Кеше, наурыздың 1-інде Қазақстанда сот тақырыбына жазылған үздік очеркке байқау жарияланды. Осы мақсатта сот өкілдері «журналистерді қызықтырған сот істерінің мұрағатына жол ашпақшы». Байқауды Қазақстан судьяларының одағы, Журналистер одағы мен сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» халықаралық қоры ұйымдастырып отыр.
– Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұған дейін соттар, әлдебір сот ісіне қатысты жан-жақты мақала жазу кезінде өз материалдарын бермей келді. Заң бойынша, соттың шешімі тек сот ісіне қатысушыларға ғана, соттасқан екі жаққа ғана беріледі. Меніңше бұл дұрыс емес. Сондықтан бұл байқау осы жағдайды жақсартудағы алғашқы қадам. Бұл тәжірибе – журналистердің ақпарат алудағы жұмысын жеңілдетеді деген үміттемін, – дейді «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калеева.
Байқауға сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топтар, кісі өлтіру, тұрмыстық қылмыс, нашақорлық және азаматтық-құқықтық даулар сияқты тақырыптар бойынша жазылған очерктер қатыстырылады.
Қазақстан судьялар одағының төрағасы Владимир Борисовтың мәлімдеуінше, байқау «журналистер мен сот арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен сот процестерінің ашықтығына септігін тигізбек. Осы үшін біз сіздердің белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз», - дейді Владимир Борисов. Алайда бұл көпшіліктің назарына ілінген, даулы істерге қатысты емес секілді.
– Егер журналист таңдаған сот ісі «мемлекеттік құпия» болып табылса және ол жабық есік жағдайында өтсе, онда мен сіздерге еш көмектесе алмаймын. Ал басқа істердің құжаттарын беруге дайынбыз, – деді Қазақстан судьялар одағының төрағасы.
Азаттық тілшісінің «Қазір қоғамда көп дау тудырған Жәкішев, не болмаса Есіргепов істері «мемлекеттік құпияға» жатса, Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімінде ешқандай мемлекеттің құпия жоқ емес пе? Бұл іске қатысты құжаттарға қол жеткізу мүмкін бе?» деген сұрағына:
– Дәл қазір мен ешнәрсе айта алмаймын. Сіздер алдымен өздеріңізді қызықтыратын сот істеріне қатысты өтініш жасаңыздар. Содан кейін жеке-жеке талқылаймыз, – деді Қазақстан судьялар одағының төрағасы Владимир Борисов.
Күшіне енген сот шешімдерінің материалдарымен танысқысы келетін журналистер сәуірдің 1-іне дейін «Әділ сөз» қорына таңдаған тақырып бойынша өтініш берулері тиіс. Материалдар маусымның 10-ына дейін жариялануы керек. Жеңімпаздар маусымның 27-сінде – Қазақстан журналистикасының күні марапатталады.