ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитетінің басшысы Изабел Сантуш Мадридте қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовтің бұрынғы оққағары Александр Павловпен кездесті.
"ҚАЗАҚСТАНДА ПАВЛОВТЫ АЗАПТАУЫ МҮМКІН"
ЕҚЫҰ таратқан ресми ақпаратқа қарағанда, Изабел Сантуш Павловпен желтоқсанның 30-ы күні кездесіп, оның Қазақстанға экстрадициялануы мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірген.
Сантуштың айтуынша, Павловтың жағдайы жақсы. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.
"Александр Павлов Қазақстанға экстрадицияланса, оны мойындату кезінде фундаменталдық құқықтары бұзылатынына алаңдаймын. Барлық мемлекеттер, оның ішінде Испания да бар, Павлов экстрадицияланған жағдайда оның азапталмайтынына және Интерполды теріс мақсатта пайдалану құрбанына айналмауына мән беруі тиіс" дейді Сантуш.
Изабел Сантуш Мадридте Павловпен кездесуді бұған дейін де сұраған. Бірақ оған кездесуге рұқсат етілмеген.
Мұхтар Әблязовтің бұрынғы оққағары Александр Павлов биыл сәуір айында Қазақстанның сұрауы бойынша Интерпол санкциясымен Испанияда ұсталды. Қазақстан билігі оған "қаржылық алаяқтық" және "терроризм" бойынша айыптар таққан. Шілденің 22-сі күні Мадрид соты Павловты экстрадициялау туралы шешім шығарды. Қарашаның 18-і күні Испания жоғарғы соты Павловты экстрадициялауды мақұлдады. Оны экстрадициялау туралы соңғы шешімді Испания министрлер кеңесі шығарады.
Павловтың адвокаттары Қазақстан билігін "оны Әблязовпен байланысы болғаны үшін қудалап отыр" деп айыптап, Испания жоғарғы сотының үстінен Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына шағым түсірген. Құқық қорғаушылар Павлов Қазақстанға қайтарылған жағдайда "азапталуы немесе әділетсіз сотталуы мүмкін" деп қауіптенеді.
Павловпен кездескен Сантуш оның ісін қадағалайтынын және Еуропа сотының оған қатысты әділ шешім шығаратынына сенімді екенін айтады. "Бұл мәселеге байланысты испаниялық әріптестеріммен де тығыз байланыс орнатамын. ЕҚЫҰ-ға мүше бірқатар елдерде заңның үстемдік құра алмай отырғанына қынжыламын. Бұған Павловтың ісі және басқа да жағдайлар дәлел болады" дейді.
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясындағы Испания делегациясы өкілі Игнасио Санчес Амор бірнеше депутаттың Павлов ісіне қатысты Испания үкіметінің жоғары шенді өкілдерімен кездесіп, оның адвокаттарымен байланыс ұстап отырғанын айтады.
Игнасио Санчос бұған қоса, депутаттар Испания әділет министрлігіне Павловты экстрадицияламауды сұрап хат жолдағанын да хабарлады.
ӘБЛЯЗОВТЫҢ ӘЙЕЛІ МЕН "АДАМДАРЫН" ҚУДАЛАУ
Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен кәмелетке толмаған қызы Қазақстанға биыл маусым айының басында әкелінді. Депортацияның алдында оларды Италия полициясы арнайы операция жүргізіп тұтқындаған. Кейінірек Италия үкіметі бұл депортацияның заңсыз екенін мәлімдеп, оқиғаға байланысты Италия ішкі істер министрлігінің шенеунігі кінәсін мойындап, жұмысынан босатылды. Шалабаеваның депортациясы туралы іс Италия парламентінде қаралып, бұл оқиға Италия ішкі істер министріне сенімсіздік жариялау тәралы мәселе қозғауға түрткі болды.
24 желтоқсанда Қазақстан құқық орындары Алма Шалабаеваға ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ұстау шартын өзгертіп, шетелге шығуына рұқсат берген соң, ол және Әблязовтың кәмелет жасқа толмаған қызы Италияға оралды.
"Әблязовтың адамдарын" Еуропада қудалау жалғасып жатыр. Мұхтар Әблязовпен іскерлік байланысы үшін Чехия банкир Татьяна Параскевичті Украина немесе Ресейге экстрадициялауы мүмкін. Ол Әблязовпен байланысты «Еуразия» инвестициялық-өнеркәсіптік топ» компаниясының қаржы-есеп басқармасын басқарған. Ресей мен Украинада Татьяна Параскевичті «Мұхтар Әблязовтың «қылмыстық тобымен» сыбайласып, қазақстандық «БТА банкінен» миллиондаған долларды жымқырған» деп айыптайды. Татьяна Параскевич 2012 жылдың мамыр айында Чехияның Карловы Вары қаласында тұтқындалды.
Ал маусым айында Қазақстан билігінің сұрауы бойынша Польшада Мұратбек Кетебаев ұсталып, кейін «қамауға негіз жоқ» деп босатылды. Ол да Әблязовтың жақын серігі қатарында аталады.
Параскевич, Павлов және Кетебаевтың істерін еуропалық құқық қорғаушылар Қазақстан, Украина және Ресей сияқты елдердегі режимнің саяси қарсыластарын қуғындау мысалдары ретінде атайды.
Бұрынғы банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынайтын Мұхтар Әблязовты Қазақстан үкіметі "экономикалық қылмыстар жасады, 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды" деп айыптайды. 2013 жылы маусымның 31-і күні Францияның Муан-Сарту қаласында ұсталған Әблязов қазір сол елде қамауда отыр. Қазақстан, Ресей және Украина оны Франциядан экстрадициялауды сұраған.
Мұхтар Әблязов өзіне қарсы қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеп келеді.