Accessibility links

Мұнайшылар отбасыларын қолдау жөніндегі қоғамдық комитет құрылды


Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфи, «Жұмысшы интернационалы комитеті» халықаралық жұмысшы қозғалысының мүшесі Роберт Джойнс, Еуропа Парламентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Таня Немейр Маңғыстау мұнайшыларымен кездесті. Жаңаөзен, 17 шілде 2011
Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфи, «Жұмысшы интернационалы комитеті» халықаралық жұмысшы қозғалысының мүшесі Роберт Джойнс, Еуропа Парламентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Таня Немейр Маңғыстау мұнайшыларымен кездесті. Жаңаөзен, 17 шілде 2011

Екі айдан бері жалақы алмаған мұнайшылардың бала-шағалары қалай күн көрерін білмей отырғандарын айтады.


Өз құқығын талап етіп, ереуілге шыққан «Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшысы Жанар Сақтағанованы компания басшылығы мамырдың 31-і күні жұмыстан шығарып тастаған.

«БҰРЫН ТҮРКІМЕНСТАНҒА КҮЛЕТІНБІЗ...»

Содан бері жалақы алмаған, қарауында екі бала бар ана қазір мұнайшылардың аштық акциясына қосылудан басқа амал таппай отырғанын айтады.

– Жолдасымның қайтыс болғанына 17 жыл болды. Екі балам бар. Үлкені – 21 жаста; кішісі – 17-де, оқушы, 11-сыныпқа барады. Үлкені қаладағы Оразмағамбетов атындағы колледжді былтыр бітірген еді. Содан бері
Жаңаөзен қаласындағы әкімдік ғимараты жанындағы "Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшылар және олардың отбасылары. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл.

(«Өзенмұнайгаз») «әні-міне» деп, жұмысқа алмай жүр. Ал компания басшылығы отбасы жағдайыма қарамай жұмыстан шығарып тастады, – дейді Жанар Сақтағанова.

Оның айтуынша, ереуіл болып жатқан Маңғыстау өңірінде кез-келген мұнайшы отбасы үшін, басқаны айтпағанда, ертеңгі тамағының өзі мұң болып отыр.

«Ал халық ашығып, қиналып жатқанда елдегі «Хабар», «Қазақстан» сияқты орталық арналар күні-түні концерт беріп, ән айтудан қолдары босамайды» дейді күйінген ана.

– Олар өлең айтып, концерт беріп, мәз болып жатыр. Бұрын Түркіменстанға күлетінбіз, Түркіменбашысы күнде өлең айтқызып қойғанда. Қазір дәл сондай күйге өзіміз түстік, – деді Жанар Сақтағанова.

МҰНАЙШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ КОМИТЕТІ

Тамыздың 9-ы күні Алматыда бір топ азаматтық қоғам, шығармашылық топ өкілдері жиналып, мұнайшыларды қолдау жөніндегі қоғамдық комитеттің құрылғанын мәлімдеп, арнайы есепшот ашылғанын хабарлады.

Олар ел тұрғындарын мұнайшыларға көмек беруге шақырды.

«Өз құқығын қорғап, күрескен жұмыссыз мұнайшылардың балалары мектепке қалай бармақ? Ата-аналарының оқу құралдары мен киім-кешек алатын ақшалары жоқ. Арнайы ашылған есепшотқа түскен қаржылар, әркім әкеліп тапсырған бұйымдар, киімдер жағдайы мүшкіл отбасыларына таратып беріледі. Қол ұшын созыңыздар, көмектесіңіздер, ағайын!» делінген олар таратқан мәлімдемеде.

Бұл мәлімдемеге Мұхтар Шаханов, Герольд Бельгер, Ғаббас Қабышұлы. Софы Сматаев сияқты елге белгілі азаматтар қол қойған.

«Талмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айнұр Құрмановтың айтуынша, қазір ереуіл болып жатқан негізгі аймақтар – Қаражанбас, Жаңаөзенде мұнайшылардың кәмелетке толмаған
«Талмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айнұр Құрманов. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл.

балаларының тізімі жасалып жатыр. Бұл тізім толық жасалған соң қоғамдық комитетке келіп түседі.

Айнұр Құрмановтың айтуынша, мұнайшылардың отбасына көмек көптің бақылауымен ашық жүргізіледі.

– Ереуілдеген мұнайшылардың әйелдерінің бірінің атынан есепшот ашылды. Оны сол ереуіл белсенділерінің өздері ең бірінші кезекте, мұнайшылардың әйелдері қадағалайды, – деді Айнұр Құрманов тамыздың 9-ы күні жиында.

Есепшотқа түскен ақша туралы мәліметтер ортақ электронды поштаға жіберіліп, сайтта жарияланып отырады.

Айнұр Құрмановтың айтуынша, қаржы жинау туралы хабарлама Ресей мен Еуропаға да таратылады, жуықта ақшалай емес көмек (азық-түлік, киім-кешек, т.б.) қабылдайтын пунктер де ашылмақ.

Тамыздың 9-ы күнгі жиынға қатысушылар ереуіл аймағында тек мұнайшылар ғана емес, олардың отбасы, бала-шағаларының да құқығы бұзылып жатқанын айтты. Әсіресе «еш кінәсіз балаларға ереуіл әсер етпейтіндей жағдай қарастырылуы қажет» десті.

«ЖАРЫЛЫС»

Ақын Темірхан Медетбектің айтуынша, «өкінішке қарай, үкімет халықтың қажығанын күтіп, теңсіздікке төзбеген ереуілшілердің наразылық шарасын спектакль көргендей тамашалап отыр». Оның пікірінше, билік
Қазақ ақыны Темірхан Медетбек. (Жеке мұрағаттағы сурет).

ереуілшілердің мәселесіне назар аударып, мұнайшылардың проблемасын тез арада шешіп беруі тиіс. «Әйтпесе, мәселе ұлғайып, тереңдеп, ақыр соңында жарылысқа айналуы мүмкін».

– Ол жарылыс бұрқ ете түскенде (ол ұзаққа да бармауы мүмкін) әзір мынау қымбатшылықтан әбден шаршап, шалдығып отырған бүкіл Қазақстан дүрлігіп, көтерілуі мүмкін. Ең қатерлісі – осы. Мен өз басым мұны қаламаймын. Ешкім де қаламайды, – дейді Темірхан Медетбек.

Ал суретші Қанат Ибрагимов өнер, мәдениет қайраткерлерін мұнайшылардың отбасын қолдауға шақырды.

– Суретшілердің, ақындардың арасында кімнің халық жағында екені, кімнің шынымен де елі үшін, ұлты үшін жүрегі ауыратыны осындай кезде анықталады, – дейді Қанат Ибрагимов.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG