Советтік Қазақстандағы Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ 1949 жылдың 29 тамызында жасалды. Ядролық жарылыс зардаптары туралы жайттар бүгінге дейін толық ашылмаған. Ал жарылыс кезінде тірі адамдарға жасалған сынаққа еріксіз қатысқан құрбандар туралы мағлұмат тіпті аз.
Ядролық сынақ жасау және жарылыс кезінде қандай процестер болатынын зерттеу үшін СССР үкіметінің жабық қаулысымен 1948 жылы Қазақстанда Семей ядролық полигоны құрылды. Оның көлемі 10 мың шаршы километр жерді қамтыды.
Ядролық бомбаны құрастырған ғалымдарға ядролық жарылыстың жанды-жансыз объектілерге әсері туралы мағлұмат қажет болды. Ал 42 «жанды объект» бұл экспериментке қатысқандарын сезген де жоқ. Олардың денсаулығына қатысты деректер жарылыстан кейін де көпке дейін жария болмады.
Ядролық сынақтар өңірге үлкен экологиялық зиян тигізді. Радиациялық сәулеленуге ұшыраған халық түрлі дертке шалдықты, көбі жастай өлді, генетикалық өзгерістерге ұшырады.
Семей полигонында ядролық бомбаны жер бетінде сынау кезінде адамдарға жасалған эксперименттен тірі қалған жалғыз куәгер Елеуғазы Нұрғалиевтің Теміртауда тұрғанына жеті жыл болыпты. Бірақ оны табу үшін кейіпкеріміз тұрады-ау деген бірнеше мекенжайды аралап шығуға тура келді. Алайда ол кісі жайлы білетіндер аз болып шықты.
Нұрғалиевтар отбасы Азаттық тілшісін ақ пейілмен қарсы алды. Елеуғазы атаның жан түршіктірер қорқынышты әңгімесі ұзаққа созылды.
«АУЫЛДА ҚАЛУҒА БҰЙРЫҚ БЕРІЛДІ»
Елеуғазы Нұрғалиев Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абыралы ауданына қарасты Қайнар ауылында туған. Құжатта ол кісінің туған жылы 1933 деп көрсетілген. Қазір 80 жаста. Бірақ өзінің айтуынша, 1930 жылы туған.
Әкесін 1937 жылы «халық жауы» ретінде ұстап әкеткен. Бірақ Нұрғалиевтар отбасының айтуынша, оның атылғаны немесе ауру-сырқаудан лагерде қайтыс болғаны бүгінге дейін белгісіз. Анасы үш баланы жалғыз асыраған. Елеуғазы тоғызыншы сыныптан кейін Семейдегі байланыс училищесіне түседі. Оны бітіріп, туған ауылына жұмыс істеуге оралады.
Жас жігіт «ғылыми зерттеулердің объектісіна айналамын» деп ойламады. Ол Қайнар ауылының тағы 41 тұрғынымен бірге ғалымдар мен дәрігерлердің жіті қадағалауымен тәжірибе жасалатын «обьектіге» айналды.
– Ауылда қалуға бұйрық берілді. «Әлдебір жаттығу өтеді, маңызды нысандарды күзету үшін бірнеше адам қажет» деді. Байланысшылар да керек деді. Ауылда менен басқа тағы бір жігіт байланысшы еді. Бізді бір күркеге қамап қойды. Мезгілімен тамақтандық. Қашан не болатынын бізге айтқан жоқ. Бас тартуға да ерік бермеді, – дейді Елеуғазы Нұрғалиев.
«КӨЗІМІЗ ҚАРЫҚТЫ»
Ауылға әскерилер қаптап кетті. Тұрғындарға жүктерін жинап, малдарын айдап, Егіндібұлақ ауданына көшуге бұйрық берілді. Таңсәріде төңірек көз қарықтыратын жарыққа шомылды. Іле-шала көтерілген мықты толқынға ілесе қатты гүріл естілді. Әлгі толқынның екпінінен ауылдағы үй біткеннің терезе әйнегі саудырап түсті.
– Бұл не шу деп далаға шықсам, тұтасқан қара түтін мен шаңнан ештеңе көрінбейді. Кенет «Бәрің жерге жатып, көздеріңді жұмыңдар» деген айқайды естідім. Сосын жарқыраған сәуле пайда болды. Аспан қып-қызыл болып кетті де, қап-қара саңырауқұлақ тәрізді үлкен бірдеңе көрінді. Қарауға көз шыдамайды, – дейді Елеуғазы ата.
Ауылда қалған мал атаулы қырылып қалды. Ит-тауық, тіпті тышқанның жүні жидіп түсті. Келесі күні әскерилер келді. Бәрі скафандр киген. Елеуғазы Нұрғалиевтің айтуынша, олар ауылға оралған тұрғындар ештеңені байқамасын деп, малдың өлекселерін тез жинап алып кеткен. Тірі қалғандарын атып, бір шұңқырға көміп тастаған. Судың, ауаның, топырақтың сынамасын тексеруге алған. Мәскеуден келген дәрігерлер күзетке қалған жігіттердің қанын тексерген. Бір күн өткесін тұрғындардың үйлеріне оралуына рұқсат берілді.
– Жұрт «Мұндай жарылыс болатынын алдын ала неге ескертпедіңдер? Радиодан неге хабарланбады?» деп сұрап жатты. Ал әскерилер «байланысшы мас болды» деп сылтауратты. Бізді сынақ үшін пайдаланғандарын кейін түсіндік қой. Біздің ауылда кілең қазақтар тұратын. Құдды бізді арнайы құртқысы келгендей. Айғайлап, шулай бастап едік, бір генерал «кешіріңдер» деумен шектелді, – дейді Елеуғазы Нұрғалиев.
Ядролық сынақтан соң ол туған ауылында тұрып қалды.
«ДИАГНОЗЫМЫЗДЫ АЙТПАДЫ»
Кейіпкеріміздің айтуынша, ауылға айына бір рет жылжымалы медициналық пункттің дәрігерлері келіп тұрған. Тірі адамдарға жасалған экспериментке еріксіз қатысқан 42 адамның бәрінен қан алып, басқа да тексерулерден, рентгеннен өткізген. Олар тұрғындардың сұрақтарына жауап қатпастан, адамдардың денсаулығын үн-түнсіз тексеріп кететін. Жылына бір рет шетелден дәрігерлер мен әскерилер келетін. Германия мен Қытайдан да дәрігерлер келді. Олар әлдебір дәрі-дәрмектер мен жақпа майлар әкеліп, тексеріп болған соң курортқа барып емделуге кеңес беретін.
– Біраз уақыт өткесін ядролық жарылысты көзі көргендер шетімізден ауыра бастадық. Шалдыққан дертіміз әртүрлі болды, бірақ диагнозымызды айтпайды. Кейбіреулері жанарынан айырылып, өле бастады. Себебін тағы айтпайды. Неден келген нәубет екенін ішіміз сезетін. Арнайы есепке алып, жылына бір рет қан құйып, тексеріп тұрды. Адамдардың әртүрлі қатерлі ісікке шалдыққаны тек көп жылдан кейін ғана белгілі болды, – дейді Елеуғазы Нұрғалиев.
Ол кісі халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен анықтаманы 1998 жылы ғана алған. Анықтамада «еңбекке жарамсыз, үнемі күтім керек» деп жазылған. Сарапшылардың ұйғарымы бойынша, оның дерті Семей полигонындағы ядролық сынақтардың кесірінен пайда болған. Диагнозы – тері рагі, қышыманың созылмалы түрі. Сонымен бірге көзі мен құлағы да нашарлаған. Елеуғазы Нұрғалиев – бірінші топ мүгедегі. Оған мүгедектік мерзімсіз уақытқа берілген.
8 БАЛА, 17 НЕМЕРЕ, 7 ШӨБЕРЕ
Денсаулығының жыл санап нашарлап бара жатқанына қарамастан, Елеуғазы Нұрғалиевке балалы-шағалы болу бақыты бұйырды. Алайда шаңырағында біразға дейін бала болмай, туғандары шетінеп кетіп отырған. «Зиянды әдеттерді тастап, тәңірге деген сенімнің арқасында ғұмырым ұзақ болды» дейді ол. Ақсақалдың сегіз баласы, 17 немересі, жеті шөбересі бар. Жұбайы 65 жасында қайтыс болыпты. Ұрпақтары «залалды ауылдағы тұрмыс анамыздың денсаулығын құртты» дейді.
– Ауылға Германиядан келген бір дәрігер «ядролық жарылыс кесірінен пайда болған бүкіл ауру-сырқауың, генетикалық ауытқуларың кейінгі ұрпақтарыңа беріледі» деген еді. Айтқаны рас болып шықты. Балаларымның бәрі ауру. Немере-шөберелерім әлі жас қой, бірақ олардың да денсаулығына алаңдаймын. Көресіні көріп, азабын тартқан мен – төрімнен көрім жуық адаммын. Тек балаларымды аяймын. Мемлекет көмектессе қайтеді. Жалғыз тілегім сол, – дейді Азаттық тілшісімен әңгімелескен Елеуғазы Нұрғалиев.
Шығыс Қазақстан облысында тұрған кезде Елеуғазы Нұрғалиев ядролық сынақтан зардап шеккені үшін ай сайын төрт мың теңгеден сәл көбірек өтемақы алатын. Кейін ауылдағы күн көріс қиындап кеткен соң бүкіл отбасы Теміртау қаласына көшкен. Теміртауға келген ақсақал сол мардымсыз тиын-тебеннен де қағылыпты. Қазір ол мүгедектігі үшін 50 мың теңге шамасында зейнетақы ғана алады.
«МЕМЛЕКЕТТЕН ӘЛІ КӨМЕК КҮТЕДІ»
Елеуғазы Нұрғалиев Теміртауда баспана кезегінде ұзақ жыл тұрған. Былтыр әкімдік оған бір бөлмелі қираған шағын пәтер бөліпті. Пәтерді бірінші топ мүгедегі ретінде алған. Әзер қимылдайтын, көзі дұрыс көрмейтін ақсақалға үнемі күтім қажет болғандықтан ортаншы ұлы ол кісіні қолына алыпты.
Ақсақалдың әр күні бір-бірінен аумайды – күндіз немере-шөберелерімен шүйіркелеседі, сериал көреді. Кешкісін жылы суға шомылып, бүкіл денесін маймен сылайды. Әйтпесе терісі шыт-шыт болып жарылып кетеді. «Бір жаққанда майдың бір құтысы тұтас кетеді» дейді ол. Ядролық жарылыстан күйіп кеткен терісі жан шыдатпай дуылдап қышиды, кейде қанын шығарып қасып тастайтын күндері болады екен.
Елеуғазы ақсақал далаға шықпайды. Күн көзіне шығуға болмайды. Балалары «Сәл де болса бой жазсын, қимылдасын» деп, қартты кейде бесінші қабаттан бірінші қабатқа түсіреді. Бойындағы жартысы құйылмалы қан денесін жылытпағандықтан, үнемі тоңып отырады.
– Өкімет тым болмаса әкемнің денсаулығына демеу болатын витамин жағынан көмектессе ғой. Ол денсаулығынан еркінен тыс айырылды емес пе. Бірақ мемлекеттен ешқандай көмек жоқ. Жасырақ кезінде, совет заманында санаторийға барып емделіп келетін. Енді ондай ештеңе жоқ, – дейді Елеуғазы ақсақалдың ортаншы ұлы Берікбол Нұрғалиев.
Ақсақалдың балалары «әкеміз мемлекетке өкпелі болғанымен, үмітін үзбей әлі де көмек күтеді» дейді.