Қарашаның 16-сы күні Жаңаөзенге барған республикалық басылымдардың редакторлары былтырғы оқиғада жараланғандар ресми мәліметтегіден көп екенін, қаралы отбасылардың тұрмысы қиын екенін біліп қайтты.
Сапарды «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамы ұйымдастырды. Жаңаөзенге барған журналистер арасында Азаттық тілшісі де болды.
Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» компаниясының офисінде журналистерге мұнайшылардың арнайы киімін кигізіп, Жаңаөзен оқиғасынан кейін құрылған жаңа мекемеге - «Бұрғылау жұмыстары басқармасына» алып келді.
«ЕЛ ӘЛІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТЫНАН АРЫЛА ҚОЙҒАН ЖОҚ»
Бірақ «Қазмұнайгаздың» қызыл костюмдері мен каскасын киген журналистерге мұнайшылар жылы қабақ танытқан жоқ.
- Сіздер мұнайшы емессіздер, неге «Қазмұнайгаздың» киімін киіп алғансыздар? Мен сіздерден журналист емес, арандатушыларды көріп тұрмын, - деп айғайлады орта жастағы ер адам.
Ол мұнайшылар киімін шешуді, өз сөзімен айтқанда «маскировканы» доғаруды талап етті. Аты-жөнін де жасырған жоқ.
- Мен трубаларды тасып, жеткізіп берумен айналысатын қарапайым мұнайшымын. Аты-жөнім - Арыстанғали Жарылқапов, - деді ол кісі.
Мекеме кәсіподағы төрағасы Оразбай Тұрсынбайдың түсіндіруінше, мұнайшылардың журналистерге бұлай қатты сөйлеуі - «өткен жылғы желтоқсанның зардаптары».
- Жағдайды көрдіңіздер ғой. Ел әлі психикалық жарақатынан арыла қойған жоқ. Арамызда сенбестік пен үрей бар, - деді ол журналистерге.
Компанияның әлеуметтік саясат және стратегиялық коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры Ербол Исмаиловтың айтуынша, «мұнайшыларды реабилитациядан өткізуге баса көңіл бөлініп отырғанымен, кедергі болатын мәселе көп».
- Қазақ тілінде сөйлейтін психолог маман тапшы. Бар болғаны екі-үш маман-психолог қана мұнайшылармен жұмыс жүргізіп жатыр, - деді ол.
КӘСІПОДАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Журналистер «Өзенмұнайгазға» қарасты 16 мекеменің кәсіподағы төрағаларымен кездесті. Кәсіподақ төрағалары арасында «жұмысшылар арасындағы ахуалды бұрмалап сұрап отырсыздар» деп журналистерге ренжігендер де болды.
Бұрғылау мекемесі кәсіподағы жетекшісі Оразбай Тұрсынбай өз ұйымын «әділ әрі тәуелсіз кәсіподақ» деп атады.
- Мен ереуілдеген мұнайшының бірімін. Мені мұнайшылар өздері сайлады. Мәселені бірігіп шешеміз. Жұмыс берушімен ортақ мәмілеге келгенімізбен, биліктен тәуелсізбіз, - деп мәлімдеді ол.
Оның айтуынша, заңсыз ереуілге қатысты деген айыппен жұмыстан шығарылған жұмысшылардың бәрі жұмыспен қамтылған.
- Жұмысқа алынған ереуілдеген мұнайшылардың арасында өз қалаулары бойынша басқа мамандыққа ауысқандары да бар. Жаңа жұмыс жағдайына разы екенімізді жасырмаймыз, - дейді Тұрсынбай.
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы жұмысшылары кәсіподағы жетекшісі Наурыз Сақтағанов журналистерге Жаңаөзендегі ереуілдерге халық тұрмысының төмендеуі себеп болғанын еске алды. Оның айтуынша, «ереуілдер 1997 жылдан басталған». Содан бері 2000 жылға дейін «Өзенмұнайгаз» құрамындағы бірсыпыра мекемелер бөлшектеніп, серіктесіктерге айналған.
- Оларға қолында билігі барлар әйелдерін құрылтайшы қылып қойды. Ал жұмысшылар жалақысы өзгеріссіз қалғанымен, Астанада отырғандар бес есе көп ала бастады. Біз 40 сағат орнына аптасына 50 сағат жұмыс істеп, алты күндік жұмыс аптасына көштік, - деді Сақтағанов.
Осылайша халық наразылығы өсе түскен.
- 2009 жылғы ереуіл нәтижесінде жалақымызды 30 пайызға, 2010 жылғы ереуілден соң тағы 30 пайыз арттыруға қол жеткіздік. Ал 2011 жылғы талаптарымызды алдымен «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» мекемесінің бұрынғы басшысы Асқар Балжановқа да, Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевқа да айттық. Елемеді. Соңғы нәтижесін өздеріңіз білесіздер, - деді Наурыз Сақтағанов.
«Өзенмұнайгазда» 9 мың 700 мұнайшы бар. Компанияның барлық салалық мекемелерін қоса есептегенде 14 мың 500 жұмысшы еңбек етеді.
ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫНДА ЖАРАЛАНҒАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Компанияның әлеуметтік жобалар департаменті директоры Бақыт Иманғалиев «желтоқсан оқиғасынан кейінгі әлеуметтік көмек пен қолдау тәрізді мәселелерді компания өз мойынан алып отырғанын» мәлімдеді. Оның айтуынша, «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» мекемесінің департамент басшылары қаладағы үйлерді аралап, жараланғандарға қатысты өз есептерін жүргізе бастаған.
- Бізде ауыр жарақат алды деген 17 адамның тізімі бар. Соның жетеуіне жедел түрде хирургиялық жәрдем керек. Біз олардың шығындарын өз мойнымызға алып, Ресейдегі Қорған қаласына жөнелтуге дайындап отырмыз. Расын айту керек, жаралылар саны артып келеді. Олардың көбі ауруханаға келмегендіктен, белгісіз қалып қойған, - деді Бақыт Иманғалиев.
«Қазмұнайгаз» барлау өндіру» мекемесінің бас директоры Алик Айдарбаев «әлеуметтік ахуалды оңалту өнім өндірумен қатар қарастырылып отырған стратегиялық жоспар екенін» айтты.
- Әрине, алдымен қаза болғандар отбасы, содан соң жаралылар жағдайы ескеріледі. Мұнайшылардың да әлеуметтік сақтандырылуы назардан тыс қалмайды. Қазақстанда емдеуге болмайтындарды Ресейден бөлек, шетелге жіберу де қарастырылып отыр, - деді Айдарбаев.
ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР ТАЛАБЫ
Журналистермен кездесуге туыстарынан айырылған он шақты отбасы келді. Олардың айтуынша, «жергілікті билікке мамыр айынан бері қойылып келе жатқан талаптарының бірде-біреуі жүзеге аспай отыр».
- Біз осымен төртінші рет Маңғыстау облыстық әділет департаментіне «Жаңаөзен жәбірленушісі» қорын тіркеуден өткізуге өтініш жаздық. Әділет департаментінің бастығы Атығазиеваның қолы қойылған жауапта «жалға алған орыны жоқ», «бірлестік атауы орысша атымен сәйкес келмейді» деген тәрізді себептер айтылып, тіркеуден өткізбеді. Енді айтылған ескертпелерді іске асыру үшін тағы уақыт керек,- дейді азаматтық белсенді Әсел Нұрғазиева.
Ол - қаза болған жеті, жараланған екі адамның ресми қорғаушысы. Құқық қорғаушының айтуынша, олар адамдар қаза тапқан орынға ескерткіш тақта орнатып, желтоқсанның 9-ы күні жұрт болып құран бағыштауға рұқсат сұрап отыр. Ал желтоқсанның 16-сы күні ел болып алаңға жиналып, құран бағыштап, бір минут үнсіздік арқылы өлгендер рухына тағзым етуге де өтініш берген.
- Ақтау қалалық сотына құрбандар отбасына - 50 миллион, ал жаралыларға 20 миллион теңгеден өтемақы төлеуді сұрап арызданғанбыз. Оған да қолдау болған жоқ. Ал қаза тапқан немесе жараланғандардың отбасыларының тізімін жергілікті газетте жариялап, «тағы зардап шеккендер болса, хабарлассын» деп ақпарат беруді, адамдар хабарласатын бөлме мен телефон сұрағанымызға да жарты жылдан асты, - дейді Әсел Нұрғазиева.
ЖАРАЛАНҒАНДАР МЕН ҚАРАЛЫ ЖАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Жаралылар мен қаралы отбасылар журналистерден жергілікті билікке талаптарын орындатуға жәрдемдесуді сұрады.
Кездесуге келгендердің бірі - 20 жастағы Бекнұр Бисенов. Оған оқ көшеде кетіп бара жатқанда жүрек тұсынан тиген.
- Дәрігерлер оқтың 800 метр шамасында атылғанын айтты, «оқ кеуде етін тесіп өткен» деді. Бірақ оқтың кірген жері бар да, шыққан жері жоқ. Содан ба - сол қолым істемей қалды, - деді ол.
Ал Төрехан Тұрғанбаев есімді азамат - екі қыз, бір ұлдың әкесі. Оның 27 жастағы жалғыз ұлы Аманбек Тұрғанбаевтың маңдайына тиген оқ желкесінен шыққан.
- Менің балам «Өзенмұнайгаз» құрамындағы «УОС-1» мекемесінің машинисі болды. Ереуілге қатысқан жоқ. Сол күні ол алаңға концерт көруге барды. Бойы ұзын балам мергеннің көзіне бірінші түссе керек. Бірақ өзегімді өртейтіні - оны атқан полицейге алты жыл берді, оған қанағаттанбаймыз, - деді марқұмның әкесі.
Ол жалғыз ұлынан қалған немересін қимайтынын, қолында қалған жас келіннің ұлының түтінін түтетіп отырғанын қалайтынын айтты.
- Немереме қарасам, көз жасымды тыя алмаймын. Мен қалай да үй мәселесін шешіп, келінімді жанымда ұстауым керек, - деді ол.
Ол өздерін не себепті Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің сотына қатыстырмағанын түсінбейтінін айтты.
- Біздің оған қоятын сауалымыз көп еді. Білетініміз - әкімнің рұқсатынсыз мұнда тұяқ қимылдамайды, ендеше бұйрық бергені де, атқаны да толық жазасын алуы керек, - деді Төрехан Тұрғанбаев.
Ал Аманжол Әбдешов есімді тұрғынның әйелі банкоматтан ақша алуға бара жатқан жерінде оққа ұшқан. Артында төрт баласы қалды.
- Ең аяныштысы - ол ер жеткен ұл-қыздарымен жатақхананың бір бөлмесін сағалап отыр. Түнімен кісі тасып күн көреді. Ал күндіз кейде үйінде ұйықтайтын орын таба алмайды, - деді Әсел Нұрғазиева.
Желтоқсанда мерт болған Атаберген Дүйсекеновтың әкесі Хасан Дүйсекенов жария етілген ақпараттарға қатысты өз есебін айтты.
- 220 тапанша, 29 автомат пайдаланылғаны айтылды. Сонда 220 тапаншаның әрқайсысында сегіз оқтан екі қатар - 16 оқ, яғни жалпы жиыны 3 мың 500-дің үстінде оқ болады. Ал 29 автоматта екі қатардан 30 оқ, яғни 60 оқ болады. Сонда 1 мың 500-дің үстінде оқ шығады. Әзірге оқ атты деген айыппен тек бес полицей сотталды, оның өзінде атылған оқтар адамдардың денесінде сақталғандықтан ғана. Баламды атқан полицейге алты жыл берді. Яғни ол адам 3-4 жылдан соң шығып кетеді деген сөз. Бұл қалай? Шетпеде поезды тоқтатып, үкімтке қарсы шықты дегендерге де алты жыл берді, адам өлтіргендерге де алты жыл берді. Менің сөзімді тыңдаған ешкім болған жоқ, - деді Хасан Дүйсекенов.
Хасан Дүйсекенов үкіметтен көмек сұрап отырмағанын да ескертті.
- Бізге көмектескісі келетіндер бар. Солардың қаржысы түсетін шот ашу үшін, тездеп қоғамдық бірлестікті тіркеуден өткізуіміз керек. Мәселен, жуырда Қаражанбас пен Қаламқастың жұмысшылары бір күндік еңбекақыларын аударғанын естідік. Оның қайда және қандай шотқа барып түскенін ешкім білмейді, - деді ол.
ӘКІМНІҢ УӘДЕСІ
Жаңаөзен қаласы әкімі Серікбай Тұрымовпен кездесу бір сағатқа созылды.
Әкім «Қаламқас, Қаражанбас кеніштері мұнайшыларының бөлген ақшасы туралы бірінші рет естіп тұрғанын» айтып, таң қалды. Оның айтуынша, «Жаңаөзен жәбірленушісі» қоғамдық бірлестігінің тіркеу құжаттары дұрыс болса, проблема болмауы тиіс».
Серікбай Тұрымовтың сөзіне сүйенсек, «бүгінгі жұмысқа зәру, зардап шеккен 16 отбасын жұмыспен қамту да - шешуге болатын мәселе».
- Мен әділет департаменті басшысын шақырайын, бәріміз бірге отырып сөйлесейік, бірлестікті тіркеудегі мәселені анықтайық. Жұмыссыз адамдар маған келсін, мен оларды мұнай саласына орнастырамын деп айта алмаймын, бірақ мемлекеттік мекемелерден орын табамын, - деді әкім.
Ал желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі орталық алаңға жұрт болып құран бағыштауға рұқсат бере алмайтынын айтты.
- Басқа сауалдың бәрін шешіп бере аламын, тек алаңға жиналып, айқайлап айтылатын шараның қажеті жоқ, - деді Тұрымов.
Әкім «қаралы жиында қалада дендеп тұрған баспана, миграция, жұмыссыздық деген тәрізді мәселелер қосылып кетуі мүмкін» деп қауіптенетінін айтты. Ал ескерткіш туралы:
- Ал адамдар қаза болған орынға ескерткіш тақта орнату үшін алдын ала сызба жасалып, мәдениет министрлігінен рұсқат алуымыз керек, - деді.
Әкімнің бұл сөзі журналистер наразылығын тудырды. Мәселен, қоғамдық белсенді Айдос Сарымның ойынша, «Шешім қабылдау - әкімнің өз қолында. Өйткені жол апатынан қаза болғандар орынына белгі қою үшін әлі күнге ешкім ешкімнен рұқсат сұраған емес».
Жаңаөзен қаласының атауын ауыстыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Серікбай Тұрымов қала атауының өзгеруін қолдайтынын тағы қайталады.
- Шалдарды емес, жасалған ұсынысты талқылауымыз керек. Халықтың ұсынысы, әрине, ескеріледі, - деді ол.

Ел әлі психикалық жарақатынан арыла қойған жоқ. Арамызда сенбестік пен үрей бар.

Расын айту керек, жаралылар саны артып келеді. Көбі ауруханаға келмегендіктен белгісіз қалып қойған.