Мүмкіндігі шектеулі жандарға мұндай фестивальдарға дайындалу қиын. Ал оны өткізу үшін ақша табу да оңай шаруа емес. Теміртаудағы фестиваль «Азаматтық бастамалар орталығы» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Бірі ән айтып, би билесе, енді бірі өлеңдерін оқыды. Жасаған қолөнер бұйымдары мен салған суреттерін әкелгендер де болды. Фестивальға келген тұрғындар мүгедектердің қолдан тоқып, тіккен қуыршақтарын, майлы бояу, акварельмен салған картиналарын, моншақпен кестелеп тіккен сувенирлерін тамашалап, кейбірін сатып алып жатты.
ЫММЕН САЛЫНҒАН ӘН
Құлағы естімейтін 21 жастағы Бауыржан Үйсіп – үшінші топ мүгедегі. Есту қабілетінен бала кезінде айырылған Бауыржан үнемі аппарат тағып жүреді. Қарағанды облысындағы Гагарин совхозынан жақында Теміртауға көшіп келген. Әпкесінің үйінде тұрып, құрылыста жұмыс істейді. Бос уақытында Теміртаудағы құлағы нашар еститіндерге арналған мәдениет үйіндегі үйірмеге қатысады.
Мәдениет үйінің әдіскерлерінің айтуынша, Бауыржан – өте қабілетті, музыка мен биге бейім, дарынды жігіт. «Өнер өмір сүруіме, рухани өсуіме көмектеседі» дейді Бауыржан.
Ол мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткізілетін «Өз үйіміз» қалалық көркемөнерпаздар фестиваліне биыл алғаш рет қатысыпты.
– Сахнаға шығып, көпшілік алдында өнер көрсеткенде бойымдағы қорқынышты өзімнің қабілетімді танытсам деген құштарлық жеңді, – дейді Бауыржан.
Осы фестивальға қатысу үшін ол «Немного слез твоих» әнін жаттап, оны ыммен орындап шықты. Оның өнері жиналған жұрттың көңілін босатты.
Дене қимылымен орындаған осы әнді Бауыржан екі жарым ай жаттапты. Мұндай дерті бар жандар үшін бұл – ұзақ, әрі ауыр процесс. Бірақ басқа қатысушыларға қарағанда біздің кейіпкеріміз өз нөмірін дайындауға аз уақыт жұмсаған. Құлағы естімейтін басқа мүгедектер фестивальда айтатын әндерін өткен жылдың қараша айынан жаттай бастаған.
Енді Бауыржан Үйсіп маусымның 29-ы күні Қарағандыда өтетін «Жан шығармашылығы» атты мүгедектердің облыстық фестиваліне дайындалып жүр.
ӘР ҚАТЫСУШЫҒА АҚШАЛАЙ ЖҮЛДЕ
«Өз үйіміз» фестивалінде Бауыржан сияқты ондаған адам өнер көрсетті. Фестивальге мылқау адамдар ғана емес, зағип жандар да, церебралды сал дертіне шалдыққандар да қатысты. Жас-кәрісі бар, барлығы 43 адам қатысқан фестивальде жеті жасар бала да, 70-тен асқан қария да болды.
Аяқтарымен сурет салатын Денис Хасановтың картиналары үлкен әсер қалдырды. «Қазақ соқырлар қоғамынан» келіп, өлеңдерін оқыған екі әйелдің де шығармашылығы жұрт көңілінен шықты.
– Мүмкіндігі шектеулі жандардың бәрін жинауға мүмкіндік беретін мұндай шаралар өте қажет. Олар осындай ортада өздерін қоғамға қажет сезінеді, әйтпесе көбінесе үйде отырады ғой, - дейді Теміртаудағы құлағы нашар еститіндерге арналған мәдениет үйінің әдіскері Ирина Базарбаева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын алдарынан фестивальді қаржыландыру проблемасы
шығады. Мұндай шараларды өткізуге мемлекеттік бюджеттен әдетте ақша бөлінбейді, ал демеуші табу қиындап барады.
Мүгедектерге арналған фестиваль биыл «Азаматтық бастамалар орталығы» ұйымы бөлген қаражатқа өткізілді. Сол ақшаның көмегімен сахнаны безендіріп, барлық қатысушыға сыйлық, мақтау қағазы және бір жарым мың теңге көлемінде ақшалай жүлде берілді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар «бұл қамқорлық ғаріп жандарды ынталандыра түсті» дейді.

Олар осындай ортада өздерін қоғамға қажет сезінеді, әйтпесе көбінесе үйде отырады.