Бұл ақпарат Ішкі істер министрлігі тарапынан Азаттық радиосының сайтында осы жылдың 30 наурызында жарық көрген «Екі жылдан кейін ІІМ-нің жүйесінде журналист Омаршанованың жоғалуына қатысты істің өзі де жоғалып кетті» деген мақаладан кейін, көп ұзамай жарияланып отыр.
Ішкі істер министрлігі криминалдық полицияның басшысы Сұлтан Құсетовтің айтуынша, арнайы топ үстіміздегі жылдың 4 сәуірінде Алматы облысы Фабричный елдімекенінің аумағында «кәнігі ұры» (вор в законе) Серік Жаманаевты ұстаған. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Ұсталған кезде оның қалтасынан есірткі табылған.
– Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Серік Жаманаевтан екі грамға жуық героин тәркіленіп, өзі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сондай-ақ криминалды полиция қызметкерлері оның журналист Оралғайша Омаршанованы өлтіруге қатысы болуы мүмкін деген жорамалды тексеріп жатыр. Бұл журналист туралы сіздер үнемі сұрап жүресіздер, - деді Сұлтан Құсетов.
Криминалдық полиция басшысының мәліметіне қарағанда, үнемі ішкі істер департаментінің қадағалауында болған Серік Жаманаев журналист Оралғайша Омаршанова хабар-ошарсыз кеткеннен кейін, бірден ізін жасырып, көзден таса болған.
Ішкі істер министрлігі берген деректерге сүйенсек, Серік Жаманаев 1995 жылы Ресейдің Сочи қаласында қылмыс әлемінің беделді тұлғасы - «кәнігі ұры» (вор в законе) титулына ие болған.
Журналист Оралғайша Омаршанованың жоғалуына қатысты тергеу барысында Ішкі істер министрлігі бір ғана күдіктінің ізіне түскендігін айтып келген еді. Ол осы тұтқындалған – «Серік Голова» деген атпен қылмыс әлеміне танылған адам.
Тергеушілер Оралғайшаның жоғалуы журналистің кәсіби қызметімен байланысты емес, оның «Серік Головамен» өзара қарым-қатынасы себепкер болуы мүмкін деген болжамды да алға тартқан болатын. Тергеу ісінде, соңғы рет журналистің «Серік Голованың» автокөлігіне отырғанын көргендер бар деп айтылады.
Журналист Оралғайша Омаршанова қазіргі уақытта жабылып қалған «Закон и правосудие» газетінде сыбайласқан жемқорлық тақырыбына зерттеу мақалалар жазып жүрген. Оның соңғы жазғандары «Қазахмыс» корпорациясы маңайындағы коррупция жайында және Алматы облысындағы әйгілі Маловодное оқиғасына байланысты сол жерге барып, дайындаған репортаждары болған.
Оралғайша Омаршанова 2007 жылғы наурыз айында жоғалып кетті. Оның хабар-ошарсыз кетуінің бір себебі кәсіби жұмысымен байланысты деген де болжам бар.