Қазақстанда жұмыс күші артық оңтүстік өңірден елдің солтүстігіне мемлекеттік бағдарлама бойынша көшіп барғандар жаңа қоныста қиындыққа тап болғанын айтады. Мемлекеттік органдар оңтүстікте жүргізілген үгіт-насихат кезінде «солтүстікке көшіп барғандарға жұмыс пен баспанадан көмек көрсетіледі» деген. Бірақ кейбір қоныс аударушылар әлі күнге уәделі баспана пен жұмысқа қол жеткізе алмай отырғандарына шағым айтады.