. Сертификат алғаннан кейін бір жыл ішінде еш ескертусіз төрт рет тексеріс жүргізуге құқығымыз бар, - деді ассоциацияның стандарттау және сертификация бөлімінің басшысы Аяулым Молдағалиева.
Аяулым Молдағалиева қазір тұтынып отырған азық-түліктердің құрамы «сан-алуан» болатынын ескертеді.
- Қазір біз үшін гендік модификация деген күрделі жағдай пайда болды. Өнімге жануардың гені енгізіледі. Мәселен, қарапайым алмаға бүрісіп, үсіп қалмауы үшін пингвиннің генін енгізеді. Пингвин - суда да, жерде де жүретін жыртқыш аң болғандықтан харам жануар, тиісінше ол алма да харам болып табылады. Әрине, біздің стандарттар бойынша барлық ГМО (гендік модификацияланған ағза – ред.) харам емес. Егер ГМО адал – рұқсат етілген жануардан енгізілсе, ол халал болып есептеледі, - дейді маман.
ГМО өнімді вирустар мен өзге де ауруларға төтеп бере алатындай төзімді етеді, ең бастысы оның сыртқы түрін сақтап тұрады. Алайда өнімге енген өзге ген тірі организм болғандықтан адам ағзасына түскенен кейін мутацияға ұшырауы мүмкін.
- ГМО-ның басты мақсаты - өнімділікті арттыру. Мәселен, қарапайым шемішкеге мысықтың генін енгізіп жатады. Сонда оған тышқан және құрттар жақындамайды. Себебі тышқанда мысықты көрмесе де, оның иісін сезетін қасиет бар. Сондықтан ол бұл өнімге жақындамайды. Ал ол харам болып табылады. Бізге Шығыс Қазақстанда сұйық май шығаратын кәсіпорын өтініш беріп, сертификат алғысы келді. Алайда олар пайдаланатын шемішкеде ГМО анықталып, біз сертификат берген жоқпыз. Ал кәсіпорын «Қазақстанда шемішке аз, сондықтан оны шетелден аламыз» деп шағынды, - дейді Аяулым Молдағалиева.
Халықаралық халал стандарттарының талаптары бойынша, өнімдегі қоспалардың барлығында: алкоголь, ГМО, шошқаның барлық компоненттері, «халал» стандартына сай емес түрде өлтірілген жануар еті, жыртқыш аң мен құс еті, улы заттар болмауы тиіс. Мәселен, Е120 бояғышы насекмомдардан алынады.
Шошқа желатині де халал стандарттары бойынша тыйым салынған затқа жатады. Егер құрамында улы және адамға зиян қоспалары болмаса, азық-түлік өніміне синтетикалық және химиялық қоспалар қосуға рұқсат етілген.